Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,
бастауыш сынып мұғалімі
Куанова Бакытгуль
Тақырыбы: Бар байлықтың бастауы – нан
Сабақтың мақсаты: 1) Нанды қастерлеуге, ас атасы – нан екендігін, нанның адам өміріндегі ең маңызды ас екендігін, оның оңай жолмен келмейтіндігін айтып ұғындыру. Нанның қалай дастарханға келетінін айтып оған көптеген адамдар еңбек еткендігін түсіндіру.
2) Өмірден алған білімдерін, түсініктерін жетілдіру
3) Еңбек адамдарын сыйлай, нанды қастерлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, физикалық карта, дастархан, пісірілген нан түрлері.
Райымбек: Нан – ардақты адал ас,
Кәрі - жас одан аттамас.
Нандай жоқ қой асыл дән,
Жеп үйренген жасыңнан.
Дастарханнан нан кетсе,
Береке кетер асыңнан.
Інжу:
Ей, балалар, балалар,
Болмаңдар, сірә, нанға тар.
Өмірдің алтын арқауы,
Бар қасиет нанда бар.
Бағдат:
Даланың арынан,
Даланың таңынан,
Даланың жанынан өседі,
Нан – жеңіс ол кешегі.
Медина:
Нанда өмірдің иісі мен мәні бар,
Нанда адамның еңбегі мен ары бар.
Нан - өмірдің ана сүті, арқауы,
Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.
Арслан:
Еліміздің құдіретін асырып тұрған
Менің де,
Сенің де,
Оның да мерейін үстем қып тұрған
Ол - Нан!
Тыйым сөздер:
Аман:
Таңертең нан ауыз тимей үйден шығуға болмайды.”Асығыспын нан ауыз тиейін», «Ең құрыса нан ауыз ти» - деген сөздер бекер айтылмаған.
Ернұр:
Нанды төңкеріп қоюға болмайды. Нан - қасиетті дәм, онымен ойнауға болмайды. Нанды бір қолымен сындыруға болмайды. Кемтар адам ғана нанды бір қолмен сындырады.
Ақсындар:
Нанды бір қолмен үзуге болмайды.
Мансур:
Нанды төңкеріп қоюға болмайды.
Рамазан:
Нанды аяқ астына тастама.
Нұрай:
Дүкенге барғанда нанның сапасын қолыңызбен анықтамаңыз. Бұл тазалыққа да, мәдениеттілікке де жатпайды.
Алинұр:
Нанды сатып алғанда таза қалтаға салыңыз.
Гүлжанат:
Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға, рәсуа етуге болмайды. Нан - дәм басы, онсыз өмір жоқ. Сондықтан да дастарханға алдымен нан қойылады.
Әділет:
Жерде жатқан нан болса алып, адам баспайтын жерге қою керек.
Берілген суреттер бойынша балалар әңгімелерін жалғайды.
Райымбек:
- Біздің елімізде көптеген облыстарда бидай егіліп жиналуда. Атап айтқанда Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Орал облыстарында бидай егіліп, өндіріледі. Біздің еліміз өте бай. Осы байлығымызды Қазақстан Республикасының рәміздерінің бірі Елтаңбада көрсеткен.
Шыңғыс:
- Егін піскен кезде адамдар оны комбайнмен жинауға кіріседі. Күн демей, түн демей егін алқабында егін жинаумен болады. Жиналған егінді машинаға құйып, диірменге апарады.
Нұрлыбек:
Диірменде бидайдан ұн тартады. Ұнның үш сұрпы болады. Ұнды қапқа салып, вагондарға тиеп, қалалар мен ауылдарға жөнелтеді. Қапқа салынған ұн наубайханаларға апарылады.
Қасым:
Наубайханада ұнның әр сұрпынан нан түрлері пісіріледі. Наубайханада ұннан қамыр илеп, қамырдан нанның формасын жасап, пешке салып пісіреді. Наубайханадан дүкендерге жіберіледі. Дүкеннен адамдар сатып алып, дастарханға қояды.
Ибрагим:
Міне, нанның дастарханға келуі үшін қаншама адамның маңдай тері сіңеді. Тек қана қазіргі заманда ғана емес ел басына қатер төнген ауыр да қасіретті күндерде де адамдар егін басында ерінбей, жан аямай еңбек еткен.
Толғанай:
Көктемде егін егетін,
Күзде жинап беретін.
Біздің дала бай дала,
Алтын астық айнала.
Аделия:
Ел егінді жинайды
Қырманға дән сыймайды
Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала
Зарина:
Астық - дала сәулеті
Астық - Отан дәулеті
Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала
Мақал - мәтелдер.
Ақсындар:
1. Нан қадірін аштықта білесің.
Рамазан:
2. Нан болса, ән де болады.
Алинұр:
3. Арпа, бидай ас екен, алтын, күміс тас екен.
Электронды оқулықтан егіс даласындағы дихан еңбегімен, нанның жасалу жолымен оқушыларды таныстыру.
Сөзжұмбақ шешу.
«Нанның жасалу жолын ретімен орналастыру» ойыны.
Қорытынды.
Оқушыларды ұннан жасалған тағамға толы дастарханға шақыру.
Бар байлықтың бастауы - нан
- Бакытгуль Куанова
- 11 ақпан 2016
- 6667
- 0