Сайтқа кіру Тіркелу

Қызықты математика таңдау пәні 2-сынып

"Қызықты математика" бағдарламасының жоспары.
2 – сынып
Аптасына 1 сағат. Барлығы 34 сағат

ТҮСІНІК ХАТ

Қандай да болсын пәнді, соның ішінде бастауыш мектептегі математиканы оқытып үйрету арнайы мақсат көздейді.
«Қызықты математика» оқу бағдарламасы жалпы орта білім беретін мектептің 3 - сынып оқушыларына арналып құрылды. Ұсынылып отырған «қызықты математика» тақырыбындағы авторлық бағдарлама оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыруға бағытталған. Атап айтқанда математиканың пайда болуы, математикалық ертегілер, математикалық жұмбақтар, математикалық жаңылтпаштар, математикалық мақалдар енгізіліп, нақты тақырыптар бағдарламаның күнтізбелік жоспарында көрсетілген. Сонымен қатар қазіргі күннің талабына сай оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту үшін логикалық есептер, қызықты әзіл - есептер жазылды.
Математикалық ертегілер – баланың тақырыпқа деген қызығушылығын арттырады, қиялын дамытады. Тәрбиелік жағынан алсақ ертегілер бірлік пен достыққа тәрбиелеп, мақтаншақтық сияқты жағымсыз қылықтан алыс жүруге бейімдейді.
Математикалық жаңылтпаштар – оқушыларды шапшаңдыққа, жаңылмай айтуға, ептілікке тәрбиелейді. Математика пәніне деген қызығушылығын арттырады.
Логикалық есептер – логикалық ойлауды, тапқырлықты, математикалық қырағылықты дамытып, дарынды балаларды таныта біледі.
Математикалық мақалдар – оқушылардың тілін ширатып, ойын түйіндейді, ой - өрісін дамытады.
Математикалық жұмбақтар – жас жеткіншектердің тапқырлығы мен дүниетанымын дамытып, дүниеге көзқарастарын қалыптастыруға үйретеді.
Шығармашылық тапсырма - орындау барысындаоқушы оқып үйренген теорияның, не есептің жаңа қырларын ашады, өз ой - пікірін айтады, табылған мәліметтер бойынша қорытынды жасауға үйренеді.
Математикалық ребустар және сөзжұмбақтар – оқушылар ребустар және сөзжұмбақтар құрастыру арқылы ұшқыр ойға, тапқырлыққа, өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады.
Математиканы оқытып – үйрету барысында әр алуан қиыншылықтарды жеңуге де тура келеді, байқампаздыққа, ойлауға, талдау және талқылау жүргізуге, қорытынды жасауға, салыстыруға машықтанады.

Біздер өз өмірімізді балаларды
оқытуға, олардың қабілет –
дарындарының ашылуына бар
күш – жігерімізді салып жүрген
жандармыз.

Алғы сөз

Оқушылардың математикалық ой - өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту – математикадағы басты проблемалардың бірі.
Қазақстан Республикасының білім беру саясатын айқындайтын мемлекеттік құжаттарда ( «Білім заңы»,«Білім стандарттары» т. б.) оқыту үрдісін дамытушылық сипатта және шығармашылық іс - әрекет негізінде ұйымдастыру қажеттігінің атап көрсетілуі жайдан - жай емес, өйткені қазіргі заманның өскелең талаптары оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, олардың білім алудағы дербестігін мақсатты түрде дамытып отыру міндетін қойып отыр. Осыған орай бастауыш сыныптарға арналған математикалық оқулықтарына стандартты емес формадағы, оқушылардан әралуан бағыттағы белсенді шығармашылық ізденісті қажет ететін жаттығулар енгізіліп отыр.
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту – күнделікті өмірге және тұрмыста кеңінен қолданылып – оқушыларды тәрбиелеу және жан - жақты дамыту ісімен тығыз байланыста жүргізіледі. Сондықтан математика сабақтары балалардың ғылыми көзқарасының негіздерін қалыптастыруға, олардың танымдылық қабілеттерін дамытуға, ақыл - ойларын шыңдай түсуге септігін тигізеді.. Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру үшін қызықты тапсырмалар мен математикалық ертегілер, математикалық жұмбақтар, математикалық мақалдар, сиқырлы таблицалар, логикалық есептер қолданып отыру керек.
Бұл бағдарлама бастауыш сыныптар мұғалімдерінің оқушылардың шығармашылық қызметін ұйымдастыру мен басқаруда арқау болатын негізгі идеяларды жүзеге асыруына көмегін тигізеді, сонымен қатар оқушылардың танымдық дербестігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыта түсуге ой салады. Оқушылардың математикалық мазмұнын тиянақты, терең меңгеруіне зор ықпалын тигізеді деп сенемін.

«Қызықты математика» пәнін оқытудың пәнаралық байланыстары

Математиканы оқыту процесінде балалардың білімі мен біліктерін, танымдық қабілеттерін дамыту үшін пәнаралық байланысты жүзеге асыру қажет.
Математиканы оқыту процесінде белгілі бір пәнаралық байланыстар іске асырылады.
Математика мен қазақ тілінің арасындағы байланыстар:
- грамматикалық және математикалық ережелердің пайдаланылуы;
- математикалық терминдер енгізу арқылы тіл байлығының арттырылуы;
- сөйлем құрастыру барысында үлгілеудің (модельдеудің) пайдаланылуы;
- сөйлемдегі сөздер байланысының сызбаның көмегімен өрнектелуі;
- сөйлем құрау, ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің дамытылуы;
- математикалық тілдің қалыптастырылуы.

Математика мен әдебиеттің арасындағы байланыстар:
- көркем шығармаларды сұрыптау және ортақ немесе дербес белгілерін салыстыру арқылы анықтау және ажырату, теңеулердің қолданылуы;
- халық ауыз әдебиетінің үлгілерінің: жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, қаламақ, мақал - мәтелдер, ойын өлеңдердің және т. б. математика сабақтарында пайданылуы;
- көркем шығармалардың мазмұны арқылы баланың ішкі сезіміне түрткі салу;
- көркем шығармаларда сипатталатын ата - дәстүр, ұлттық салт - сана, әдет - ғұрып, үлгі - өнеге, тәлім - тәрбиелік материалдарды математика мазмұнына сіңіру.

Математика мен дүниетанудың арасындағы байланыстар:
- дүниедегі құбылыстарға дәл де әділ баға бере білу;
- өзіндік пікір айту және оны дәлелдеу, өз көзқарасын білдіру;
- математикалық есептердің мазмұны арқылы өзін қоршаған ортамен, табиғатпен баланы қарым - қатынасқа келтіру;
- айналадағы дүниеде танып білген, жинақтаған деректер мен мағлұматтарды математика сабақтарында пайдалану.

Математика мен бейнелеу өнерінің арасындағы байланыстар:
- заттарды түсіне, пішініне, өлшеміне қарай салыстыру, кеңістік жайында түсінік қалыптастыру;
- геометриялық фигуралардан адам, жануар бейнелерін сала білу;
- көркем сурет шығармалары арқылы баланың ішкі сезімін және көңіл - күйін ояту, дамыту.

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан.
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың солар – табылатын қасыңнан.

«Қызықты математика» оқу бағдарламасын меңгеру деңгейінің талаптары

1. Әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады. Балалардың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлетуге үйретеді.
2. Тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау қабілеті артады.
3. Оқушыларды ұшқыр ойға, тапқырлыққа жетелейді.
Бағдарламадағы әрбір сабақ оқушылардың ойлауын және қиялын дамытады.

"Қызықты математика" бағдарламасының жоспары.
2 – сынып
Аптасына 1 сағат. Барлығы 34 сағат

Қарағанды облысы,
Теміртау қаласы, №3жалпы білім беретін орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Кеншілік Гулбаршын

Бардарламаны жүктеу
Математиканың пайда болуы
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
«Қызықты математика» авторлық бағдарлама

«Қызықты математика» авторлық бағдарлама

Бұл бағдарлама математика саласы бойынша оқушы білімін тереңірек меңгертуге арналады. Математика - бастауыш сыныптағы негізгі де маңызды негіздердің...
5 – сыныпқа арналған «Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және қызығушылығын ...

5 – сыныпқа арналған «Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және қызығушылығын ...

Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және қызығушылығын арттыру үйірменің бағдарламасы (5 сынып)...
Авторлық бағдарлама (математика пәні)

Авторлық бағдарлама (математика пәні)

Түсініктеме Бағдарламалық материалдарға математикалық білім, білік дағдыларды меңгеру үшін негіз болып табылатын логикалық білімдер жүйесінің...
4+4 қосу, математика

4+4 қосу, математика

Ауызша есептер шығару, логикалық сұрақтар, тапсырмалар арқылы ойлау қабілетін, сабаққа деген белсенділігін дамыту;...
Теңдеу және теңсіздіктерді шешу.10 сынып. Қолданбалы курс

Теңдеу және теңсіздіктерді шешу.10 сынып. Қолданбалы курс

Теңдеу және теңсіздіктерді шешу Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті №249 мектеп-лицейдің математика пәнінің мұғалімі Сансызбай Айгүл...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×