Сайтқа кіру Тіркелу

Дауыссыз дыбыстардың түрлері

Дауыссыз дыбыстардың түрлері (аралас сабақ – 45 минут)
Қазақ тілі, 2 - сынып
«Көпір» тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары
І кезең Ұйымдастыру кезеңі
«Көпір» тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары
1. Дыбыс дегеніміз не?
Ж: дыбысты айтамыз және естиміз.
2. Дыбыстар неше топқа бөлінеді?
Ж: дыбыстар дауысты және дауыссыз дыбыстар болып екіге бөлінеді.
3. Дауыссыз дыбыстар қатарын жаз:
Ж:

Теориясы «Білу» (тақырып мазмұны бойынша кім? не? қандай? қалай? нені? қашан? не істеді? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек)
II кезең Жаңа сабақты меңгеру кезеңі
Теориясы «Білу» (тақырып мазмұны бойынша кім? не? қандай? қалай? нені? қашан? не істеді? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек) Бос орынға тиісті сөздерді жаз:
1. Дауысты дыбыстар ауыз қуысынан кедергіге ұшырамай айтылады.
2. Дауыссыз дыбыстар ауыз қуысынан кедергіге ұшырап айтылады.
3. Дауысты дыбыстар буын құрай алады.
4. Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды.
5. Дауысты дыбыстар айтылуына қарай екіге бөлінеді.
6. Дауыссыз дыбыстар айтылуына қарай үшке бөлінеді.

Теориясы « Түсіну» (неге? неліктен? себебі? не үшін? сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады)
Себебін анықта:
1. Дауыссыз дыбыстар неліктен буын құрай алмайды?
Ж: себебі, олар созылып айтылмайды.
2. б, в, г, ғ, д, ж, з дыбыстары неліктен дауысты дыбыс бола алмайды?
Ж: себебі, бұл дыбыстарды айтқанда ауа еркін шықпайды.
3. Тырна, қырғауыл, бүркіт, бөдене, сұңқар, шүрегей, тауық, сауысқан. Осы құстардың атаулары қай дыбыстан басталып тұр? Құстардың ішінде қайсысы артық? Неліктен?
Ж: құстардың атауларының барлығы дауыссыз дыбыстардан басталған. Тауық құсы артық. Себебі, тауық үй құсына жатады.
4. Хат, сатпақ, қыс сөздеріндегі дауыссыз дыбыстар дауыссыз дыбыстардың қай түріне жатады. Неліктен олай ойлайсың?
Ж: х, т, с, п, қ дыбыстары дауыссыз қатаң дыбыстарына жатады. Себебі, бұл дыбыстар қатаң айтылады.
5. р, л, и, н, ң. й. (у) дыбыстары неліктен үнді дауыссыз дыбыстар қатарына жатады?
Ж: себебі, бұл дыбыстар үн арқылы шығады.

Теориясы «Талдау»
Салыстыр
Айырмашылығы неде?
Ұқсастығы неде?
Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе та 1 - 3 тапсырмаларды
Венн диаграмасы арқылы қамтуға болады.
1 - 3) Венн диаграммасы арқылы салыстыр
Дауысты дыбыс – Ауыз қуысынан ауа кедергіге ұшырамай еркін айтылады
Ұқсастығы – Екеуі де дыбыс және әріп.
Дауыссыз дыбыс – Ауыз қуысынан ауа кедергіге ұшырап айтылады

4) Тақырыптың басты идеясы неде?
Дыбыстардың дауысты және дауыссыз болып айтылуында
Теориясы «Жинақтау» (Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с. с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады)
1. Дауыссыз дыбыстарды түріне қарай ажыратып жаз:
Дауыссыз дыбыстар

Қатаң, ұяң, үнді

Практикасы: «Қолдану» (оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады)
1. Үнді дауыссыз дыбыстары бар әйнекшені көк, ал ұяң дауыссыз дыбыстары бар әйнекшені жасыл түспен, қатаң дауыссызы бар әйнекшені қоңыр түспен боя:

Практикасы
«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жағарыдағы алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады.
1. Дөңгелектер ішінде орналасқан буындардан сөз құрастыруға болады деп ойлайсың ба?
Ж: тоқылдақ, бөдене, шағала.

Теориясы: «Білу» (тақырып мазмұны бойынша кім? не? қандай? қалай? нені? қашан? не істеді? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпараттар іріктелініп II кезеңдегіге қарағанда керісінше қойылады)
1. Үнді дауыссыз дыбыстарды жаз:
Ж: р, л, м, н, ң, й,(у)
2. Суреттегі зат атаулары қалай дыбыстайды? Үнді дауыссыз дыбыстан басталатын сөздерді қоршап сыз:
Ж: мөңірейді
маңырайды
кісінейді

3. Өлеңдегі кездесетін үнді дауыссыз дыбыстарды теріп жаз:
Әкем менің - қауыншы,
Апам менің - сауыншы.
Ағам менің - егінші,
Жеңгем менің - тігінші.
Ж: м, н, ң, у.

Практикасы «Қолдану»
(II кезеңдегіге қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады)
1. Әр дауыссыз дыбыстар тобын тиісті қалташаға орналастыр:
Қатаң: Қ, к, п, ф, с, т, х, ц, ш, щ, ч, һ
Ұяң: Б, в, г, ғ, д, ж, з
Үнді: Р, л, м, н, ң, й,(у)

Теориясы « Түсіну» (неге? неліктен? себебі? не үшін? сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады) 1. Жаңылтпаштан ұяң дауыссыз дыбыстарды тап:
Былтыр бүлдірді,
Бұл жылы бүлдірді,
Бүлдіргіштігін білдірді.
Ж: б, д, ж, г

2. Суреттегі заттарды ата және қанша дыбыс болса, сонша торкөз сыз:
а в т о б у с
ж ы л а н

3. Жылан сөзіне дыбыстық талдау жаса:
Жылан - 5 әріп, 5 дыбыс, 2 буын
ж - дауыссыз, ұяң
ы - дауысты, жуан
л - дауыссыз, үнді
а - дауысты, жуан
н - дауыссыз, үнді

Теориясы «Талдау»
Салыстыр
Айырмашылығы неде?
Ұқсастығы неде?
Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе та 1 - 3 тапсырмаларды
Венн диаграмасы арқылы қамтуға болады.
1. Дауыссыз дыбыстарды Венн диаграммасы арқылы салыстыр:
Қатаң дыбыс қатаң айтылады
Үшеуі де дауыссыз дыбыстар
Ұяң дыбыс ұяң айтылады
үнді дыбыс үн арқылы айтылады

Практикасы «Қолдану»
(II кезеңдегіге қарапайым тапсырмалардыңөзгертілген нұсқасы орындалады
1. Қатаң, ұяң, үнді дауыссыз дыбыстардан басталатын сөздерді ретімен жазып, кестені толтыр:
Берілген сөздер: жапалақ, бүркіт, қаршыға, сексеуіл, маржан, лай, рұқсат, хабар.
Қатаң дауыссыздан басталатын сөздер: қаршыға, сексеуіл, хабар.
Ұяң дауыссыздан басталатын сөздер: жапалақ, бүркіт.
Үнді дауыссыздан басталатын сөздер: маржан, лай, рұқсат.

Теориясы «Жинақтау» (Қорытынды шығаруға бағытталған: мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба, ребус шеш деген сөздер тапсырма шартында болу керек ) 1. Жаңылтпаштан қатаң дауыссыз дыбыстарды теріп жаз:
Қара сиыр ала сиырды жалап тұр,
Ала сиыр қара сиырға қарап тұр.
Ж: қ, с, т, п
2. Құрамында қатаң дауыссыз дыбыстары бар сөздер қатарын құрастыр:
Ж: көлік - кітап - парақ - қабық - қасық - қарлығаш - шабыс - сағат - табақ.

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Ибрагим Бегімхан Керімханұлы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×