Өткізген: Майланова Тойдушат Елемесовна
Сабақтың тақырыбы: «Рахмет, саған Әліппе!»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін ата - аналарға көрсету, белсенділігін арттырып, ұжымшылдығын күшейту.
2. Дамытушылық: Кеш барысында, тапсырмаларды орындау барысында өз ойларын еркін айтып, толық жауап беруін, қабылдауын, зейін қоюын, есте сақтауын дамыту.
3. Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін - бірі сыйлауға, кеш барысында өзін - өзі дұрыс ұстауға және балалардың эстетикалық талғамдарын түсіп, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
1. Безендірілуі: «Рахмет, саған Әліппе!» сөзі жазылған плакат, суреттер, шарлар,
Мұғалімнің сөзі:
Армысыздар құрметті қонақтар, ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі - әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастайық.
«Ғажайыпстанға саяхат» бейнеролик көрсетіледі.
- Ендеше, үйренгендерімізді Білімпаз атаға айтып берейік.
Мұғалім: Ендеше, бүгінгі кешіміздің куәгерлерін ортаға шақырайық
Ән: Учат в школе (Нұрболат пен Согдиана)
Оқушылар билейді.
1 – жүргізуші: Ғидаят: Қайырлы күн, уа халайық!
2 - жүргізуші: Шапағат: Ассалаумағалейкум, халайық!
1 - Жүргізуші: Ғидаят
Армысыздар, ата - ана, ұстаздар
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.
2 - Жүргізуші: Шапағат
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз ұстаздар, ата - аналар
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Құттықтау сөз мектеп директорына беріледі.
1 - жүргізуші: Назерке
Тыңдаңыздар, бәріңіз!
Сөзіме құлақ салыңыз,
Бір серпіліп қалыңыз.
Әліппеге арналмақ,
Бүгінгі жыр - әніміз.
2 - Жүргізуші: Нұрболат
Өтті оқу сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат.
Басқа оқулық достаспақ
Әліппеміз қоштаспақ.
Мұғалім: Уа халайық, халайық,.
Мұнда назар салайық.
Білімді қарсы алайық,
Бәріміз қол соғайық.
Ортаға білім шығады.
Білім: Күн нұрындай білімнің,.
Күнімін мол ілімнің,
Құттықтаймын достарым,
Құтты болсын ұлы күн.
(Білім төрге шығады.)
Дильназ.
Биыл келдім мектепке
Бала шағым шақырды
Биыл міне, мектепте,
Болашағым ашылды.
Мерей
Мектеп - білім бұлағы,
Мейіріңді қандырар,
Мектеп ойдың шырағы,
Ақыл - санаң жаңғырар.
Мейірім
Қыркүйекте келдім де,
Сыныпқа кірдім қуанып,
Қарсы алды ұстаз мейіріммен
Қадамымды құп алып.
Сағыныш
Біз саналы баламыз,
Кітап, қалам аламыз
Ақ параққа әріппен
Білім жолын саламыз!
Ән: «Мұғалім ол біздің»
Гүлайна:
Достар менің сұрағыма жауап беріңдерші!
Іші толған әріпке
Бар білімнің атасы,
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол бастар.
Ол сүйікті Әліппе
Мұғалім сөзі: Олай болса, балалар мектепке алғаш келгеннен қолдарына ұстатқан Әліппе кітаптарыңыз міне сіздермен қоштасты. Ендеше ортаға Әліппе кітабымызды шақырайық.
Хормен: Әліппе, әліппе, әліппе! (Әліппе ортаға келеді!)
Ән: Әліппе
Әліппе:
Армысыңдар жас достар!
Армысыздар ата – аналар!
Менің атым Әліппе
Болашаққа жол бастар
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден!
Әліппем менің әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым білімнің
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Мейірім
Әріптерді жаттаймыз
Есте мықты сақтаймыз
Ұмытпаймыз бәрін де –
Атын, затын, түрін де.
Жексен
Апа – ата атын сен,
Бізге үйреттің Әліппе
Бізге нағыз жақын сен!
Сенен білдік әріпті
Ерасыл
Іші толы әріпке
Мынау әйбат әліппе
Барлық ілім – білімнің
Атасы осы – Әліппе
Ислам
Ашыла берді алдымнан
Кең дүниенің есігі
Соғылған сандар алтыннан
Әліппе білім есігі
Сағыныш
Әліппе сенің сырласың
Әліппе досың болады.
Әріптердің шұғыласы
Дәптеріңе қонады.
Хормен: Әліппе әні
Слайдтан Ана, Әке, Бала, Отан сөздерін оқу.
Әмина
Әліппе сауатыңмен санамды аштың,
Достарыммен теңдес араластым
Үйреніп, әріптер мен әңгімені,
Күн сайын алға қарай қадам бастым.
Томирис
Әліппе жарты жылдай жолдас болдым,.
Ана тілге әкеліп жалғастырдың.
Әр әріпті қостырып, сөзін құрап,
Хат танытып, алғаш сен көзімді аштың.
Назерке
Орындаймын әліппе ақылыңды,
Жарысқанда жазамын тақымымды.
Қандай қиын жұмбақты шешу үшін,
Арттырамын ғылымға құштарлықты
Мархабат
Ең алғаш қолға алғанда Әліппені.
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың
Ұстазым маған кілтін алып берді
Білімпаз ата: Балалар мен жұмбақ жасырамын. Сендер жауабын дұрыс тапсаңдар бір сөз шығады. Қане мұқият тыңдаңдар.
Білімпаз:
1. Әжеде бер, атада жоқ,
Әтеште бар, көжекте жоқ.(«Ә» әрпі)
2. Біреуі «белде»
Біреуі «көлде» («Л» әрпі)
3. Ірімшікті жедің ғой,
Тәтті екен дедің ғой.
4. Ірімшікті біз жеген,
Қай әріптен басталған. («І» әрпі)
5. Ата - анаңмен барып сен,
Пілді көрдің парктен.
Осы атаулар зер салшы,
Басталған қай әріптен. («П» әрпі)
6. Пілде бар, шілде жоқ,
Допта бар, шарда жоқ. («П» әрпі)
Ешкіде бар, қойда жоқ,
Кеседе бар, қасықта жоқ. («Е» әрпі)
Білімпаз: Балалар қандай сөз шықты?
Балалар: «Әліппе»
Білімпаз: Ал енді «Әліппе» сөзінен құралған әріптеріміз сыр шертеді.
Ақарыс: Әжем, әкем - әніміз,
Әрқашанда сәніміз.
Енді білдік бәріміз,
Ә - әрпінің мәнін біз.
Мерей: Лағым, менің лағым,
Селтеңдейді құлағың.
Босқа жүрмей сенімен,
Л - дан сөзді құрадым.
Шапағат: Іл - іл ілмешек,
Ірі шарды үрлесек.
Ренжиді інілер,
«І» дыбысын білмесек.
Согдиана: Бала отыр партада,
Оқы, үйрен шаршама.
П - дыбысы дауыссыз,
Мәлім болды баршаңа.
Ғидаят: П – дегенде парасат,
Жақсылардан шарапат.
Еңбекқор бол перзентім
Несібеңді адал тап.
Әлімжан Н: Е - дегенде ертегі,
Бізге сырын шертеді.
Еңбек, есті, ерлікті
Үлгі қылып ертеді.
Әліппе: Балалар өте жақсы мен сендерге ризамын Олай, болса менің мына тапсырмаларымды орындаңыздар. Буыннан сөз құра (слайдтан көрсету)
Әліппе: - Балалар Әліпбиде неше әріп бар?
Алфавитті біліңдер.
Онда жүйе қалып бар,
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.
Ойын: «Кім тапқыр» (ата - аналарымен бірге ойналады.)
Би: «Домбыра»
Әліппе: - Балалар мен сіздерге ризамын енді сендермен қоштасатын кезім келді.
Оқуға зейінді болыңдар,
Еңбекке бейімді болыңдар.------
Кір шалмасын қабақты,
Ақ жол болсын алдарың.
Оқығандарың есте болсын
Күнделіктерің беске толсын
Дильназ
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата – ана қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп шықты міне, балаңыз.
Қош құтты Әліппем Әлімжан Н.
Көк нәрсені үйреттің
Таныстырдың әріппен
Тақылдатып сөйлеттің
Ерасыл
Қош болып тұр, әліппе, анамдайсың,
Жақсы бол деп, біздерге алаңдайсың
Мен үйреткен әріптің құдіретімен,
Дейсің бізге кірпіш болып қаланғайсың.
Хор: «Рахмет саған Әліппе» әні
Әліппе
Ал, достар бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар.
Ортаға ана тілі шығады
Әліппе: Сендерге айтар тілегім, жаңа достарыңды да мендей сүйіп, мендей күтіп құрметтеңдер. Енді қош сау болыңдар
Бәрі:
Мың – мың алғыс,
Әліппе саған.
Бізге білім
Кілтін бердің
Болашақ ұрпақты,
Біз деп білдің.
Ана тілі
Сәлеметсіңдер ме, балалар
Сөйлетер сөзді шеберлеп
Өзіңнің ана тіліңмен
Байыптап жақсы оқысаң
Негізі менде білімнің
Бір - бірімізбен айнымас дос боламыз.
Мұғалім: Әліппе біздің білім есігін ашқан алғаш оқулығымыз болса, Ана тілі сөз сырын ұқтыратын сырласымыз болары анық.
Ана тілі: - Балалар мен сендердің Әліппені қаншалықты меңгергендеріңізді байқағым келіп тұр. Сұрақ қойсам жауап бересіздер ме?
1 сұрақ: Қазақ балаларына тұңғыш әліппе кітабын жазған және мұғалім кім?
Балалар: Ыбырай Алытынсарин атамыз!
Кел, балалар, оқылық!
Ақарыс
Кел, балалар, оқылық
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан,
Іздемей - ақ табылар.
Ана тілі: - ал енді келесі сұрағым
Қазақтың ұлы ақыны кім?
Балалар: Абай Құнанбаев
Әсемпаз болма әрнеге,.
Өнерпаз болсаң арқалаң.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалаң.
Көрініс. «Жандос және оның кітаптары»
Ана тілі: Рахмет достарым
Бүгін ниет қосқан күн.
Аянбаймын сырымды
Баяндаймын ғылымды.
Талаптыға бәрі бар,
Менен оқып алыңдар.
Хормен: Ана тілі біздің, туған анамыз,
Анамыздай сыйлап, бірге боламыз.
Мұғалім сөзі: - біздер әліппемен бірге басқа пәндерді де оқып келе жатырмыз. Санауды үйреткен қандай пән.
Балалар: Математика
Олай болса, математикадан үйренгенімізді ортаға салайық
Мұғалім: - Балалар біз математикадан санамақтарда үйрендік.
Согдиана: Бас бармағым - атам
Шаңырақтың төресі
Бала үйрек - әжем
Шаңырақтың ұйытқысы
Ортан үйрек - әкем
Шаңырақтың тірегі
Шылдыр шүмек – анам
Шаңырақтың ажары
Кішкене бөбек мен
Шаңырақтың базары
«Қай сан жасырынған?» слайдтан орындау.
Жалқаубек биі.
Мархабат: Нұрсауле, осы біздер қандаймыз?
Нұрсауле: оны біз сыныптастарымыздан сұрайық!
Дильназ: Біз қызықпыз, қызықпыз,
Сәл ерекелеу бұзықпыз.
Мархабат: мың бұралған бишіміз
Сағыныш: Біз шеберміз, ақылдымыз
Шапағат: Үлкенге ізеттіміз
Кішіге қамқоршымыз
Мейірім: Көп оқимыз, білімді тоқимыз
Ғидаят: Толқынды су бұлақпыз
Жанып тұрған шырақпыз
Томирис: Елімізді өркендететін
Қазақ тілін көркемдететін
Ислам: Бабаларға тағзым ететін
Аналарға бас иетін
Әмина: Елтаңбасымен еңселі
Туымен тұғырлы
Әнұранымен айбатты
Хормен: Біз қазақ елінің болашағымыз.
Мархабат: Біз бүгін шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып сауатымызды ашқан Әліппені бітірдік.
Нұрсауле: Иә осы жерде жүргізуші болып тұрғанымыздың өзі Әліппенің арқасы деп білемін.
Мархабат: Дұрыс айтасың, біз Әліппеден – кітап оқуды, өлең жаттауды, сурет салуды ән айтуды үйрендік
Нұрсауле: Сондай ақ, біз ағылшын тілінде үйреніп жатырмыз.
«Ағылшынша білемін» диалог Ғидаят пен Шапағат
Хор:
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Әліппені бітірдіңдер, шәкірттерім,
Ары қарай өсе берсін білімдерің!
Әлі талай білім алып ұстаздардан,
Көгерте бер бүлдіршіндер, қазақ елін!
Балалар:
Құрметті ұстаздар мен ата - аналар,
Кез келді сіздерден ақ бата алар.
Ұл - қыздарың көрсетті білімдерін
Жетелеген біздерді алғыс сізге!
Ата – аналар тілегі. Хор: «Атамекен»
Ш. Бекмұхамбетова атындағы мектеп - гимназиясы
Рахмет саған, Әліппе!
- toi24091988
- 28 желтоқсан 2015
- 3094
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Әліппемен қоштасу сценарий, қош бол Әліппем
Ұқсас жаңалықтар:
Әліппемен қоштасу
Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың...Әліппемен қоштасу
Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың...Қош бол, сүйікті Әліппем
Қош бол, сүйікті Әліппем!...Әліппемен қоштасу ертеңгілігі.
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылы №9 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Сахиева Ләззат...Әліппемен қоштасу (сценарий)
Әліппемен қоштасу ертеңгілігі Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.