Сайтқа кіру Тіркелу

Дихан Әбілев «Астанаға ақ бата»

Бастауыш сынып мұғалімі Гульмира Есимбекова

Тақырыбы: Дихан Әбілев «Астанаға ақ бата»
Мақсаты: Оқушыларға мәтіннің негізгі идеясын ұғындыру, Астана деген ұғымды түсіндіру.
Міндеттері: Әңгімені оқып таныстыру, мазмұнын ашу. Өлеңдегі тіркестерді меңгерту арқылы тілдерін дамыта отырып, ойлау, сөйлеу әрекеттерін жетілдіре түсу.
Сыни тұрғысынан ойлауға байланысты міндеттер:
Оқушының оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауын дамыту, қиялын шарықтату және сезімін ояту.
Топтық жұмыс процесіне байланысты міндеті.
1. Оқушылар бір – бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады.
2. Тақырыптың түсініксіз жерлерін анықтайды.
3. Топтастарының сұрақтарына жауап береді.
4. Қорытынды шығарады, өз пікірін дәлелдейді.
5. Өзара құрмет сезімін тудыру.
Басқаның пікірін сыйлауға, сөзін бөлмеуге үйренеді.
Тәрбиелік мәні: Оқушылардың Астана қаласына деген қызығушылығын арттыру. Астанаға деген таңдану мен мақтаныш сезімдер туғызу. Отанын сүюге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдары: кестелер, үлестірмелі карточкалар, төс белгілер, слайд, инетрактивті тақта.
Стратегиялары: топтастыру, ұжымдық оқу, ой шақыру, эссе, автордың орындығы
Түрі: саяхат сабақ
Типі: жаңа материалды меңгерту

Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту
Ұйымдастыру. Сәлемдесу

II. Ой шақыру
Ал, балалар, саяхат сабағымызды бастаймыз.
Ойын «Астанаға саяхат» Оқушылар 2 топқа бөлінеді.
1 - топ - қонақтар, 2 - топ - оларды қарсы алушылар
Топтастыру.
1. Астана тобы
2. Алматы тобы
3. Қаратал тобы
Үй тапсырмасы. Стратегия. Әлемді шарлау
Астана туралы деректер (ата - аналардың көмегімен.)
Оқушылар топ бойынша тапсырмаларын қабырғаға іледі. Өзара пікір алысады. Топтар бір – бірінің тапсырмаларын оқиды. Әр топтың спикерлері қорғайды.

ІІІ. Жаңа сабақ. Мақсат қою.
Ой шақыру.
Берілген сөздер бойынша оқушылар сабақтың тақырыбын айту керек.
1. Дихан Әбілев.
2. Ақын, жазушы.
3. Астана, ақ бата.

Кіріспе
Мәтінмен жұмыс:
1. Мұғалімнің оқуы
2. Оқушының оқуы
Мағынаны ажырату
«Ақ бата»сөзінің мағынасын ашу.
Тапсырманы топтарға тастау.
Мәтіннің толық мазмұнымен жұмыс:
Астана
Мәтіннен Астананы сипаттайтын сөздерді табу
(ақ қала, жаңа қала,, жас қала, соққан жүрек, баспана, еліміздің түндігі)

Астанаға тілек

Мәтіннен тауып жазу
(еркінде, жасқама, нұр жаусын, аппақ күнің лауласын, дос туысың көп болсын, жақындассың жауласың, еңсең өссің, елің өссің)
3. Бейнефильмнен үзінді « Астана - әсем қала»

IV. Бекіту.
Ой толғаныс.«Астанаға арнау» тақырыбында:
1 топ - шағын эссе;
2 топ - 4 жол өлең;
3 топ - сурет салу

V. Қорытындылау
Бағалау
Үйге тапсырма Өлеңді мәнерлеп оқу.
2. Астана туралы деректер іздеу.
3. “Астана - әсем қала” атты тақырыпта әңгіме жазу.
Сабақты “Қазақстан - қыран далам ” атты әнмен аяқтау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ей Астана

Ей Астана

Саған жетем, келер шекте күн болып. Сенен өсемін, биіктерге өр болып. Сенен өрем, нұрлананамын жаһанға Құшақ жайғын жаңа қала Астана!...
Астана  8-сынып (орыс мектебі)

Астана 8-сынып (орыс мектебі)

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Астана туралы түсініктерін кеңейту, мәтінмен жұмыс жасай отыра, оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыру, Дамытушылық:...
Қазақстанның ірі қалалары

Қазақстанның ірі қалалары

Қазақстанның ірі қалалары және жергілікті қала туралы мағлұмат беру, Мәтін мазмұнын аша отырып, қаладағы мәдени орындармен таныстыру....
Астана - болашағы зор қала

Астана - болашағы зор қала

Сабақтың тақырыбы: «Астана - болашағы үлкен қала» Сабақтың мақсаты: «Астана - болашағы үлкен қала» туралы оқушылардың ауызекі сөйлеу қабілеттерін...
Д. Әбілев. Туған тілім

Д. Әбілев. Туған тілім

Жезқазған қаласы, № 10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ершаева Калдыгуль Танатаровна Сабақтың тақырыбы: Д. Әбілев. Туған тілім Сабақтың...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×