Сайтқа кіру Тіркелу

Баталар жинағы

Бата шығу тарихы

Бата – қазақ халқының ежелден келе жатқан рухани дәстүрлерінің бірі. Ол адамның өмір жолына сәттілік тілеу, ізгі ниет білдіру, ақ жол көрсету мақсатында беріледі. Батаның шығу тарихы тереңде жатыр және ол халқымыздың көшпелі өмір салтымен, діни сенімдерімен, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрімен тығыз байланысты.

Батаның шығу тегі
Ежелгі дәуір
Қазақ батасы көне түркі, сақ, ғұн дәуірлерінен бастау алады. Ол кезде батаны абыздар, жыраулар, ру басылары, көсемдер мен жорыққа аттанған сарбаздарға бата беретін ақсақалдар айтқан. Бұл дәстүр көшпенділердің әскери-рухани өмірінде маңызды рөл атқарған.

Ислам дінімен байланысы
Ислам діні қазақ даласына таралғаннан кейін бата беру дәстүрі діни сипатқа ие болды. Баталар көбінесе Алланың атын атап, дұға түрінде айтылатын болды. Мұсылмандық құндылықтар батаның мазмұнына ықпал етіп, оның өнегелік мағынасы тереңдей түсті.

Қазақ хандығы дәуірінде
Қазақ хандығы тұсында батаның рөлі арта түсті. Хандар, билер, батырлар жорыққа шығарда, үлкен істі бастарда халықтың ақсақалдарынан, билерінен бата алатын болған. Бұл – халықтың рухани қолдауының белгісі саналған.

Батаның түрлері
Жол батасы – алыс сапарға аттанарда беріледі.
Жорық батасы – жауынгерлерге, батырларға беріледі.
Құда түсу батасы – құдалық кезінде айтылады.
Шілдехана батасы – жаңа туған балаға арналады.
Той батасы – үйлену, мерекелік жиындарда айтылады.
Ас батасы – ас, құдайы тамақ кезінде беріледі.
Наурыз бата - Наурыз жыл басына беріледі.

Бүгінде бата беру дәстүрі қазақ халқының мәдениетінде маңызды орын алады. Ол халықтың ізгі тілегін, бір-біріне деген құрметін білдіреді.

Ұл балаға берілетін бата

Ақылшы бол, дана бол,
Адасқанға пана бол.
Өркенің өссін, өрісің кеңейсін,
Ат жалын тартып мініп,
Халқыңның қамын жегейсің.
Құдай тілеуіңді беріп, бағыңды ашсын,
Талабың көкке өрлей берсін!
Әумин!

Балаларға, жастарға бата

Абайдың басын берсін,
Жамбылдың жасын берсін,
Әміренің әнін берсін,
Сәкеннің сәнін берсін,
Құрманғазының күйін берсін,
Шараның биін берсін,
Қажымұқанның қайратын берсін,
Исатайдың айбатын берсін,
Мұхтардың атағын берсін,
Бауыржанның батырлығын берсін!
Әумин!
*** *** *** ***
Атаңның иықтысы бол,
Анаңның сүйкімдісі бол.
Халқыңа қадірі асқан
Мәртебесі биік кісі бол.

Ақ бата

Еліңнің қамын ойла деп,
Жеріңді жаудан қорға деп,
Ғұмырың ұзақ болсын деп,
Жуадай жауың солсын деп,
Әкең берген ақ бата
Басыңа қонсын бақ бата.

Қызығың сенің алда деп,
Қатарыңнан қалма деп,
Бетінен жанның алма деп,
Жаныңа жара салма деп,
Анаң берген ақ бата,
Басыңа қонсын бақ бата.

Құйрық бауыр жегізген,
Мың жылдық құда дегізген,
Астыңа жорға мінгізген,
Үстіңе шапан кигізген,
Құдаң берген ақ бата,
Басыңа қонсын бақ бата.

Қонақсыз үйің құрысын,
Үйіңе өзің ұрысың,
Қырықтың бірі қыдырың,
Бақ дәулетің ырысың,
Қонақ берген ақ бата,
Басыңа қонсын бақ бата.

Жеткіншекке бата

Өнері өрге өрлесін,
Құлашын кең сермесін.
Күш - қуаты кернесін,
Озат болып ерлесін!
Биіктерге төрлесін,
Қауіп - қатер төнбесін.
Жаманшылық көрмесін.
Бақыт жұлдызы сөнбесін.
Жас ұрпақ ғұмырлы болсын,
Ата - анаға мейірімді болсын.
Қуанышты, көңілді болсын,
Еңбегі өнімді болсын.
Сабырлы, төзімді болсын,
Ақылды, сезімді болсын.
Абыройлы, беделді болсын,
Алуан түрлі өнерлі болсын.
Табысы таудай келелі болсын.
Сөзі өткір, жүйелі болсын.
Халқының жанкүйері болсын!
Еліміздің қамқор тірегі болсын!
Ізгі тілегі қабыл болсын!
Әкесі, өзі, баласы, немересі,
Шөбересі, шөпшегі, немересі, туажаты,
Жұрағаты, жекжаты,
Аман болып, қой үстіне бозторғай
жұмыртқалайтын заман болып,
ұрпағымыз аман болып, өміріміз ұзақ болсын!
Әумин, Аллаһу әкбар!

Шілдехана арналған баталар

Нәрестенің бауы берік болсын,
Ата - анасына серік болсын.
Азамат болсын ер жетсін,
Ақсақал боп төрлетсін!

Азамат болсын көрікті,
Ғұмыры ұзын, берік - ті,
Қолғанаты көп болып,
Артынан ерте берсін серікті!

Азамат болсын ардақты,
Мінезі болсын салмақты,
Өнері болсын жан - жақты.
Осы айтқанның бәрі келіп,
Берсін Алла бақытты!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×