Тақырыбы: Таныстырған 42 әріппен, қош бол құтты Әліппе!
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін бекіту, олардың алған білім, білік дағдыларын көрсету, тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Жүру барысы: Құрметті ата - аналар, ұстаздар. Бүгінгі біздің қуанышымызда шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан Әліппені бітірдік. Бүгінгі «Таныстырған 42 әріппен, қош бол құтты Әліппем» атты ертеңгілігімізде біздердің балаларымыздың осы күнге дейін сауат ашып, оқып жазуға үйреткен «Әліппе» оқулығынан алған білімдерін ортаға салмақ кез келді. Әліппені бітіру алдағы өмірге жол бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше біз бүгінгі күні сол белестің бірінен астық. Сондықтан бүгінгі той сіздер мен біздер үшін ортақ та салтанатты мереке. Баршаңызға қош келдіңіздер дей, отырып ертеңгілігімізді бастаймыз. Олай болса қол соғып қошеметтей отырып, бүгінгі ертеңгілігіміздің иегерлерін ортаға шақырайық.
Сабақтан еш қалмайтын
Үйреніп бәрін жүретін
Алшаң басқан аяқты
Шақырайық ортаға
Амирхан деген баланы.
Көп оқитын, көп тоқитын
Жақсылықты жақтайтын
Қылығы оның сүйсінтер
Есімі оның - Асанали
Қошеметтеп қояйық.
Сәулелі де сымбатты.
Сөйлегені тым тәтті
Ай мен күні ата - ананың
Айжұлдыз шықты ортаға
Сабырлы да салмақты,
Бәрін біліп жаттайды.
Есепті де шағады.
Шуағын шашып айналаға
Алуа шықты ортаға.
Жұмсағанда баратын
Айтқан тілді алатын
Ақылдысы атасының
Әділ шықты ортаға.
Дарасы болар даланың
Дарабоз жігіт мақтанар
Мамасына қолғанат
Шақырайық Жангирді
2. Әдеби монтаж
Армысыңдар аналар
Бармысыңдар балалар
Сөзіме құлақ салыңыз
Бір серпіліп қалыңыз
Әліппеге арналмақ
Бүгінгі жыр әніміз Асанәлі
Кешегі сәби балаңыз
Жарады міне қараңыз
Ғылым білім жолына
Енді қайық саламыз
Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріпте
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны Әліппе Алуа
Оқуды көп ойладық
Қызығына тоймадық
Әріптерді үйреніп
Сауат аштық тойладық Әділ
Қыркүйекте келдімде
Сыныпқа кірдім қуанып
Қарсы алды ұстаз мейірмен
Қадамымда құп алып Жангир
Оқыған оны ғалымда
Оқыған оны мұғалімде
Оқыған оны көсемде
Жазушы ақын дарында Айжұлдыз
Бар білімнің бастауын
Әліппеден бастадым
Үйренуге талпындым
Құлшынып балғын жас жаным Амирхан
Ән: Ойыншықтар
Жақсы, балалар біз бүгін өнерімізді ортаға салып, ұстазымызға алғысымызды білдірдік. Ұстазымыз білімді қайдан үйретті, неден алдық білімді? Әліппеден
Бәрі бірге:
Бар кітапқа бас болған
Әліппе ғылым данасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы
Олай болса «Бар кітаптың басы болған - Әліппе» оқулығын ортаға шақырамыз.
Бәрі бірге: Ән Әліппе
Армысыздар жас достар
Армысыздар ата - ана
Болашаққа жол бастар
«Әліппең» келді ортаға
Алғаш рет өзімнен
Білім алды балалар
Өсті білім санасы
Елжірейді жүрегі
Маған адам баласы
Алғыс айтып жүреді
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден
Бәрі бірге: Қош келдің сүйікті Әліппе!
Би: Джимми - Алуа
Әліппе: Рахмет балдырғандар. Сендер осы әліппе оқулығынан әріптерді таныдыңыздар. Әріпті әріпке қосып, буын - буыннан сөз құрап, сөзден сөйлем құрап бүгінгі күні қысқа – қысқа әңгімеледі оқи алатын болдыңдар. Осы менімен бірге сендер математика тағы басқа пәндерді де қатар оқыдыңдар. Олай болса осы әліппе, математика оқулығынан алған білімдеріңді ортаға салыңдаршы, бір марқайып қалайық.
Бүгінгі біздің ертеңгілігімізге «Ертегілер елінен» хат жіберіпті. Бұл хатта сендерге арналған тапсырмалар бар екен. Олай болса біріміз осы тапсырманы орындайық.
1. Әліппе оқулығынан 116 беттегі М, Мақатаевтың «Әліппе» өлеңін мәнерлеп оқып беру
2. Жасырылған буынды тап.
Көй - лек Қа - лам Са - ғат
Сыз - ғыш Мон - шақ Ал - ма
Математика пәні бойынша.
1. 1 - 10 тура санау
10 - 1 кері санау
2. Есепті шығар
Әліппе: Рахмет достарым оқуда алда болыңдар. Мен қоштасқанда алған білімдеріңізді одан әрі ана тілі оқулығымен жалғастырасыздар. Мені қалай сүйіп ұқыпты, таза ұстасаңыздар ана тілі оқулығында сондай етіп ұстайды деп сіздерге үлкен сенім артамын.
Ұстаздар мен балалар
Аталар мен аналар
Танысыңдар досыммен
Достасыңдар осымен
Аттанғанда бүгін мен
Ана тілін таныңдар
Олай болса өзімінің досым Ана - тілі оқулығын шақыруға рұқсат етіңіздер.
Ана тілі
Армысыздар ағайын
Қош келіпсіз баршаңыз
Менде есік қағайын
Алтын күздің сыйындай
Құтты болсын қуаныш
Құтты болсын мейрамың
Құтты болсын тойларың
Ән: Мен әдепті баламын - Айжұлдыз
Би: Қазақ биі (ұлдар)
Ән: Қошақан
Әліппе: Құрметтеріңе бас иемін. Мен сендерге рахметімді айта отырып сендермен қоштасамын.
Рахмет айтып шаттанам
Риза болып аттанам
Алда ұзақ жасым бар
Оқумен өсіп толыңдар
Аман - есен болыңдар
Би: Флешмоб
Ертегі:«Бауырсақ» сахналық қойылым
Мұғалім:
Әліппені бітірді балаларым
Әліппеден нәр алған даналарым
Өзі жазып оқитын халге жетті
Құтты болсын қадамы балалардың
Балалардың білімі құтты болсын
Денсаулығы әрқашан мықты болсын
Білімдерін әрі қарай дамытатын
Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын.
Бата:
Алайық келер сәтті ойға түйіп
Қалар бір шапағаты көпке тиіп
Қол жайып періштені пейіліне
Бәріміз бір ауыздан «Әумин» дейік
«Әумин» десең міне батам
Қолдасын Қыдыр бабам
Әлемнің бетін жарық ет
Ұл - қызды түгел білімді ет
Келесі оқу жылына
Аман – есен түгел жет.
Осымен бүгінгі 1сыныпта өткен «Таныстырған 42 әріппен, қош бол құтты әліппем» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет.
Таныстырған 42 әріппен, қош бол құтты Әліппе!
- t.gaini
- 1 қаңтар 2016
- 2476
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қош бол әліппе, ертеңгілік бастауыш сынып
Ұқсас жаңалықтар:
Рахмет саған, Әліппе!
Мақсаты: 1. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тексеру 4 айдың ішінде мектеп қабырғасында үйренген өнерлерімен жан - жақты білімдерін ата -...Әліппемен қоштасу
Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың...Әліппемен қоштасу
Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың...Әліппемен қоштасу
ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУ Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау; өз өнерлерін ата — аналарға көрсету, эстетикалық...Әліппе - білім бастауы
Армысыздар аналар Бармысыздар балалар Сөзіме құлақ салыңыз Бір серпіліп қалыңыз Әліппеге арналмақ Бүгінгі жыр әніміз...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.