Мақсаты: Оқушыларға адамгершілік тәрбиесін беру. Адам бойындағы жақсы қасиеттер туралы сыпайы сөздерді орнымен қолдануға үйрету.
Көрнекілік: Тақтаға тәрбие сағатының тақырыбы, нақыл сөздер, мақал - мәтелдер.
Мұғалімнің сөзі: Еңбек сүйгіштік адамдық, қарапайымдылық, жолдастық, сыпайылық адам бойындағы асыл қасиеттер ата – ананың тілегі сенің жақсы адам болуын. Сенің еңбек сүйгіштігің оқу мен еңбектегі табыстарың ата ана үшін шексіз бақыт. Ата ана ақылын тыңдап кішіге қамқорлық жасап сабақты үздік оқып, мақтаншақ болмай, өтірік айтпай, үлкенге сәлем беріп, сынып ішінде жүгірмей тәртіпті болуымыз үшін бүгінгі өтетін, тәрбие сағатымыздың ықпалы үлкен болмақ.
І бөлім
1. Ата ананың тілегі
Адам болып өскенің
Адамдықтың тірегі
Адал болып өскенің
Әдептілік дегенің
Әрқашанда керегің
Әсемпаздық дегенің
Әуре сарсаң әлегің
2. Ісіңе жұрт сүйсінер
Бала болсаң әдепті
Дос жараның күйінер
Таста жаман әдетті
3. Осы бастан үйреткен
Бойыңды аулақ дара ұстап
Сырын жаман әдеттен
Біліп ал да дұрыстап
4. Түйіп зерде ойыңа
Жастайыңнан ұғып ал
Үйлеспейтін бойыңа
Қандай жаман қылық ба
5. Әдептілік бұлақтай
Тазалығы арыңның
Өлшемі ол сынаптай
Бойыңдағы барыңның
6. Қанағат рақым терең ой
Талап еңбек өркенді
Бәрі саған керек қой
Ұлы өмірдің ертеңі
7. Тәрбиенің асқары
Абай атам табынған
Әдептілік бастауы
Бес асыл іс боп табылған
8. Адам болам десеңіз! Өлеңі
Хор: Болайықшы осындай
Мұғалім: Сендер өз әлдеріңше еңбектеніп жатырсыңдар сендердің ең басты жұмыстарың не?
- Сабақты жақсы оқу. Тәртіпті болу, жаман әдеттен аулақ болу.
Олай болса экранға назар аударайық. Суреттерді әңгімелеу.
Енді мен сендерге мынадай сұрақтар қойғым келіп тұр.
1. Өзіңе көмектескен адамға не дер едің?(рахмет)
2. Тамақ ішіп болған соң не деу керек?(рахмет)
3. байқаусызда біреуді қағып кетсең? (кешіріңіз)
4. бөлмеге немесе кешігіп сыныпқа кірерде не деу керек? (рұқсат па?)
5. мектептен қайтарда ұстаздарға не деу керек (сау болыңыз!)
6. танысыңды, жолдасыңды көргенде не дейсің?(сәлеметсіз бе?)
Слайдпен жұмыс: Сәлемдесу түрлерін айту
Би: Қара жорға
1) Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін, жақсысын
Саған таңдап әперді.
Не деу керек? (Рахмет апа) деу керек.
2) Балалар жүр көшеде,
Естіледі шу - айқай.
Сен де шықтың, көршіңді
Қағып кеттің байқамай.
Мұндайда не деу керек? ( Кешіріңіз!) деу керек.
3) Осы келген бетіңде
Допты қудың, жарыстың.
Көшенің сол шетінде
Кезікті бір танысың.
Ұмыттың сен не деуді? ( Сәлеметсіз бе?) деу керек.
4) Үй артында қоқысты
Жатқан көптен үйіліп
Тазалайды қарт кісі
Белі зорға иіліп.
Не дегенің жөн еді? (Көмектесейін) деу керек.
5) Кіші үлкенді сыйласа, Кім үлкенді тыңдаса.
Ол қандай бала? (Әдепті)
9. Кітап дәптер қаламы
Кір шалмаған баланы
Кім дейміз?
(Ұқыпты екен бұл дейміз)
10. Таудай биік талабы
Жақсы оқитын баланы
Кім дейміз?
(Үлгілі екен бұл дейміз)
11. Өтірік сөз айтпаса
Уәдесінен қайтпаса
Кім дейміз?
(Шыншыл екен бұл дейміз)
Хор «Мен әдепті баламын»
ІІ бөлім. Мақал мәтелдер ді жұптастыру Слайдпен жұмыс
І топ
Жақсы туса, ел ырысы
Жаңбыр жауса жер ырысы
Ақылды қария - ағып жатқан дария
Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкені жоқ болса, кішіден сұра
Атаңның баласы болма
Адамның баласы бол.
Білген адам тауып айтады
Білмеген адам қауып айтады
Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау аламайды
Әдепті бала – арлы бала
Әдепсіз бала – сорлы бала
Балапан ұяда не көрсе
Ұшқанда соны алады
Жат елдің жақсысы болғанша
Өз еліңнің сақшысы бол
Жақсы байқап сөйлер
Жаман шайқап айтар
ІІІ бөлім. Қорытындылау. Тақтамен жұмыс. Оқушыларға таратылған парақшалардағы сөздер мағынасына қарап орындарына орналастыру.
Әдепті -----
Әдепсіз ------
Хор: Жас дәуірдің түлегіміз.
- Сонымен, біз қандай баламыз?(әдепті, тәртіпті)
- Балалар, бүгін біз сендермен әдептілік жайлы білдік, әр адам өзін кез - келген жағдайда әдепті де әдемі сөйлей білуі керек екен.
Әдептілік – адамгершіліктің бастауы!
- Жанаргул
- 9 тамыз 2016
- 4634
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Әдептілік, адамгершілік, еңбексүйгіш, ашық сабақ әдептілік әліппесі
Ұқсас жаңалықтар:
Әдептілік әлемінде
Сыныптан тыс іс - шараның тақырыбы: «Әдептілік әлемінде» Мақсаты: Оқушыларды әдептілікке, адамгершілікке шақыру....Әдептілік – тәрбие бастауы
Мақсаттары: 1) Оқушыларға үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету, сәлемдесу туралы мәлімет беру оның инабаттылық, әдептілік, адамдық қасиеттің...Мен әдепті боламын!
Мақсаты: 1) оқушыларды жақсылыққа, жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға үйрету;2) шыншылдыққа, ата-анаға мейірімді болуға, туған жерге,...Әдепті бала - арлы бала
Қызылорда облысы, Арал қаласы № 220 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Зекенова Рима...Әдептілік әдемілік
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы №36 орта мектеп МАД тобының тәрбиешісі Сулейменова Ақмарал Маукенқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.