Тақырыбы: Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті.
Мақсаты: Көбейту, бөлу амалдары туралы алған білімдерін одан әрі жетілдіру. Соның ішінде көбейтудің ауыстырымдылық қасиетіне тоқталу. Амалдардың бір - бірімен байланысын байқату.
Ұйымшылдыққа, белсенділікке, табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.
Ой - өрісін, есте сақтау қабілетін, зейінін дамыту.
Көрнекілігі: ноутбук, құстардың суреттері, кеспе қағаздар, сызбалар, геометриялық фигуралар.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, көрнекілік, талдау, жинақтау, жаттығу
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
а) Амандасу, түгендеу
ә) Сабаққа даярлығын қадағалау.
ІІ. Психологиялық дайындық.
Тілейміз көктем шуағын,
Тілейміз жаздың ұзағын.
Тілейміз күздің жемісін
Тілейміз қыстың қарлысын.
- Тілегіміз не туралы болды? - жыл мезгілдері
- Қазір жылдың қай мезгілі? - көктем
- Көктемде қандай ерекшеліктер болады? - қар ериді, күн жылынады, құстар келеді, көк шығады, т. б.
- Ал балалар, бүгінгі сабағымыздың ерекшелігі – қонақтар келіп отыр, сіздердің математикалық білімдеріңізді бақылауға және құстар келіпті тапсырмаларымен.
- Әуелі өткен сабақты еске түсіріп жіберейік.
ІІІ. Ой қозғау. (топпен жұмыс)
а) Топтастыру стратегиясы
ә) Венн диаграмма
көбейту бөлу
ІҮ. Жаңа сабақты хабарлау.
А) Кестемен жұмыс. – Кестеде неше баған бар? - 5 баған
- Неше қатар бар? - 3 қатар
- Барлығы қанша ұяшық бар? 5 ∙ 3 = 15 (ұяшық)
3 ∙ 5 = 15
Ә) Текшелермен жұмыс. – Неше қатар орналасқан? - 4 қатар
- Неше баған? - 5 баған
- Барлығы қанша текше? 4 ∙ 5 = 5 ∙ 4 = 20 (текше)
Ереже: (хормен) Көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді.
Ү. Тақырыпты меңгерту.
- Құстардың тапсырмаларын орындайтын кез келді. Әрбір тапсырмаға буын беріліп отырады. Яғни, «Әй, жа - рай - сың!» сөзі шығу керек! (құстарға қысқаша тоқталу)
«Әй,» - Аққуды халық қасиетті құс санайды. Оны ауламайды, етін жемейді. Аққу – айрықша таза, кербез, сұңқылдаған сұлу үнді құс.
№2. (топпен жұмыс)
«жа -» - Тоқылдақтың тұмсығы өткір, мықты болады. Ағашты тесіп, құртарды теріп жейді. Ағаштың діңін тесіп, ұя жасайды.
№4. (тақтамен жұмыс, әрбір топтан бір оқушы шығады) Қысқаша жазылуы бойынша есептер құрастыру, кері есеп құрастыру.
Сергіту сәті
«Картоп өсіру, жинау»
«- рай -» - Бүркіт – көк күмбезінде қалықтап ұшқан қыран құс.
Бүркіттің тұмсығы өте мықты. Ол өзінің тұмсығымен ұстаған аң - құстардың етін жұлып жейді.
№5. Тексеру керек – 32 және 27 дәптер
Тексеретін қалды – 30 дәптер
Тексеріп қойды -? дәптер
Ш: (32 + 27) – 30 = 59 – 30 = 29
(32 – 30) + 27 = 29
32 - (30 – 27) = 29 Жауабы: 29 дәптер тексеріп қойды.
«- сың!» - Қарлығаш — қанаттары үшкір әрі ұзын, құйрықтары екі айыр. Олардың үлкендігі торғайдай және адам мекеніне жақын жүреді.
№6. (Геометриялық фигуралармен жұмыс) Төртбұрыштардың периметрін есептеу.
ҮІ. Бекіту.
- Құстар туралы халық болжамдарын білгілеріңіз келе ме? Олай болса мына берілген тапсырмаларды орындап тастайық.
а) «Кім шапшаң?» №3 (жеке жұмыс)
ә) Сәйкестендіру тесті (топтық жұмыс)
ҮІІ. Қорытынды.
А) Үйге тапсырма. №7 186 - бет
Ә) Бағалау.
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті
- Rafhat B
- 29 сәуір 2016
- 4794
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті, математикадан сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Санды 5-ке көбейту кестесі
Есепті қатесіз дұрыс шығаруға үйрету. Ой - өрісін, өзіндік жұмыс істей білу қабілетін дамыту. Оқушыларды ұйымшылдыққа, белсенділікке, өздерін емін -...Көбейтудің және бөлудің комоненттері
Сабақтың мақсаты: А) Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылық, танымдық ойлау қабілеттерін дамыту. Ә) Білімділігі: Оқушыларды көбейту және бөлу...Арифметикалық амалдардың қасиеттері
Мақсаты: 1. Көбейтудің ауыстырымдылық, және терімділік қасиеттері туралы білімдерін кеңейту 2. Шапшаң ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту...Бастауыш сыныптарына сабақ топтамасы
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы «№ 22 ЖОББ» КММ бастауыш сынып мұғалімі Габдуллина Асель Толеухановна...Көбейтудің үлестірімділік заңын пайдалану жолдары
Қарағанды қаласы №6 жалпы білім беретін орта мектебі Мұғалім: Ахметова Гульмира Махметовна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.