Сайтқа кіру Тіркелу

Асқабақтың сырлы әлемі

Зерттеу жұмысының бағыты:
Қоршаған әлем – экология, жан - жануар, өсімдік.
Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Асқабақтың сырлы әлемі»

Зерттеу жұмысына пікір
Зерттеу білім беру аймағында «Мен зерттеуге үйренемін» атты оқушыларды зерттеу әрекетіне үйрету, олардың зерттеушілік ізденіс білігімен дағдыларын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып отырған байқауға 4 – сынып оқушысы Тоқтаназар Ерасылдың тырнақалды бастауы «Асқабақтың сырлы әлемі» тақырыбындағы еңбегі жоғары деңгейде жазылған.
Жас зерттеуші өз жұмысының мақсатын және оған байланысты міндеттерін көрсете және аша білген. Бақша өсімдіктеріне қызыға қарайтын Ерасыл асқабақ туралы көптеген ақпараттар жинақтаған. Өзінің бақшасына еккен асқабағының да қалай өскеніні дейін анықтап, бақылап күнделік те жасаған. Жоба авторы жастығына қарамай көптеген деректерге сүйене отырып, материалдарды тиімді пайдаланған.
Бұл жұмысты атқаруды ата - анасы мен ұстазының еңбегі зор екендігі көрініп тұр.
Дегенмен осы еңбегін ары қарай жалғастырып толықтыра түсу керек. Біз осы салада талмай еңбек етіп жүрген ұстазына сенеміз.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Ахметжанов А. Е.

Аннотация
Бұл кітапшадан «Асқабақтың сырлы әлемі» оның қасиеті мен пайдасы туралы кең көлемде жинақталған деректермен танысасыздар. Асқабақтың өзі және оның түрлері мен дәнектерінің емдік қасиеттері жайлы мағлұматтар енгізілген.

Аннотация
В этой книге «Мир растительной тыквы» широко раскрывается его польза для человека и лечебные своиства. А так же рассказывается какие лечебные своиства имеет тыква и его семена.

Annotation.
In this book, “The Word of piabt pumpkin” is widely disclosed its use for human and medical properties.

Болжамы:
Асқабақтың қасиетін, биологиялық құрамын зерттей отырып, адам ағзасына пайдалы және емге қолдануға болатындығы.

Зерттеу кезеңдері:
- Зерттеу объектісі ретінде асқабақты бақшаға егіп, басқа да асқабақ егілген жерлерді анықтап, бақылау.
- Асқабақты өсіру, биологиялық құрамын зерттеу қасиетін анықтау.
- Материалдық ақпараттар жинақтау.

Зерттеу жұмысының әдістемесі:
Асқабақ туралы деректер жинақтау, өңдеу, суреттер жинақтау, сызбалар даярлау. Асқабақтың пайдасын зерттей отырып, біршама ауруларға, әсіресе оның дәнектерінің ішекқұрт ауруларына ем екенін, шипалық қасиеттерін анықтау.

Жұмыстың мақсаты:
Асқабақтың табиғи және биологиялық құрамын анықтай отырып, оның пайдалы жақтарына зерттеу жүргізу арқылы нәтижелерді практикалық қолдану, салаларын анықтау.

Міндеттері:
- Зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.
- Ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізу (ақпараттар жинау, деректер жинақтау, өңдеу, суреттер жинақтау, сызбалар даярлау, интернет материалдарын пайдалану.)
- Жұмыс нәтижесін шығару.

Алға қойған міндеттерді шешу әдістері:
- Бақылау жасаудың мақсатын анықтап алу.
- Қандай белгіге басты назар аудару керектігін дәлме – дәл белгілеп алу.
- Бақылау жасалатын объектінің белгілерін анықтап алу үшін салыстыру тәсілін пайдалана отырып, анықталған заттың негізгі белгілерін топтастыру, жоспарын жасау.

Кіріспе
Мектепке 1 - сыныпқа келгенімде әліппе, математика пәндерімен бірге дүниетану деген пәнді де оқи бастадық. Мені осы пән өзіне ерекше тарта бастады. Алғашқы сабақтардың бірінде апайымыз бізді далаға алып шығып, «бізді айнала қоршаған дүниенің бәрі «табиғат» деп аталады, адам да табиғаттың бір бөлігі, адам өзіне керектің бәрін табиғаттан алады. Табиғат тірі және өлі болып екіге бөлінеді,»- деп оларға нелер жататынын көрсете отырып түсіндірді. Мен сонда өсімдіктердің тірі табиғат екеніне сенбейтіндігімді олар шіріп, өліп қалатынын өзімше дәлелдеп, апайыма бой бермей қойғанмын. Үйге келген соң да анама айтып, анам да апайымның айтқанын айтып түсіндірсе де сенбей қойдым. Өйткені маған өз пікірім дұрыс болып тұрды. Бір күні сабаққа келе жатып анам екеуіміз мектепке тез жету үшін бір үйдің есігінің алдымен өттік. Бақшалары үлкен екен. Жапырақтары дәу - дәу, әртүрлі пішінде түйіндер жатыр. Өте көп.

Анамнан «қауын ба?» деп сұрадым, анам оның асқабақ екенін айтты. Мен асқабақ осылай өсе ме деп таң қалдым. Сабақта апайыма көргенімді айттым. Апайымнан асқабақтың бақша өсімдігі екенін, біздің ауылда сол үйдегі Ержан атаның жылда есігінің алдындағы жеріне асқабақ егетінін, күшті баптап өсіріп күзде өнімін мол етіп алатынын, қыста ауыл тұрғындары Ержан атадан асқабақты сатып алып жейтіндерін, оның бір дәнінен 7 - 8 асқабақ өнімі алынатынын естігенде қатты таң қалдым. Сыныптастарымның ішінде Нұрлы деген досым апайымның сөзін растады, ол Ержан ата асқабақтары піскен кезде көрші үйдің балаларын көмекке асқабақ жинауға шақыратынын, сосын бәріне көтере алатындай етіп асқабақ беретінін айтып қызықтырды. Мен сол кезден бастап қызыға бастадым. Үйге барған соң апама, әкеме бүгінгі көргенімді, естігенімді айтып едім, апам яғни өсімдіктер өседі, өнеді, көбейеді, жемісін береді олай болса ол тірі табиғатқа жататындығына көзімді жеткізді. Өйткені апам анаммен дауласқанымды естіген болатын. Ертесіне Ержан атаның есігінің алдынан өтіп бара жатып, суретке түсіріп алдық. Кішкентайымыздан қызыға көретін «Золушка» мультфильміндегі басқа көкөніс емес дәл асқабақтың каретаға айналатыны да бұл өсімдіктің сыры мол екендігін көрсетеді.
Өсімдіктің, соның ішінде асқабақтың мен білмейтін сыры көп екен. Осы тұрғыда мен «Асқабақтың сырлы әлемі» деген тақырыппен өзімнің апайыммен бірге зерттеу жұмысымды бастадым.

Зерттеу бөлімі.
Асқабақ бірнеше мың жылдар бойы өсіріліп келе жатқан өсімдік болып табылады екен. Асқабақтың жабайы түрі табиғатта кездеспейтіндігін білдім. Ол біздің заманымыздан 3000 жыл бұрын Мексикада мәдени дақыл ретінде өсіріле бастаған. Асқабақтың Қазақстанда 9 түрі таралыпты. Қазір кәдімгі асқабақ еліміздің барлық аумағында үш түрі: қатты қабықты, ірі жемісті және мускат өсіріледі екен.

Асқабақтың азықтық, дәрілік және техникалық мақсатта өсірілетіндігін түсіндім. Қатты қабықты асқабақ Орталық Америкалық таулы аудандарынан шыққан. Ол ылғалды топырақты көбірек қажет етеді, қатты қабықты асқабақтың сабағы өткір, қырлы, салалы, жеміс сабағы тікенді - түкті келеді. Асқабақтардың Алтайская, Мозолеевская, Бирючекутская, Миндальная, Столовая зимняя, Кашкарская, Палавкаду сияқты сорттары болады екен.

Асқабақтың денсаулыққа пайдасы:
Асқабақ әсіресе асқазаны ауыратындарға таптырмайтын дәрі екен. Сонымен бірге жүрегі әлсіздерге, түрлі аурудан жүдеп, шаршағандарға қуат беретін бірден - бір пайдалы ас. Асқабақтың ішіндегі жұмсақ жерін, яғни «етін» күйген денеге таңуға да болады екен. Интернеттен халық емі ретінде отқа, ыстық суға күйіп қалғандар үй жағдайында асқабақтың сары етін алып таңса күйіктің ыстығын алып тез жазылуға себеп болатынын оқыдым. Пікір білдіргендердің ішінде мұны дәрігерлер де мақұлдапты. Мың да бір ауруға дауа болатын асқабақтың пайдасын айтып тауысу мүмкін емес. Сонымен қатар ол:
асқабақ көру қабілеті нашарлағандарға, қан аздықтан жапа шегетіндерге көмек бере алады. Құрамындағы жасанды талшықтың арқасында артық салмақтан арылғысы келетіндер үшін де таптырмайтын ем.
Асқабақ ағзаны шлактан тазартып, зат алмасуды тұрақтандырады. Несеп - жыныс жүйесінің көптеген ауруларын емдеуге көмектеседі. Несеп айдаушы, қабынуға қарсы, өт айдағыш қасиеті бар және де паразиттерді жоятын қасиетке ие дейді.
Сонымен қатар, мал шаруашылығына пайдасы өте зор екен. Сиыр малының сүйіп жейтін азығы, асқабақты жем ретінде берсе сиыр малының сүті мол, майлы және де тәтті болады. Оның дәлелі ауылда апамның замандас досы Бейсен апа деген кісі Ержан атаның ғана үйінен сүт алып ішетінін, сиырларының сүті магазиннің «айналайын» деген сүтіндей екенін айтып отырғанын естідім.
Асқабақ майының пайдалы қасиеттері
Орта ғасырларда - ақ асқабақ тұқымдарының пайдалылығы оның мәйегінен кем емес екені мәлім болған, олардың құрамында 40% дейін аса пайдалы тағам майы бар екен. Асқабақ тұқымынан алынатын майдың емдік қасиеттерін құрметтегін соншалық, Австрияда (бұл елде асқабақ майын қолмен өндіру тарихы басталған), австриялық азаматтардың денсаулығы үшін аса пайдалы болатын асқабақ тұқымының майы тек қана дәрізат ретінде қолдану керек, сондықтан оны тек қана дәріхана дүңгіршектерінде сатуға болады деген арнайы жарлық шығарылыпты.. Сол баяғы кездерде осы өсімдік өнімінің қымбаттылығы туралы Еуропада асқабақ майының 200 грамдық бөтелкесінің құны « салмақты алтын жүзіктің бағасына тең болатын» деген факті айқын дәлелдейді.

Асқабақ майының ас қорыту жүйесіне әсері.
Асқабақ майы бұрыннан бері халық медицинасында бауыр мен өт қабының жұмысын жақсартатын құрал ретінде пайдаланылады. Өйткені асқабақ майының құрамына кіретін табиғи фосфолипидтер, қанықпаған май қышқылдарының, флавоноидтар, Т, А және Е дәрімендерінің кешені өт шығу үдерісін реттейді, бауыр құрылымын қалпына келтіреді де, оны май басудан қорғайды. Сондықтан, асқабақ майын жүйелі түрде тамаққа қолдану өт қабына тас байлану ауруы, бауырдың май дистрофиясы, вирустық гепатит сияқты ауруларда өте пайдалы болады.
Асқабақ майының құрамындағы пайдалы заттар
Асқабақ майы көптеген басқа астық майларынан аса бай минералды құрамымен ерекшеленеді, оның ішінде жетекші орынды мырыш, магний, кальций, фосфор, темір және селен алады.
Мырыш адам ағзасындағы көптеген үдерістерде маңызды рөл атқарады.
Магний де, мырыш сияқты, ағзамен инсулинді шығаруға қатысады, және де жүйке, бұлшық ет, жүрек - тамырлық және несеп шығару жүйелерінің қызметін реттейді. Ағзаға магнийдің жеткілікті түрде кіруі қуық безі ауруларының, бүйрекке тас байлану ауруының, атеросклероз бен қант диабетінің пайда болу тәуекелін төмендетеді.
Селен — темір қан ақуызы гемоглобиннің синтезінде маңызды рөл атқарады; кальций және фосфор сүйек және сіңір ұлпасының толыққұнды қалыптасуы мен жұмыс істеуі үшін қажетті. Май бактерицидтік және жараларды жазатын қасиеттері бар хлорофиллге өте бай көрінеді.

Жамбыл облысы
“Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
№28 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тоқтаназар Ерасыл Мейірбекұлы
Жетекшінің аты - жөні: Шағатаева Айнаш Тажихановна

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ең пайдалы азықтар жайлы

Ең пайдалы азықтар жайлы

Әлемдегі ең пайдалы азықтарды жариялап отырмыз, мұқият танысып шығып керегіңізді алыңыз!...
Қазақстандағы дәрілік өсімдіктер, соның ішінде өзіміздің өлкеде кездесетін  ...

Қазақстандағы дәрілік өсімдіктер, соның ішінде өзіміздің өлкеде кездесетін ...

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Игілік ауылы, Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп 4 сынып Пирназарова Дана Камалқызы Жетекші:...
Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеті

Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеті

Зерттеу мақсаты. Алоэ өсімдігін зерттей отырып емдік ерекшеліктерін тиімді пайдалану және насихаттау....
Асқабақтың дәрілік қасиеті

Асқабақтың дәрілік қасиеті

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Саға негізгі мектебінің 1 - сынып оқушысы Рахматуллина Анастасия Жетекшісі: саға негізгі мектебінің Мұғалімі м. Т....
Асқабақ және орамжапырақ тұқымдастары

Асқабақ және орамжапырақ тұқымдастары

Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, №2 Жалпы білім беретін орта мектебінің химия-биология пәнінің мұғалімі Бисенгалиева Асель...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×