Сабақтың тақырыбы: «Эстрада және музыка».
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Эстрада және музыка туралы толық мағлұмат беру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ән - күйлерді тыңдау арқылы әуендік сезімталдығын арттыру, есте сақтау, қиялдау, ойлау қабілеттерін дамыту
3. Тәрбиелік. Ән тыңдау арқылы, ән айту арқылы музыканы сүюге, өнер адамын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау, әңгімелесу, сұрақ - жауап, талдау, өз пікірлерін айту.
Көрнекілігі: үнтаспа, тапсырмалар, суреттер.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі. (3 мин)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (7 мин)
III. Жаңа тақырып. (10 мин)
ІV. Музыкалық сауаттылық. (5 мин)
V. Ән тыңдау. (10 мин)
VІ. Ой толғаныс. (7 мин)
VII. Қорытынды.(2 мин)
VІІI. Үйге тапсырма. (1 мин)
Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
- Музыкалық сәлемдесу.
- Сынып оқушыларын түгендеу.
- Сыныпты сабаққа даярлау.
Психологиялық дайындық.
Өлең айтып, күй тыңдап,
Өнермен өссін санамыз.
Оқу оқып сусындап,
Білімнен бақыт табамыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Бізге бүгін Айсәуле көмек сұрай келіпті. Ол сабаққа бару үшін сабақ заттарын табуға көмектесуміз керек. Оған көмектесу үшін білімді, ақылды балалар керек. Біз оның сабақ заттарын тауып, артында жасырылған сұрақтарға жауап беру арқылы көмектесе аламыз (1 топ).
Қазақ киноларын атап бер
Кино мен музыканың байланысы
Музыка неден тұрады?
Әуен нешеге бөлінеді?
Музыкалық көмекші құрал
Сөйлемді құрастыру: Музыка – адам жанын баурап алып, жақсы мінез - құлықтарының қалыптасуына әсер етеді (2 топ).
1. Сағындым әже өзіңді
Мейірімді көзіңді
Ертегіңді сағындым
Құлыным деген сөзіңді
Қайырмасы:
.......................................(толықтыр)
ІІІ. Жаңа тақырып. «Эстрада және музыка».
Халықтың ең кең тараған өнер түрі ән болып табылады. Біздің заманымызға көптеген халық әндері жетті. Әнді талантты адам шығарады. Ән арқылы ол өз қуанышы мен қайғысын, махаббаты мен сағынышын жеткізеді.
ХХ ғасырда алғашқы эстрада әндері пайда болды. Эстрада өнері тез дамып, бүкіл әлемге кеңінен тарады. Осы кезеңде көптеген әндер дүниеге келді. Жаңа заман әндері өмірдің күнделікті болып жатқан тыныс - тіршілігінен хабар берген.
Эстрадалық әндерді кәсіби композиторлар да, әуесқой адамдар да шығара алады. Халықтың ортасынан шыққан, арнайы музыкалық білімі жоқ төрт жігіт бүкіл әлемге танымал болды. Бұл ағылшынның «Битлз» тобы еді. Музыканы жақсы көретін төрт жігіт қолдарына гитара алып, өз өмірлері жайлы әндер шығарып, халық арасында орындай бастайды. Біздің елімізден «Дос - Мұқасан» тобы шыққан болатын.
Досмұқасан — эстрадалық вокальды аспаптар ансамблі. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі — 1972 жылдан бері композитор Мұрат Құсаинов. Ансамбль құрамы екі рет (1975, 1985) жаңарды.
ІV. Музыкалық сауаттылық.
Эстрада жанрлары: фольклорлық ән, авторлық әндер, блюз, рэп.
Блюз - мұңлы көңіл - күйді қарапайым, бірақ нақты формада жеткізеді. Рэп – речитативті орындалатын музыкалық шығарма.
V. а) Ән тыңдау.
«Дос - Мұқасан» тобының орындауында «Туған жер» (өз ойларын сұрау)
Ән қалай орындалды?
Әннің екпіні қалай болды?
Ән тыңдау барысында көз алдыларыңа не елестеді?
Қандай сөздер естеріңде қалды?
б) Ән үйрену:
1. Дауыс жаттығуы
2. Сөзін тарату, қайталау
3. Әнді тыңдатқызу
4. Оқушылармен бірге әнді орындау
«Мама»
Әні мен Сөзі: Б. Бейсенованыкі
1. Жүрегінің бір бөлігін бөліп беріп,
Мына жарық дүниеден өмір беріп,
Бесігімде тербеп мені әнге салған,
Сол бір асыл жан.
Қайырмасы:
Ақ сүт беріп аяладың мама,
Жан шуағын аямадың, мама.
Қанатыңды саяладым, мама.
Қандай әсем күлгенің.
Ай қабағың таңдай ашық, мама,
Папамызда саған ғашық, мама.
Ортамызда қандай бақыт, мама,
Аман есен жүргенің.
2. Маған деген шексіз оның махаббаты,
Ақылшы, дос, биік таудай парасаты.
Шаңырақтың алтын күні сияқтанған,
Сол бір асыл жан.
Қайырмасы:
3. Үлкен болып өссем дағы мен бұл күні,
Аңсап жүрем «Ботақаным» деген үнің.
Бұл әлемде бәрінен де қымбат маған,
Сол бір асыл жан.
Қайырмасы:
VІ. Ой толғаныс.
Венн диаграммасы: Халық әні мен эстрадалық әннің ережелерін жазады.
Халық әні Эстрадалық ән
Сергіту сәті: «Қара жорға» биі (видеодан қимылдарды қайталау).
VII. Қорытынды.
(Сұрақтар арқылы мәлімет алу.)
Эстрада әндері қай кезде пайда болды?
Халықтың ең кең тараған өнер түрі
Әндерді кім шығарады?
Ең алғашқы эстрадалық топ?
Рефлексия (ауызша түрде оқушылардың не білдім? Не білемін? Не білгім келеді? Сұрақтарына жауап беру)
Оқушыларды бағалау.
VІІI. Үйге тапсырма. Тақырыпты оқып, «Мама» атты әнді жаттау.
Эстрада және музыка
- Guldana Aidarkyzy
- 23 сәуір 2016
- 4644
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Эстрада және музыка, бастауыш сынып музыка
Ұқсас жаңалықтар:
Күнтізбелік жоспар музыка 3 сынып
Күнтізбелік жоспар Музыка 3 сынып Аптасына 1 сағат жылына 34 сағат...Эстрадалық өнер
Сәлемдесу. Оқушылар: Сәлем сізге, сәлем сізге, мұғалім. Мұғалім: Амансың ба, оқушыларым, Қал - жағдайың жақсы ма?...Музыка әлемінде
Бағдарламалық мазмұны: Музыка өнері туралы түсінік қалыптастыру; музыкалық өнер құпияларымен таныстыру; музыкалық мәдениет бастауын, рухани мәдениет...Әлияны әлемге паш еткен Роза Рымбаева
Түпқараған ауданы, Маршал Әбдіхалықов орта мектебінің ән - саз пәні мұғалімі Аманбаева Гүлбану...Көңілді әндер Балдырғандар полькасы
Мараимова Шарбану...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.