Сайтқа кіру Тіркелу

Cатқын жапалақ

Пәні Әдебиеттік оқу
Мұғалімі: Мағданова Ақсауле Айдарбекқызы
Сабақтың тақырыбы: Ертегілер: Сатқын жапалақ
Сілтеме Оқулық, жоспар
Сабақтың мақсаты: Халық ауыз әдебиетінің бірі ертегі жанрының ерекшелігімен таныстыра отырып, оқушыны адалдыққа, батылдыққа, нысапшылыққа тәрбиелеу; ертегідегі оқиға желісінің байланысын, ертегідегі кездесетін оралымды сөз мағынасын ұғындыру арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын жетілдіру.
Сабақтың міндеттері: Жүйелілік, көрнекілік, тілдік сезімді дамыту. Ертегіні мәнерлеп түсініп оқуға, мазмұнын айта білуге дағдыландыру
Күтілетін нәтиже: Халық ауыз әдебиетінің түрімен танысып, ертегінің мазмұнын ашады, топпен жұмыс арқылы сөздік қорын дамытады,
Тапсырмалар: «Ойлан, тап!» Жұмбақ шешу,«Қызықты мәліметтер» кезеңі,«мен саған, сен маған»
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, талдау, іздену, әңгімелеу. Сын тұрғысынан ойлау, инетрактивті оқыту, топтық жұмыс. «Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі
Пайдаланылатын ресурстар: Суреттер, көрнекіліктер
Жүру барысы:
Кезеңдер Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті
Ұйымдастыру Оқушыларды құстардың суреті арқылы топқа бөлу. үй құстары, дала құстары, жыртқыш құстар болып бөлінетінін айтып топқа бөлу Құстар суреттерін суырып, 3 топқа бөлінеді.
Психологиялық дайындық
Қарлығаш боп ұшайық,
Қане, қанат қағайық,
Қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып - ұшып алайық.
Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық. Қайталап айтады.
Үй тапсырма
сын тексеру Өтілген «Батыр бала Бөген мен Шұбар аттың» мазмұнын сұрау, шұбар ат туралы суреттеу.
«Ойлан, тап!»
Шұбар ат әсірелеу
І - топ аяғы
Шекесі
Сауыры
ІІ - топ Ту сырты
Құлағы
Екі көзі
ІІІ - топ Танауы
Бауыр еті
омырауы
Әр топқа кестені толықтыру.
Әр топ формативті бағалайды, қол шапалақтау арқылы

Білу:
Халық ауыз әдебиет жанрларының түрлерін ата: Ертегілер, Төрт түлік туралы жырлар, Аңыздар, Өтірік өлең, Мысалдар, Жұмбақтар, Жаңылтпаштар, Мақал – мәтелдер, Шешендік сөздер туралы сұрау.
«Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі(оқушылар өз ойын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады): Ертегі дегеніміз не? Ертегілер — халықтың ауыз әдебиетінен мол орын алатын және жазу - сызу өнері болмаған кезде ауызша шығарылған күрделі шығармаларының бір түрі.. Ертегілер көбінесе қара сөзбен айтылатын болғандықтан, оны ерте замандағы ауызша шығарылып айтылатын көркем әңгіме деуге де болады.. Халық әдебиетінің басқа түрлері сияқты ертегілер де адам баласының еңбек кәсібі, тұрмыс - тіршілігіне байланысты туған. Онда халықтың ой - арманы, әдет - ғұрпы, мұң - шері, арман - мұраты баяндалады. Ертегінің түрлерін ата? Халық ауыз әдебиетінің түрлерін атайды және ертегі туралы түсінік береді. және оның түрлерін атайды.

Ертегілер: шыншыл ертегілер, қиял – ғажайып ертегілер, жануарлар туралы ертегі деп атайды

«Қызығушылығын ояту» Жұмбақ шешу:
Қызығып әр адам
Ұстап ап даладан
Жүнінен жұлып ап
Бесікке қадаған
Бұл қай құс? ( үкі)

Туысы дейді құстардың
Інісі дейді тышқанның
Тышқан да емес, құс та емес
Екеуінен тыс қалдым ( жапалақ) Жұмбақтың шешуін табады.
Түсіну Сабағымыз не туралы болуы мүмкін? Жапалақ немесе үкі
Қолдану Құстарға сипаттама беруге оқушыларға тапсырма береді.
Қосымша мұғалімнің түсіндірмесі:

«Қызықты мәліметтер» кезеңі
Үкі – негізінен орманды мекендеп, жемін түнде аулайтын жыртқыш құс. Басы үлкен, көздері бақырайған, қауырсындары жұмсақ. Жұптарын өмір бойы сақтайды. Дене мөлшеріне қарай 2 - 12 - ге дейін жұмыртқа басады. Қазақта үкінің қауырсыны пәле - жаладан сақтайды деген ұғым бар.
Байғыз - жапалақ тәрізді. Орман байғызы, торғай тәрізді байғыз деген түрлері бар. Жартастағы үңгірлерге ұя жасап, төрт - алты ғана жұмыртқа салады. Салмағы 195 - 260 грамдай болады.
Жапалақ қауырсындары қалың және қопсып тұрады. Сондықтан ұшқанда дыбыс шығармайды. Қорегін есту органының көмегімен іздеп табады. Құлағының қалқаны біршама жақсы жетілген. Жемсауы болмайды. 3 топ постер қорғайды. І топ: үкі, ІІ топ – жапалақ, І ІІ топ байғыз туралы мәлімет береді және қорғайды.
Бас бармақпен бағалау
Талдау Оқып, талдау: Ертегінің мазмұнын ашып талдау. Оқушыларға оқулықты 3 топтан 3 оқушыны шығарып рольге бөліп оқыту. 3 топтан 3 оқушы оқулықты оқып танысады.
Сызбаны толтыр: неден салынған
Сүлеймен патшаның сарайы
Мәтіндегі құстарға мінездеме беру: Тақтада кестені толтырады

І топ: көк жендетке мінездеме береді
ІІ - топ жапалаққа мінездеме береді.
ІІІ топ: үкіге мінездеме береді
Сергіту сәті Сергіту сәті. Ұшты – ұшты» ойыны.
Ұшты деген кезде ұшатын нәрсені айтқанда қол көтерсе, ұтады, ұшпайтын нәрсені айтқанда, қол көтерсе ұтылады.
Жинақтау «мен саған, сен маған»
Сүлеймен патша қандай бұйрық береді?
Үкі інілері Байғыз бен Жапалақты қайда жасырады?
Құстарды қыру міндеті кімге жүктеледі?
Жапалақ Байғыз інісіне қандай опасыздық жасайды?
Ертегіде қандай құстардың аты аталады?
Ертегі арқылы адам бойындағы қандай кемшіліктер сыналады?
Ертегінің қай түріне жатады? Карточкаларға сұрақтар жазылған, соны оқушыларға беріледі, олар жауап береді.
Бағалау

Кері байланыс Маған сабақта ең қызықты болғаны....... Маған қызықсыз болғаны...... Маған ұнағаны......... Стикерге жазып, смайликке жапсырады
Кейінгі оқу
Мәтінді мазмұндау, құстар туралы толық мәлімет жинап, суреттер салады.
Интернеттен, кітаптан іздену. оқу.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×