Сайтқа кіру Тіркелу

Жыл мезгілдері

Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері. 3 сынып
Мақсаты: 1. Білімділігі: Тақырып бойынша жалпы түсінікті жалғастыра отырып, оларды бір - бірінен ажырата білу және сөздер мен сөз тіркестерді дұрыс қолдана білу;
2. Тәрбиелігі: Тілді құрметтеуге, сауатты әрі көркем жазуға тәрбиелеу;
3. Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, жүйрік ойлау
қабілеттерін дамыту;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ойын, саяхат, сөз тіркес, сөйлем құрау
Көрнекілігі: Интерактивтік тақта, кестелер, суреттер
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу.
б) Кезекшімен сұхбат
- Кім кезекші?
- Сенің атың кім?
- Бүгін нешесі?
- Сабақта кім жоқ?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (СЛАЙД)
1. Сұраулы шылау деген не?
2. Көптік жалғау деген не? (ережелерін қайталап келу)
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту
«Тақырыпқа байланысты жалпы түсінікті жалғастырып, оларды бір - бірінен ажырата білу және білетін сөздер мен сөз тіркестерді дұрыс қолдана білу»

2. Ал, енді менің бірнеше сұрақтарыма жауап беріңдер.(СЛАЙД)
1. Жыл мезгілдері деген не?
2. Бір жылда неше мезгіл бар?
3. Қандай мезгілдер атап беріңдер.
4. Әр жыл мезгілінің айларын атап беріңдер.

Ендеше, бүгінгі сабағымыз жыл мезгілдеріне байланысты болмақ. Ал, сендер білесіңдер ме осы жыл мезгілдерінің қайдан пайда болғандарын?
Олай, болса тыңдаңдар осыған байланысты мынадай аңыз бар екен.
(аңызды интерактивті тақта арқылы тыңдайды)

Ерте – ерте ертеде атақты Жыл атасының Қыс, Күз атты екі ұлы және Көктем, Жаз атты екі қызы болыпты.
Балалары өсіп, ер жеткен соң оларды жиып алып Жыл атасы былай депті:
Балаларым, сендер үлкен азамат болдыңдар, ақылдарың толды. Енді барып халыққа қызмет етіңдер. Төрт мезгілді үш – үштен бөліп алып, кезекпен үш айдан өз міндеттеріңді атқарыңдар депті. Бірақ бір ескертерім; Әрқашан халық үшін, адам үшін жұмыс істейтіндеріңді ұмытпаңдар, - деді.
Осыдан бастап, үш айдан тұратын төрт жыл мезгілі пайда болыпты.

3. Балалар, біз осы жыл мезгілдеріне байланысты көптеген өлеңдер білеміз. Кәне, сол тақпақтарды есімізге түсіріп, айтып берейік.
(оқушылар білетін тақпақтарын айтады)

ІҮ «Жыл мезгілдеріне саяхат»
Мұғалім: Ал, қазір, балалар, біз «Жыл мезгілдері» еліңе саяхатқа барамыз. Әр жыл мезгілі бізге түрлі тапсырмалар дайындап қойды.
1. Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазамыз.
2. Тапсырмалар орындау.
А) ҚЫС
1. Қыс туралы қандай сөздерді білеміз? (мысалдар келтіреді)
2. Мәтінмен жұмыс: 1. Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мәтінді аудару

Мәтінді мәнерлеп оқы және аудар.
Бір жылда он екі ай, төрт мезгіл бар. Олар қыс, көктем, жаз, күз. Әр жыл мезгілінде үш ай бар. Қыста қар жауып, аяз болады. Балалар шана, шаңғы тебеді. Көктемде қар еріп, күн жылынады. Гүлдер гүлдейді. Жазда күн ыстық болады. Біз жазғы демалысқа шығамыз. Күзде көкөніс, жеміс, жидек піседі.
Б) КӨКТЕМ
1) «Адасқан әріптер» ойыны. (кестемен жұмыс)
2) Тақтада берілген суреттерге лайықты сұраулы шылауларды қою.
(а) СЛАЙД, ә) дәптерлеріне жаздыру)
а) З, А, Қ, А, Н --- ҚАЗАН
Р, К, Ү, Қ, Ы, Й, К, Е --- ҚЫРКҮЙЕК
Л, Е, Ж, С, А, Н, Т, О, Қ --- ЖЕЛТОҚСАН
У, А, Р, З, Ы, Н --- НАУРЫЗ
Д, Е, Л, І, Ш --- ШІЛДЕ
ә) Ата ма? Бала ма?
Гүл ме? Қоян ба?
Орындық па? Телефон ба?
СЕРГІТУ СӘТІ:
Бір, екі, үш, Бір, екі, үш,
Ал, кәнеки, ұш.
Төрт, бес, алты, жеті, Төрт, бес, алты, жеті,
Мынау ауыл шеті.
Сегіз, тоғыз, он, Сегіз, тоғыз, он,
Ал, кәнеки қон.
Асықпа да саспа
Бірден қайта баста.

В) ЖАЗ
1) Тақтада берілген сөздерге лайықты көптік жалғауларын қою.
Қолғап, етік, тон, шана, шаңғы, алмұрт, құлақшын, гүл.
2) «Артық сөзді тап» ойыны. (кестемен жұмыс)

Артық сөзді тап:
Дәптер, кітап, қалам, сөмке, алма
Қияр, ормажапырақ, тақта, сәбіз
Май, шай, етік, нан, қант
Әже, ата, әке, шана, әпке

Г) КҮЗ
1) Сөйлемдерді сәйкестендіріп дұрыс сөйлем құрау:
2) Сөзжұмбақты шешу
а) Қыс бәйшешек гүлдейді.
Көктемде қар жауады.
Жазда жаңбыр жауады.
Күзде күн ыстық болады.
ә)
К Н А У Р Ы З
Ө Д Қ Ұ С Ь Ш
К Г Ш Ы Р Ш А
Т О А Қ П А Н
Е К Ү З І Ж А
М А М Ы Р В Х

Шешуі: көктем, наурыз, құс, шырша, шана, мамыр, ақпан, күз
Ү Қорытынды:
Тақтаға төрт жыл мезгілінің суреттері жабыстырылған плакат ілінеді, оқушылар берілген сөздерді әр жыл мезгілі бойынша дұрыс жабыстырулары қажет.
Берілген сөздер: шана, шаңғы, гүл, аққала, наурыз, шілде, көйлек, жаңбыр, мамыр, алма, ыстық, суық, аяз, етік, тон, құлақшын, қолғап, маусым, туфли, қар, ақпан
ҮІ Бағалау
ҮІІ Үйге тапсырма: 114 - 115 беттерді оқу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×