Сайтқа кіру Тіркелу

Бунақденелілер

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы
Кеңес ауылы, Кеңес орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Дәулетқұлова Айгүл

Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушыларға жануарлардың маңызды тобының бірі бунақденелілер туралы білім беру. Олардың тіршілігі туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Тәжірибелер жасау арқылы оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру. Жануарларды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа материалды меңгеру сабағы..
Әдіс - тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ - жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс, ойын.
Көрнекілік: Суреттер. «Жануарлар» топтамасы.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Жаңа сабақ.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру:

Жануарлар топтары.

бунақденелілер
балықтар
құстар
бауырмен жорғалаушылар
қос мекенділер
сүтқоректілер

Оқулықпен жұмыс.
- Оқулықта берілген суретпен жұмыс.
- Мәтінді мәнерлеп оқу.
- Дауыстап кезекпен оқыту.
- Оқушыларға мәтінді мәнерлеп, тізбектей оқыту

Ой қозғау
Бунақденелілер де жануарларға жатады. өте ұсақ болғандықтан, оларды «жәндіктер» деп атайды. Бұларға қоңыз, шыбын, маса, балара, т. б. жатады. Олардың пайдалылары да, зияндылары да бар.
Балара табиғатта өздігінен тіршілік етеді. Гүл шырынын сорып, бал жинайды.
Балы үшін адамдар балараны қолда асырайды. Баларасы мен құмырсқаны «еңбекқор жәндіктер» деп атайды. Олар өзінің дене тұрқының өте кішкенелігіне қарамастан үлкен жұмыстар атқарады.

Бунақденелілер қыста топырақ арасына кіріп немесе жапыраққа оранып қыстап шығады
Бунақденелілердің түрі көп. Олар: көбелек, шыбын, маса, құмырсқа, ұлу, шаян.
Көктемде бунақденелілер жатқан жерінен шығады. Жұмыртқадан дернәсіл шығады. Дернәсіл жәндіктердің жұмыртқадан жарып шыққан әлі өспеген баласы. Олардың ішінде пайдалысы да зияндары да бар.

Бунақденелілер

Пайдалы ---------------- Зиянды
Бал ара ------------------- Колорадо қоңызы
Құмырсқа --------------- Капуста көбелегі
Шаншар ----------------- Шегіртке
Жібек көбелек -------- Шыбын

Сергіту сәті.
Қандай әдемі көбелек,
Мен қарадым қызыға,
Енді ұстай бергенде,
Ұшып кетті не керек.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

?! 1. Суреттердегі бунақденелілердің атын ата
2. Бунақденелілердің алуан түрлі және табиғатта өте көп таралған жәндіктер екенін мысал келтіре отырып дәлелде
3. Пайдалы және зиянды бунақденелілерді ата.
1. Суретке қарап, әңгіме құрастыр
2. Бунақденелілер қандай жерлерде тіршілік етеді?
3. Аулаңнан қандай бунақденелілерді көруге болады?

Шығармашылық жұмыс.
1. Өзіңе ыңғайлы келген балараның немесе құмырсқаның тіршілігіне бақылау жаса. Жаз бойғы тіршілігін әңгімелеп бер.
2. Қанқыздың, құмырсқаның тіршілігін бақыла.


Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: Бунақденелілердің біреуінің суретін салып келу.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×