"Көркем жазу - өнер" сайысы
Мақсаты: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, көркем жазуға машықтандыру. Өнерге құштарлықтарын, эстетикалық талғамдарын, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке баулиды.
Міндеттері:
- Жазу нақтылыққа баулиды;
- Жазу ойды жүйелейді;
- Жазу барысында көптеген идеялар туындайды;
- Бала мінезінің тұрақтылығын, ұстамдылығын қалыптастыра отырып, бастаған ісін аяқтай білу, өзіндік шығармашылығын дамытады.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, шарлар
Түрі: сайыс
Қатысатын сыныптар: 3 - 4 сыныптар
Жүргізуші:
- Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар мен қонақтар, оқушылар! Сіздер "Көркем жазу - өнер" сайысын көруге келіп отырсыздар.
Жүргізуші:
Жарыстың бірінші кезеңінде оқушылардың математика, қазақ тілі дәптерлерінің жүргізілу деңгейі, тазалығы көркем жазуы арқылы оқушылар іріктеліп алынды.
Жүргізуші:
Бүгінгі күні сайысқа қатысушылар өздерінің қалай көркем жазатындарын көрермендер алдында дәлелдейді.
Жүргізуші:
Сайыскерлер өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік әділқазыларды таныстырып.
Әділқазы алқаларымен таныстырады.
Сайыс 5 - бөлімнен тұрады. Әділқазылар критерийлер арқылы бағалайды.
1. Таныстыру. Байқауымыздың бұл бөлімінде сайыскерлеріміз өзін - өзі таныстырады.
«Таныстыру» бөлімінің критерийлері: (5 ұпай)
- өзін толық таныстыруы;
- шеберлігі;
- шығармашылығы.
2. «Суретті аяқтау, бояу». Бұл бөлімде сайыскерлер суретті аяқтап салып, бояйды.
«Суретті аяқтау, бояу» бөлімінің критерийлері: (5 ұпай)
- Суреттің симметриялығы;
- Бояуды дұрыс таңдай білуі;
- Жұмыстың ұқыптылығы.
3. «Сурет бойынша шағын әңгіме жазу»Бұл бөлімде сайыскерлер сурет бойынша әңгімеге ат қойып, шағын әңгіме жазады.
«Сурет бойынша шағын әңгіме жазу» бөлімінің критерийлері: (10 ұпай)
- тақырыптың суретке сәйкестігі;
- жоспарының болуы;
- әңгіменің жүйелігі;
- тақырыптың ашылуы;
- каллиграфия нормасын сақтай отырып жазуы.
4. «Мәтінді көшіріп жаз»«Домбыра» мәтіні көшіріліп жазылады.
«Мәтінді көшіріп жаз» бөлімінің критерийлері: (5 ұпай)
- сауаттылығы;
- әріп элементтерін дұрыс қосып жазуы;
- каллиграфия нормасын сақтай отырып жазуы;
- тазалығы.
5. «Үй тапсырмасы». Бұл бөлімде дайындап келген жұмыстары жайлы, қалай жасағанын айтып қорғайды.
«Үй тапсырмасы» бөлімінің критерийлері: (20 ұпай)
- Өмірмен байланысы;
- Баланың өз жұмысы;
- Ата - анасымен бірігіп орындаған жұмысы;
- Істеген жұмысына презентация жасау;
- Істеген жұмысының құндылығы.
Жүргізуші:
Сайысымыздың алғашқы бөлімі «Таныстыруға» кезек берейік.
Өнер қуып сайыскерлер өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа түскендер кезектесіп,
Өздерін таныстырып өтер дейміз.
Жүргізуші:
Екінші бөлім «Суретті аяқтау, бояу». Бұл бөлімде сайыскерлер суретті аяқтап салып, бояйды. ( Тапсырмалар таратылады) Музыка ойналып тұрады.
Жүргізуші:
Келесі бөлім «Сурет бойынша шағын әңгіме жазу» Бұл бөлімде сайыскерлер сурет бойынша әңгімеге ат қойып, шағын әңгіме жазады. 15 минут уақыт беріледі.
Жүргізуші:
Төртінші бөлім «Мәтінді көшіріп жаз» «Домбыра» мәтіні көшіріліп жазылады.
Сергіту сәті өткізіледі.
Жүргізуші:
«Үй тапсырмасы». Бұл бөлімде дайындап келген жұмыстары жайлы, қалай жасағанын айтып қорғайды.
Жүргізуші:
«Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз. Жеңімпаздарды марапаттау.
Ақмола облысы, Бұланды ауданы,
Макинск қаласы, Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицей
Бастауыш сынып мұғалімі
Матышева Гульмира Айдархановна
Слайдын жүктеу
Көркем жазу - өнер
- aiboll
- 27 ақпан 2020
- 16212
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Көркем жазу, өнер, сайыс, бастауыш сыныптарына арналған сайыс жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Отбасы – өмір аясы
Ата - аналар мен тәрбиеленушілерді сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт – дәстүрі туралы білімдерін байқау, отбасы – Отанның...Әлемді әнімен тербеткен - ана!
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Саға ауылы, «Мөлдір» балабақшасының музыка жетекшісі Толыбаева Лалагул Мақсетбаевна...Көрікті көктем аруы сайысы
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті әріптестер, аяулы ата – аналар, көрікті қыздар. Көктемнің алғашқы 8 - наурыз мерекесі құтты болсын!...Ханзада мен ханшайым
Лагерь ханзадасы мен ханшайымы Мақсаты: Халықтық тәрбиенің асыл қазынасы ұлттық мәдениетті, имандылық, ізгілік, әдептілік қасиеттерді қалыптастыру,...Алтын күз ханшайымы, Алтын күз ханзадасы
Терістіктен желдетіп, Жаңбырлатып, селдетіп, Шаттандырып біздерді, Шат шадыман күз келді....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.