Сайтқа кіру Тіркелу

Адамның тірі ағзалар жүйесінен алатын орны

Биология 8 - сынып

Тақырыбы: Адамның тірі ағзалар жүйесінен алатын орны
Мақсаты: Білімділігі – оқушыларды адамның тірі ағзалар жүйесінен алатын орны туралы білім беру. Тәрбиелілігі – оқушыларды бір - бірін сыйлауға, ақылдылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Дамытушылығы – адамның келешекке, ғылымға, адамзатқа пайдасы туралы көзқарастарын дамыту.
Көрнекілігі: сөзжұмбақ, биологиялық диктант
Сабақ беру әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру
Сабақ түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: география

Сабақ барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
2. Үй жұмысын тексеру
1. Гиппократтың анатомия мен физиологияның дамуына қосқан үлесі қандай?
2. И. М. Сеченовтың зерттеген саласы қандай, еңбектерін атаңдар.
3. Павловтың зерттеулері қай салада жүргізілген? Оған нобель сыйлығын не үшін берілді?
4. Анатиоия, физиология, гигиена ұғымдарына анықтама беріңдер?

3. Жаңа сабақ
Тірі ағзаларға тән – зат алмасу, тітіркену, өсу, даму т. б. қасиеттер адамда да бар. Бірақ адам басқа адам ағзалардан дене құрылысының күрделі дамуымен ерекшеленеді. Адамның басқа ағзалардан айырмашылығы - өзіне тән ақыл - ой, санасының болуы.

Оқулықпен жұмыс.
Сөйлемдердегі түсіп қалған сөздерді толықтырып жазыңдар:
а) Адамның басқа ағзалардан айырмашылығы өзіне тән -----------, --------------- болуы.
ә) Ұрығы аналығының арнайы мүшесі ------------ дамиды.
б) Табан сүйектері ---------- орналасқан.
в) Басбармақтары басқа саусақтарына ----------- орналасқан.
г) Терісінде көптеген -------------- бездері болады.
ғ) Саусақтарының ұшындағы тырнақтары үшкір емес ------------.
д) ---------------- бұлшықеттері жақсы дамыған.

Сөзжұмбақ шешу.
Оқушыларға сөзжұмбақтар таратып беріледі, орнында отырып шешеді, жауабын бірге талқылаймыз.

Биологиялық диктант.
Сөйлемдер Қажетті сөздер
1. Ұрығының даму барысында ----------- екі бүйірінде көптеген желбезек саңылаулары пайда болады. 2. Омыртқа жотасының ----------- бөлімі жойылған. 3. Миы үлкен әрі көлемді, -------- жақсы дамыған. 4. Денесінде ------- мүшелер сақталған. 5. Бір жұп ------ бездері бар. 6. Жатыр мен ұрықтың арасында ------- түзіледі. 7. қазіргі кездегі жер бетіндегі барлық адамдар бір ғана ------ түріне жатады.
А. Ми қыртысы
Ә. Қалдық
Б. Саналы адам
В. Сүт
Г. Құйрық
Ғ. Ұрықжолдасы
Ж. Жұтқыншақтың

4. Қорытындылау.
1. Адамды неліктен хордалылар типіне жатқызады?
2. Адам ұрығының дамуында қандай белгілер болады?
3. Адамның сүтқоректілерге тән белгілерді атаңдар?
4. 5. Үйге тапсырма. § 1 оқу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сүйектердің типтері және байланысу түрлері

Сүйектердің типтері және байланысу түрлері

Білімділігі: Қаңқадағы әрбір сүйектің өз орны мен маңызы болатын және әрбір сүйектің басқа сүйекпен ерекше байланысуын негіздеп, түсіндіру....
Адамның іс әрекеті - аса маңызды экологиялық фактор (күнделікті сабақ жоспа ...

Адамның іс әрекеті - аса маңызды экологиялық фактор (күнделікті сабақ жоспа ...

Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысты. Тірі ағзаларға тән көптеген қасиеттер адам ағзасына да тән. Адамның...
Тест. Кіріспе (биология 6 сынып)

Тест. Кіріспе (биология 6 сынып)

Тақырыптық тестер жинағы Биология 6 сынып...
Адам туралы ғылымдар (Биологиядан күнделікті сабақ жоспарлары)

Адам туралы ғылымдар (Биологиядан күнделікті сабақ жоспарлары)

Адам – табиғаттың құрамды бір бөлігі, тірі ағзалардың ұзақ уақыт тарихи дамуының жемісі. Көрнекті орыс ғалымы И. П. Павлов адамның табиғаттағы алатын...
Жасушаның құрылысы

Жасушаның құрылысы

Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Амангелді ауылы, Амангелді негізгі мектебінің химия - биология пәні мұғалімі Қуанышбаева Гүлзада Қамбарқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×