Пән аты: қазақ тілі 3 «Б» сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем түрлерін бір - біріне айналдыру.
Сабақтың мақсаты:
Күтілетін нәтиже:
Білу: Сөйлем және оның түрлері мен тыныс белгілерін еске түсіреді.
Мағыналық түрлерінің жасалу ерекшелігін біледі.
Түсіну: Сөйлемнің мағыналық түрлерінің бір - біріне ауыстырудағы грамматикалық ерекшеліктерін түсінеді.
Қолдану: Сөйлемнің мағыналық түрлерінің грамматикалық ерекшелігін ескеріп, сөйлемдерді өзгертеді.
Талдау. Сөйлемнің мағыналық түрлеріндегі ерекшелікті салыстырады.
Жинақтау: Сөйлемнің мағыналық түрлерін қолдану тілдік қолданыс құралы екенін түйіндейді.
Бағалау: Тапсырмалар деңгейі бойынша орындалады.
Сабақ құрылымы:
I. Ақпарат блогы
II. Логикалық тапсырмалар блогы.
III. Жаттықтыру және білімді еске алу блогы
IV. Интеллектуалдық тренинг блогы
V. Күтілетін нәтиже блогы
Оқыту әдісі:
Оқу іс - әрекетінің ұйымдастыру формасы
Танымдық тапсырмалар:
Оқушының іс - әрекетін ұйымдастыру:
Оқушыда дағды қалыптастыру:
Негізгі ұғымдар мен терминдер
Ақпарат көздері:
1. Интерактивті тақта
2. Компьютер
Сабақтың бағалауы:
Үйге тапсырма:
Сабақтың жоспары:
Сабақ блоктары
I. Ақпарат блогы
1. Сөйлем, сөйлемнің түрлері, оның ерекшелігі;
2. Сөйлемдердің түрлерін өз ара ауыстыруда қолданатын ережелер;
3. Сөйлем түрлерінің қолданыстағы маңызы;
Ақпараттық блог: слайдтар
Білу:
1. 1 – Слайд Сөйлем деген не?
1. 2 - Слайд Сөйлем түрлері
1. 3 – Слайд Сөйлем түрлерінің ерекшелігі
1. Жанар мектепке келді.
2. Әкем қаладан келді ме?
3. Жапырақтар қандай әдемі болып сарғайған!
_______ Тыныс белгі _______ Интоннация
_________ Жасалу жолы
2. 1 Сөйлемдерді өз ара ауыстыру ережесі
1. Мағынасы өзгереді
2. Құрылымы өзгереді
3. Тыныс белгісі қойылады
II. Логикалық тапсырмалар блогы
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар
2. 2 Сөйлем мағынасын өзгерту:
Хабарлы сөйлем
Сұраулы сөйлем
Айнұр қызықты ертегі оқыды□ Айнұр қызықты ертегі оқыды ма□
Мұғалім сыныпқа кірді□ Мұғалім сыныпқа кірді ме□
Балалар үйлеріне қайтты□ Балалар үйлеріне қайтты ма□
Анасын көрген Әсет қатты қуанды□ Анасын көрген Әсет қатты қуанды ма□
Аспан әлемін ғарышкерлер зерттейді□ Аспан әлемін ғарышкерлер зерттей ме□
ма, ме, ба, бе, па, пе - сұраулық шылаулар.
Түсіну:
2. 3 Сөйлемнің құрылымы өзгереді;
Ермек далаға шықты.
Ермек далаға шықты ма?
Саябаққа машинамен барамыз.
Саябаққа машинамен барамыз ба?
Жаңбыр жауды.
Жаңбыр жауды ма?
Марал шындықты айтты.
Марал шындықты айтты ма?
Қайрат малға шөп берді.
Қайрат малға шөп бердін бе?
2. 4 Тыныс белгісі
Хабарлы сөйлем Сұраулы сөйлем Лепті сөйлем
Болат ерте тұрды. Болат ерте тұрды ма? Болат, ерте тұр!
Бүгін сабақ болмайды. Бүгін сабақ болмай ма? Ура, бүгін сабақ болмайды!
Алматыдан әжем келді. Алматыдан әжем келді ме? Алақай, Алматыдан әжем келді!
Нүкте ● Сұрақ белгісі? Леп белгісі!
3. 1 Сөйлемнің мағыналық түрлерінің ерекшелігі.
Мағынасы Құрылымы Тыныс белгісі
3. 2
Хабарлайды Сұрайды Көңіл - күйді білдіреді
Сұраулы сөйлем сұрау есімдігі арқылы жасалады. Жауап алу мақсатында айтылған сөйлем.
Қайда?
Қалай?
Неше?
Қандай?
Сұраулы сөйлем ма, ме, ба, бе, па, пе шылаулары арқылы жасалады. Хабарлы сөйлем
Бірдеңе жайлы хабарлау мақсатымен айтылатын сөйлем. Лепті сөйлем адамның көңіл күйін, сезімін білдіреді.
3. 3 Хабарлы сөйлемді лепті сөйлемге айналдыру.
Қолдану:
III. Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы
Деңгейлік тапсырмалар:
1 - деңгей тапсырмалары:
1. – жаттығу. Жеке жұмыс
Берілген сұраулы сөйлемдерді хабарлы сөйлемдерге айналдырып жаз.
Қуаныштың анасы қайда жұмыс істейді?
Көгершін қалай ұшты?
Бір жылда неше ай бар?
Асқарпаздар қандай шыңға шықты?
Тиісті сөздер: қалықтап, зауытта, биік, он екі.
Хабарлы сөйлем мен сұраулы сөйлемдердің айырмашылықтарын айт.
2 - жаттығу жеке жұмыс
Өлеңді түсініп оқы. Өлеңдегі сөйлем түрлерін ажырат.
Нүкте
Нүкте деген білгенге,
Жай ғана бір ноқат па?
Жоқ онсыз сөйлем де,
Жоқ өлең де,
Жоқ хат та!
Қ. Мырза Әли.
3 - жаттығу Топпен жұмыс.
Талдау:
2 - деңгей тапсырмалары.
Мәтінді түсініп оқып, ондағы сөйлем саның анықта. Тиісті тыныс белгісін қойып, мәтінді көшіріп жаз. Соңғы сөйлемді лепті сөйлемге айналдырып жаз.
Алматының арыстаны
- Есет, мына арыстан қайдан келгенін білесің бе?
- Африкадан, басқа қайдан келуші еді. Арыстан Африкада ғана болады.
- Бұл арыстанның аты - Балқаш. Ол Алматыда туған. Балқаш хайуанаттар бағындағы тор ішінде дүниеге келген, - деді жануарларды күтуші.
- Демек, Балқаш Қазақстандікі.
Жинақтау:
4 - жаттығу Топтық жұмыс
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз.
1. Отанымыздың даңқы арта берсін!
2. Алақай, әскердегі ағамнан хат келді!
3. Күзгі орман неткен сұлу!
4. Тамаша ғой балалық шақ!
5. Әли, ертең сабаққа кешікпей кел.
6. Алақай! Атам келе жатыр.
7. Шіркін, тезірек жаз шықса ғой!
Керекті сөздер: апа, берсін, алақай, тамаша, сұлу, шіркін, кел.
3 - деңгей тапсырмалары.
IV. Интеллектуалдық тренинг блогы
Топтық жұмыс
Сұраулы сөйлем → хабарлы сөйлем →лепті сөйлем
Салыстыру
Мағынасы Тыныс Құрылысы
бойынша белгісі бойынша
бойынша
Сұраулы сөйлем Хабарлы сөйлем Лепті сөйлем
Ерлан Алматыға барасын ба? Ерлан Алматыға барды. Шіркін, Алматыға барсам ғой!
...........................................................................................................
V. Күтілетін нәтиже блогы
Бағалау:
Оқушының аты - жөні Деңгейлік тапсырмалар
I - деңгей II - деңгей III - деңгей Топтық тапсырма Үй тапсырмасы Қорытынды баға
1.
2.
3.
4.
5.
6.
Үйге тапсырма: Кешкі аста отбасылық тақырыпта мәтін құрастыру.
Сөйлемнің түрлерін қолдану.
Мұғалімі: Жоломанова Меруерт Болатовна
Cөйлем түрлерін бір-біріне айналдыру
- Жумагалиева Алмагуль
- 6 желтоқсан 2019
- 4852
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Сөйлем түрлерін бір біріне айналдыру, қазақ тілі 3 сынып
Ұқсас жаңалықтар:
Сөйлем
Екі немесе бірнеше сөздің бір - бірімен байланысуы сөз тіркесі деп аталады. Сөз тіркесінде алдыңғы сөз бағыныңқы, соңғы сөз басыңқы болады. Мысалы:...Лепті сөйлем
Лепті сөйлем жайында білім беру; көңіл – күйге байланысты айтылатын сөйлемдерді басқа сөйлемдерден ажырата білуге үйрету; жазу сауаттылықтарын...Лепті сөйлем
Қарағанды қаласы, № 6 ЖББОМ бастауыш сынып мүғалімі Ахметова Бахыт Махметовна...Жай сөйлемдер
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, № 31 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Шильдебаева Сәуле Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлемдер...Сөйлем
Атырау қаласы Ы. Алтынсарин атындағы №11 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Құбиева Зауреш Паңгерейқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.