Сабақтың тақырыбы: Ақ қыс. Т. Айбергенов
Сабақтың мақсаты: Ақын өмірімен қысқаша таныстыру, өлеңдегі қыс бейнесін басқа ақындардың қысымен салыстыру.
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже: Ақынның қыс бейнесін суреттеуіне қарап, өлеңдегі кейіпкердің көңіл күйін іздеуге, лириканы түсінуге, сезінуге мүмкіндік беру.
Жүйелі іс - әрекет нәтижесі: Бейнелі сөйлей білу дағдыларын арттыру, сөздік қорларын, тіл байлығын дамыту, мәнерлеп оқуға машықтандыру.
Тұлғалық нәтиже: Әр маусымның өзіндік ерекшелігін байқата отырып, табиғаттың сұлулығын тануға, айнала қоршаған дүние және табиғат құбылыстары арқылы баланың шындыққа қарым - қатынасының қалыптасуына жағдай туғызу.
Көрнекілігі: ақын портреті, қыс мезгілінің суреттері, интерактивті тақта, плакат.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
Балалардың назарын сабаққа аудару
─ Балалар, бүгінгі сабақ бұрынғыдан ерекше, өйткені бізге қонақтар келіп отыр. Ендеше кәне қонақтармен амандасайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем беріп сіздерге,
Бас иеміз біз.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс
Қыс айларын кім атап береді?
Желтоқсан, қаңтар, ақпан
Ендеше, балалар осы айларға байланысты топтың атын қояйық.
1 топ – желтоқсан
2 топ – қаңтар
3 топ – ақпан
II. Қызығушылықты ояту. Өткен сабақта біз, «Жақсы ай мен күндей әлемге бірдей» атты тарауды аяқтаған болатынбыз. Ал, қазір жаңа тарауды бастаймыз. Ол үшін алдымен сөзжұмбақты шешіп алайық.
а) Осы сөзжұмбақты дұрыс шешсек, тор көздің ішінде бүгінгі сабақтың жаңа тарауының аты шығады.
1. Қап - қараңғы
2. Табиғат қандай?
3. Жазғы табиғат құбылысы.
4. Аспан мен жердің шекарасы.
5. Қай уақыттағы шық.
6. Үскірік.
7. Жыл маусымы.
ә) Жұмбақтар шешу
Қанаты жоқ,
Ұшады.
Аяғы жоқ,
Желеді.
Ауызы жоқ,
Ұлиды.
( боран)
Жайған жастық сөгілді,
Аппақ мамық төгілді. (қар)
б) Көп нүктенің орнына керекті сөздерді есіңе түсіріп жаз. Бұл қай өлеңнен алынған үзінді?
Осы тапсырмадағы жазылған сөздер мағынасы нені білдіреді?
«Үсті — басы — ақ...., түсі …,
Басқан жері … келіп қалды.»
- Иә, қыс табиғатының құбылыстарын білдіреді. Абайдың «қысын» оқығанда қандай сезімдер білінгендей болды? (Суық, аяғының басқан ізі сықыр - сықыр
еткен денелі қыстың жүрісі қорқынышты).
III. Мағынаны тану.
Енді бүгін біз ақын Т. Айбергеновтің «Ақ қыс» өлеңін оқып, өлеңде қандай сезімдер бар екенін анықтап көрейік.
Ал, қазір «қыс» сөзін естігенде ойларыңа не келеді, соны жазыңдар.
Т. Айбергенов жайлы қысқаша мағлұмат беріледі.
Т. Айбергенов 1937 жылы қарақалпақ елінің Қоңырат деген жерінде дүниеге келген. Өлең жазуды бала кезінен бастаған екен. Оның «Арман сапары», «Өмірге саяхат», «Аманат» және басқа да кітаптары бар.
Өлеңмен жұмыс
1. Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
2. Оқушыларға іштей оқыту.
3. Оқушыларға дауыстап кезекпен оқыту.
4. Өлеңді талдау.
1. Алғашқы төрт жолда жер беті түгел аппақ екендігі айтылады. Көзімізге тап - таза табиғат және қуанышты қыс құшағындағы адам елестейді. Ал қыс сақ - сақ етіп тұр. Әлде ол күледі, әлде ашулы, аязды.
2. Келесі үш жолды талдау. Қардағы іздерге артыңа мойныңды бұрып қарап көрдің бе? Қандай қызық! Ақын қар үстіндегі іздерді неге теңейді?
3. «Ақ қыс – сұлу ақ өлең,
Табанымның астында
Таңғажайып ақ әлем».
Ақын неге тамсанып, таңданады?
4. Келесі төрт жолды талдау. Бір қызығы, қайда барсаң да, қыс сенен бір елі де қалмайды.
«Жанарынан жаз бүркіп,
Тұр қыс күні сүйкімді...»
Балалар, қыс қанша суық болса да, оның көзінен не көрініп қалғандай? Оны кім көріп қойыпты? Әрине, ақын.
Сонымен ақын қысқы қалың қарды омбылап келе жатқанда, нені ойлап, нені іздеп келе жатыр?
Дәптермен жұмыс.
- Балалар, қардың қандай түрлерін білуші едіңдер?
- Аяздың ше?
- Боранның ше?
Тапсырма бойынша ақын көзіне көрінген ақ заттарды теріп жазу.
Олар: ақ қолғап, ақ қыс, аппақ сәукеле, аппақ тау, төбе, рояльдің ақ тілі, ақ әлем, аппақ әуен.
- Көрдіңдер ме, адам қуанғанда, жақсы нәрсені көргенде, дүниенің барлығы әдемі, таза, тіпті, құлаққа естілген дыбыстар мен ән де аппақ деп жырланған екен.
Сөздік жұмысы. Рояль – пернелі музыкалық аспап, фортепьяноның бір түрі.
Сергіту сәті.
Мынау менің жүрегім
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
Топпен жұмыс. Әр топқа тапсырма беріледі.
1 топ. Қысқы табиғат. (Сипаттау)
2 топ. Аңдар мен жануарлардың қысқы тіршілігі
3 топ. Қысқы еңбек.
IY. Ойтолғаныс. «Бес жолды өлең» (синквейн) құрастыру.
Қыс.
Аппақ, таңғажайып.
Құшақтайды, сақылдайды, омбылайды.
Айнала әдемі, қызықты екен.
Табиғат.
Рефлексия
- Бүгін сабақтан не білдіңдер?
Не жайлы әңгімеледік?
Ақын не жазады?
Өлең жазады.
Суретші не істейді?
Сурет салады.
Ендеше, үйге тапсырма осы өлеңде сипатталған қыс мезгілін елестете отырып сурет салыңдар. Өлеңді жаттау.
Бағалау.
Ақ қыс. Т. Айбергенов
- Бағдат
- 21 сәуір 2016
- 4118
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ақ қыс өлеңі Төлеген Айбергенов
Ұқсас жаңалықтар:
Ақша қар
Қызылорда облысы,Қазалы ауданы,Бірлік ауылындағы №102 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Тілеубаева Салтанат Рахатқызы...Аққу мамық ұлпа қар. Дауысты және дауыссыз дыбыстар.
Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Мариновка қазақ орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі: Осипова Бақыткүл Қайроллақызы...Ақ қыс Т. Айбергенов
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы №217 Б. Шалғынбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мүғалімі Гүлдана Бауыржанқызы...«Күз» Абай Құнанбаев.
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Үңгітбаева Нұргүл Рамазанқызы...Ақша қар
Жезқазған қаласы, № 10 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Әбіш Жансая Нөпірбайқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.