Алматы облысы, Іле ауданы, № 39 мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Кенжалиева Гүлжамал
Ана тілінен сабақ үлгісі
Сабақтың тақырыбы: Бөрік М. Дулатов
Сабақтың мақсаты: 1. Мәтінді түсіне оқыту. Буын туралы түсінік қалыптастыру.
2. Сауатты жазуға қабілетін қалыптастыру
3. Тәртіптілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, оқыту, сұрақ – жауап, әңгімелеу, талдау.
Қолданылатын көрнекіліктер: Ұлттық бас киім тымақ, АКТ, флипчарт тапсырмалар, М. Дулатов портреті, үлестірмелі карточкалар.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Шаттық шеңбері
Оқушылар бір - біріне мейірімді тілектер айтады
Топқа бөлінеді. «Түстерді таңда» оқушылар қалаған түстерін таңдай отырып топтарға бөлінеді «Дауысты дыбыстар», «Дауыссыз дыбыстар», «жұп дауыстылар», «жуан дауыстылар».
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
1. Не деу керек?- өлеңді тізбектей оқытып шығу.
2. Сәлем бере білейік. (көрініс көрсету)
3. Буын деген не? Ережесін жатқа сұрау
3. Білімді жан - жақты тексеру кезеңі: Топқа тапсырма беру.
1. ойын. «Сыңарын тап» мұғалім қолғабының бір сыңарын оқушы алдына тастац отырып буынның екінші сынарын айтқызады. Мысалы: Ба -(ла) Ой -(на) кі -(тап)
Топтық тапсырмалар:
1 - топ. Дауысты дыбыстарды жаз. «Ұлттық» сөзіне дыбыстық талдау жаса
2 - топ. Дауыссыз дыбыстарды жаз. «Бас» сөзіне дыбыстық талдау жаса
3 - топ. Сөздерден жұп дауыстыларды тап. «Киім сөзіне дыбыстық талдау жаса
4 - топ. Жуан дауыстыларды ата. «Тымақ» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
4. Сабақ мақсатымен таныстыру.
Көпір: Ұлттық бас киім түрі - тымақ туралы жазылған мәтінді оқимыз.
М. Дулатов «Тымақ». Буын туралы білім алуды жалғастырамыз.
5. Жаңа білімді игерту кезеңі:
1. М Дулатов туралы айту, портретін көрсету.
2.(Фото слайд көрсету) Тымақ - ұлттық бас киім түрі. Оны түлкінің, қасқырдың иленген терісінен тігеді. Ол өте жылы болады. Әдемі болу үшін құйрығын да тастамай тымақтың артқы ұшына тағып қояды екен. Оны балаға да, үлкен адамға да арнап тігеді.
3. Мәтінді мәнерлеп оқып беремін. Мазмұнынан не түсінгендерін, естерінде не қалғанын білу үшін сұрақтар қойдым.
- Балалар мәтін ұнады ма?
- Баланың аты кім екен?
- Ол не істеді?
- Сосын не болды?
Мәтінмен жұмыс: 1. Мәтінді тұтастай оқыту
2. Тізбектей оқыту
3. Сұраққа - жауап алу
Дәптермен жұмыс:
- Көркем жазу. Күн ретін жазу. 60 - жаттығу
1. Оқыту. Сөздерді буынға бөлдіру. Апа, көке, ұя, бала, ана, тәте, шеше, әке, ата, ою, ию, үю, баба, құда, іні.
6. Түсінгенді тексеру кезеңі:
1. АКТ Флипчарттан тапсырманы орындатамын.
Апа көке ұя
*..** **....** *..*
7. Қорытындылау: «Бөрік» деген не екен?
Буын дегеніміз не?»ережені еске түсіру) Бір буынды, екі буынды сөздермен таныстық.
8. Үйге тапсырма: 61 - жаттығу. Сөздерді буынға бөліп оқу, бағандағы көрсетілген тиісті сөздердің астына жазу. Мәтінді тусуне, жүргізе оқу, мазмұнын әңгімелеп айтып беру.
Бағалау. Формативті, сумативті.
Бөрік М. Дулатов
- aiboll
- 24 ақпан 2016
- 2896
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бөрік, Міржақып Дулатов, тымақ, бас киім, ана тілінен сабақ, бастауыш сыныптарға
Ұқсас жаңалықтар:
Ө дыбысы мен әріпі
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ақмая ауылы №49 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сатыбалдиева Бибігүл Аманбайқызы...Тіл дамыту жұмыстары
Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы № 4 Хромтау орта мектебі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Касенова Жанагул Амангосовна...Ақ бұзау. Жуан дауыстылар
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі І санатты мұғалім Макуова Нуршат Аманкосовна Сабақтың тақырыбы: Ақ бұзау. Жуан дауыстылар..."Фонетика" ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Фонетика Қызылорда облысы Жалағаш кенті №31 орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Н.Н.Әлімбетова Білімі: Жоғары ...Жаттығу жұмыстары. Бөрік.
Сабақтың тақырыбы: «Бөрік» (М.Дулатов) 60-62 жаттығу Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мәтіннің негізгі идеясын ұғындыра отырып,Бөрік деген ұғымды...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.