Сайтқа кіру Тіркелу

Санды 1 - ге көбейту, санды 0 - ге көбейту

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы,
№18 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Кенжебаева Аида Бақытжановна

Математика 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Санды 1 - ге көбейту, санды 0 - ге көбейту
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды 1 және 0 сандарына көбейтуді үйрету. Көбейтудің және бөлудің дербес жағдайлары туралы білімдерін кеңейту.
2. Ойлау қабілеттерін дамыту. Логикалық есептерге қызығушылықтарын арттыру.
3. Ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: проектор, слайд, тапсырмалар

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
1. Психологиялық дайындық:
Ойға толып санамыз,
Бестік болып бағамыз
Баласындай бір үйдің
Тату болсын арамыз

2. Топқа бөлу. Оқушылар Жұлдыз, Күн, Ай топтарына бөлінеді.
Сабаққа өте жақсы қатысқан оқушы – қызыл, жақсы қатысқан оқушыға – көк, қанағаттанарлық қатысқан оқушы – сары белгі алады.

3. Бүгінгі біздің сабағымыз саяхат сабағы, біз бүгін сендермен ғарышқа саяхат жасаймыз, ғарыштың басқа ғаламшарларына тоқтаймыз. Әр бір ғаламшарда бізді математикалық тапсырмалар күтіп тұр. Ғарыш туралы не білесіңдер? Ғарыш туралы ойымызды толықтыра түсу үшін, мына бейнефильмға назар аударайық.
Ғарыш кеңістігінде шек жоқ. Оның кеңдігі соншалық, аспан денелерінің бір бірінен қашықтығын Жердегі өлшеммен, айталық километрмен өлшеу мүмкін емес. Жерге ең жақын жұлдыз Күн. Оның төңірегінде Жерді қоса есептегенде 9 ірі аспан денесі айналып жүреді. Олар ғаламшар деп аталады. Олар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран және Нептун, Плутон. Сонымен қатар ғарышта миллиондаған жұлдыздар, астероидтар, каметалар, т. б. аспан денелері жетерлік.
Ал енді саяхатқа баруға дайынбыз ба?
- Дайынбыз.
Белбеулерді тағайық,
Контакттарды қосайық.
Моторларды тексеріп,
Саяхаттап ұшайық
- 5 4 3 2 1 Кеттік!
Балалар бізге ғаламшарларға жеткенше біз мына тапсырмаларды орындап шығу керекпіз.

4. Үй жұмысын тексеру:
І топтың тапсырмасы
800 - 20=Г
125+25=А
580 - 200=Р
741+8=И
960 - 500=А
632+10=Г
430 - 30= Н

II топтың тапсырмасы
390+200=Т
30+300=Т
722+6=Қ
540 - 40=О
890 - 20=Р
223+4=А

ІІІ топтың тапсырмасы
580 - 300=T
90+600=Л
285+5=Ғ
850 - 50=Т
135+400=А
218+60=А

Жаңа сабақ:
- Біз иллюминаторларға қараймыз. Жерден алыстап кетіппіз.
Жаңа сабақты түсіндіру:
3∙1=3 3∙0=0

Есіңе сақта!
- Кез келген санды 1 - ге көбейткенде сол санның өзі шығады.
- Кез келген санды 0 - ге көбейткенде нөл шығады.

1. Біздің зымыранымыз Меркурий ғаламшарына жақындады. Меркурий ғаламшары көрінді. Меркурий Жер ғаламшарына ең жақын ғаламшар, оның көлемі Жермен бірдей. Меркурий ғаламшары бұлттармен жабулы.
Ғарышкерлер ғарышты зерттегенде оларды өз дәптерлеріне түсіріп отырады. Біз де ғарыш дәптерлерімізді ашып бүгінгі күнді жазайық. Көркем жазуға 10 санын жазып шығайық.
Біз ғаламшарға қонамыз, бізді инопланетянин күтіп алды. Ол бізден көмек сұрады.
І топ ------------ ІІ топ ----------- ІІІ топ
8∙1= ------------ 12 ∙1= ----------- 27 ∙1=
10 ∙0= ---------- 25 ∙0= ----------- 38 ∙0=
9 ∙1= ------------ 30 ∙1= ----------- 394∙1=

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Адамның ғарышты зерттеуі. Ғарыш туралы түсінік

Адамның ғарышты зерттеуі. Ғарыш туралы түсінік

Мақсаты: Күн жүйесі, оның ғаламшарлары, ғарыштық денелер туралы түсініктерін қалыптастыру; оқушыларды ғарыш әлемін зерттейтін ғылым – астрономиямен...
Ғажайып ғарыш әлемі

Ғажайып ғарыш әлемі

Мақсаты: балалардың сандар, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, үлкен - кіші ұғымдарын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру....
Ғарышқа жол ашу

Ғарышқа жол ашу

Білімділігі: Ғарышты игеру деген ұғымымен танысу. ҚР ғарышкерлерімен, Байқоңыр айлағымен таныстыру. Оқушы бойына зерттеушілік жұмыстарға деген...
Көбейтудің және бөлудің дербес жағдайлары

Көбейтудің және бөлудің дербес жағдайлары

Көбейтудің және бөлудің дербес жағдайлары. 3*1, 3*0 түріндегі көбейту. Оқушыларды 1 - ді санға көбейту және 0 - ді санға көбейту жағдайларымен...
Қуат

Қуат

Ақтөбе облысы, Темір ауданы Бабатай орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Қалымова Разия Бекшқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×