Сабақтың мақсаты: балаларды қоршаған ортамен таныстыру.
Көктем мезгілінің ерекшелігімен, табиғат сұлулығын сезіне білуге, сондай - ақ балаларды табиғатты аялауға, Отанын, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Типі: білім мен іскерлікке баулу.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Көрнекілігі: көктем суреттері, бүктеме.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) шаттық шеңберіне тұрып, бір - біріне гүл беру арқылы тілектерін айту.
ә) сабаққа қажетті құрал жабдықтар: түрлі - түсті қағаздар, қайшы, желім.
II. Топқа бөлу: қима қағаздардан құрастыру арқылы гүл бейнесін шығару.
1 топ: «Бәйшешек» тобы өлең жолдары арқылы өз топтарын таныстыру.
Бәйшешектен білеміз
Көктем келіп қалғанын
Мәз боламыз, күлеміз,
Көрсек гүлін жарғанын.
Қараторғай келіпті,
Үйшік жасап берейін.
Алғашқы гүл көрікті -
Бәйшешекті терейін.
2 топ: «Жауқазын» тобы өлең жолдары арқылы өз топтарын таныстыру.
Алғаш рет күркіреп,
Ағыл – тегіл жауса күн.
Қырға шығар дүркіреп,
Көктем басы – жауқазын.
Ызғар әлі кеткен жоқ,
Қырлар әлі кепкен жоқ.
Жауқазындар көкпеңбек,
Көбейе бер, көктем боп.
III. Психологиялық жаттығу (жымию)
Өсемiз бiз күлiп - ойнап,
Он саусақтың саласындай,
Өсемiз бiз күлiп - ойнап,
Бiр адамның баласындай.
Тәрбиеші: жұмбақ жасыру.
Бұлтты айдап желдеткен,
Нөсерлетіп, селдеткен,
Шалшық кешіп ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың! (көктем)
Балаларға: Сұрақ - жауап:
Тәрбиеші: 1 жылда неше мезгіл бар?
Балалар: көктем, жаз, күз, қыс.
Тәрбиеші: көктем мезгілінде неше ай бар?
Балалар: 3 ай, Наурыз, Сәуір, Мамыр.
Тәрбиеші: наурыз айында қандай мерекелер бар?
Балалар: 8 - наурыз Аналар мерекесі, 22 - наурыз Қазақтың жаңа жылы.
Тәрбиеші: көктем белгілерін атап беріңдерші?
Балалар: жылы жел, құстар келеді, көк шығады.
Тәрбиеші: Көктем сәні деп нелерді атасақ болады?
Балалар: хош иіс, мөлдір су, жасыл желек, күн көзінің жылуы.
Тәрбиеші: көктемде ең алғаш қандай гүл шығады?
Балалар: бәйшешек, жауқазын.
IV. Ұйымдастырылған ізденіс кезеңі.
Тәрбиеші: Балалар, жер бетін жасыл кілемге орайтын, өзіміз асыға күткен көктем мезгілі тіршілік иесін қуанышқа бөлеп отыр. Көктемнің басын ауа - райын зерттеушілер наурыздан басталады десе, аспан әлемін зерттеушілер күн мен түн теңеледі, өсімдік танушылар үйеңкі ағашының бойынан шырын жүре бастағанда басталады дейді. Сондықтанда көктемнің бірінші кезеңі - ерте көктем. Бұл кезең наурыз айынан басталып, сәуірге дейін созылады. Бұл кезеңде қар еріп – суға айналып, су топыраққа сіңіп, топырақ жұмсарып, жер бетін жасыл шөп басады.
V. Топтық жарыс (тақпақтар айту)
Ерасыл: Айналаның бәрі гүл,
Келді көктем тағы бір
Жамиғаттың жұмағы,
Табиғаттың сәні бұл.
Көпжасар: Көктем деген немене?
Көктем деген көп жаңбыр.
Әнге салып әуеде
Қарлығаш ол тұрған бір.
Азым: Көктем деген балалар,
Құлыншақ қой зулаған
Еркелеген далаға
Құрық салсаң тулаған.
Саяжан: Ағаштарды сілкілеп
Жел өтеді дүркіреп.
Ауық - ауық аспан да
Қояды бір күркіреп.
Жансұлтан: Көктем деген ашылған
Бұлақтардың көзі ғой.
Ақ тұманның басында
Жаңа туған қозы ғой.
Тақтамен жұмыс жасау.
VI. Топтағы шығармашылық жұмыс.
1. «Бәйшешек» тобы гүлді жапсыру. (желім)
2. «Жауқазын» тобы суретті бояу арқылы жұмыс жасайды.
VII. Сөзжұмбақ шешу: тыңда, сезін, тап.
1 к ү н
2 ш ө п
м е р е к е
4 қ ұ с т а р
б ә й ш е ш е к
6 м а м ы р
1. День
2. Трава
3. Праздник 3
4. Птицы
5. Подснежник 5
6. Май
Мақал – мәтелдер.
1. Сәуірдегі жауын,
Сауып тұрған сауын.
2. Мезгіл жетсе,
Мұз ерір.
VIII. Қорытындылау: Бүгінгі ұйымдастыру іс – әрекетінде сіздер қай жыл мезгілімен таныс болдыңыздар? Жанды және жансыз табиғат түрлерін атап бере аласыздар ма?
Жанды табиғатқа өсімдіктер, жануарлар, жәндіктер, құстар жатады.
Жансыз табиғатқа қар, мұз, тас, құм, жаңбыр жатады.
Балалардың сіздерге арнаған шағын сыйлықтары бар, қабыл алыңыздар!
Оқушы: Сыйлар едім мамама,
Гүл шыққан жоқ далада
Қолдан жасап берейін,
Риза болшы наурызда!
IX. Мадақтау кезі. Балалардың білімдерін бағалау.
X. Үйге тапсырма.
1. «Бәйшешек» тобына «көктем мезгіліне» сурет салып келу.
2. «Жауқазын» тобына «көктем мезгіліне» шағын әңгіме айту.
Осымен біздің оқу іс – әрекетім із аяқталды. Келгендеріңізге көп - көп рахмет!
Көктем келді, балақай!
- Азат Мухамейулы
- 3 мам 2016
- 6509
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Көктем, көктем мезгілі жайлы сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Көктем
Көктем мезгілінде үш ай бар. Олар: наурыз, сәуір, мамыр. Көктем мезгілі басқа мезгілдерден өзгеше болып келеді....Келе, бер көктем
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №19 мектептің мектепалды даярлық тәрбиешісі Тілеубаева Алтын Ысқаққызы...Көктем өлеңі
Қызылорд қаласы № 211 А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің 1 "Б" сынып оқушысы Берікбек Дәулет Асқарұлы Мұғалімі Еспенбетова Загира Нагметуллаевна...Көктем
1«б» сынып оқушысы: Саматқызы Аида...Жауқазын
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қадырбаева Гулжанат Балташевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.