Тақырыбы: Табиғаттағы су айналымы
Мақсаты:
Не білу керек: Сусыз өмір жоқ. Су - өмірдің көзі. Судың маңызын тұлғаның қасиеттерімен салыстыруға болады.
Не істей білу керек: Судың көзін, табиғатты қорғай білу. Өз пікірін айтып, дәлелдей білу.
Сөздік жұмыс:
Су жоқ жерде - өмір жоқ, ол ақиқат. «Судай мөлдір, сүттей ақ» (мағынасын қалай түсінеді)
Қолданатын әдістер:
Мәтінмен жұмыс, миға шабуыл, сөздік жұмыс, мақал - мәтелдердің мағынасын талқылау, ойын әдістері (қуаныш шеңбері, су құбылыстары, )
Сабақ жүргізілген сынып: 4
Ерте, ерте, ертеде «Табиғат» елінде бір қатал хан болыпты. Сол қатал ханның елінде бір жұмбақ адам тұрыпты. Сол жұмбақ адам хан сарайында домбыра тартып, маңайындағылардың көңілін көтереді екен. Жұрттың бәрі оны домбыраны тамаша тартатындығы үшін жақсы көретін. Бірақ сол адамды хан жек көретін. Ретін тауып, домбырашыға тиісетін, ұрысатын. Күндердің күнінде домбырашы ханның зорлықтарына шыдай алмай, хандықтан қашып кетеді.
Ол кетерінде мынадай хат тастап кетіпті:
- Оқып көріңдер. Сол жұмбақ адамның сырын шешкілерің келсе, қалдырған хатқа жауап жазыңдар:
Тест тапсырмалары:
1. Еліміздегі ең ірі темір кен орны:
А) Кентау Ә) Соколов - Сарыбай Б) Өскемен В) Ақтау
2. Жанғыш пайдалы қазбалар:
А) тас көмір, боксит Ә) мұнай, мырыш Б) газ, жез В) мұнай, тас көмір
3. Отқа жанбайтын қасиеті бар қазба:
А) фосфорит Ә) асбест Б) әктас В) ұлутас
4. Мұнайды арнаулы пеште қыздыру нәтижесінде не алынады?
А) фосфорит, мәрмәр Ә) полиметалл
Б) бензин, газ, жермай В) жанғыш газ, әктас
5. Берік әрі қатты тот баспайтын түсті металл?
А) темір Ә) жез Б) қола В) алюминий
6. Абайдың ескерткіші қандай тұғырға орнатылған?
А) ұлутас Ә) гранит Б) мәрмәр В) асбест
7. Әкке құмның өте сапалы түрін қосып не дайындауға болады?
А) цемент Ә) әк Б) ақ кірпіш В) әктас
8. Құрылыс материалдарына не жатады?
А) гранит, саз, құм Ә) мыс, алюминий Б) фосфор, асбест В) мұнай, тас көмір
9. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар дегеніміз не?
А) кенді бос тау жыныстарынан бөліп алу
Ә) металл мен оның қоспалары алынатын тау жыныстары
Б) майлы, қоймалжың сұйық зат
В) одан металл қорытып алынбайды
10. Асбест кен орны қай жерде орналасқан?
А) Жетіқара Ә) Жезқазған Б) Ақтау В) Маңғыстау
Өзіңді бағала: әр дұрыс жауапқа «5» ұпай жаз. Барлық ұпай сандарын есептеп, бағалау парағына орналастыр.
- Балалар сендер білесіңдер ме, ол қайда кетті? Оны қандай белгілері бойынша тауып алуға болады?
Жұппен жұмыс: (з ұпай)
1 – тапсырма. Сол жұмбақ адам сіздердің алдарыңызда. Ол кім екен? СУ. (Стақандағы су ортаға қойылады)
Бүгінгі тақырыбымыз «Табиғаттағы су айналымы». Мақсаты айтылады.
Олай болса суды қолдарыңызға ұстап, көріп, қозғап белгілерін жазуларыңыз керек.
КЕСТЕМЕН ЖҰМЫС (су туралы мәлімет жазылады)
Аз жүрді ме, көп жүрді ме, әйтеуір «Су» бір хандықтың қақпасына келеді. Күзетшіден бір түн түнеуге рұқсат сұрайды. Күзетші оны хандыққа кіргізіп, тез арада ханға айта қояды. Хан оны ұстап алып, мұздатқышқа салып тастайды.
Су қандай күйге енді екен? Оны құтқарып алайық. Ойланып көрейік.
Судың үш күйі туралы дәлелдеме.
- Жарайсыңдар, суды ханнан құтқару үшін мәтінмен жұмыс жасайық:
Мәнерлеп оқу
Теріп оқы
Мәтінді мазмұнына қарай неше бөлікке бөлуге болады?
Әр бөлікке ат қой, ойыңды дәлелде.
Су – тіршілік көзі.
Су – табиғатта көп таралған зат. (ГЛОБУС)
Табиғаттағы су айналымы.
ТӘЖІРИБЕ ЖАСАУ
Қысқаша конспект құрылымын жасау.
А Негізгі жазба
Б Мәтінге қажетті сұрақтар мен жаңа сөздер
В Қорытынды ой
Сызбадағы қысқаша мәліметіңді оқып бер.
Жұппен жұмыс: білгеніңді жұбыңа айтып бер, бір - біріңді бағала
Ойын «Сен сұра, мен жауап берейін»
Екі топтың балалары бір - біріне сұрақ дайындайды, жауап іздейді.
Біз суды құтқардық. Енді су біздің ортамызға келді.
Ойын «Даттаушы», «Жақтаушы»
Мурзагалиева – жақтаушы, Бауыржанұлы – даттаушы.
Жақтаушының міндеті: судың қажеттілігін айту.
Даттаушының міндеті: судың зиянын айту.
І топ: Сурет сайысы.
Осы түсінгендеріңді сурет арқылы көрсете аласыңдар ма?
(ауызша түсіндіріп өту)
ІІ топ: Кестемен жұмыс: (алған мәліметті кестеге толтыр)
«Бұлт туралы мәлімет»
Жер бетінен жоғары көтерілгенде де ауа салқындайды. Оның құрамындағы бу ұсақ су тамшыларын немесе мұз түйіршіктерін бөліп шығарады. олар жиналып бұлт құрайды. Пішініне қарай бұлт бірнеше түрге бөлінеді. Шарбы бұлт, будақ бұлт, қабат бұлт.
Шарбы бұлт - өте үлкен биіктікте ұсақ су тамшылары қатып, мұз кристалдарына айналады.. Шарбы бұлттан жауын шашын жаумайды.
Будақ бұлт – түтіліп, үйіліп жатқан жүнге немесе мақтаға ұқсайды. Жеке будақтар сұрғылт түсті келеді, олар біріге келіп түнеріп, будақ жаңбыр бұлтына айналады. Одан жазда нөсер жаңбыр, қыста жапалақтап қар жауады.
Қабат бұлт – тұманға ұқсас, төмен жүретін қабат бұлт аспанды түгелдей торлап алады да, одан ұзаққа созылған ақ жауын жауады.
Мен білемін, Мен білдім Білгім келеді
ІІІ топ: Интерактив тақтамен жұмыс:
табиғаттағы су айналымын сурет сала отырып, қорға.
Бағалау: жеке оқушының жауап беруі 2 ұпай, топпен жауап 1 ұпай, ізденіп жауап беру 3 ұпай. Ойын дәлелдей алу 4 ұпай.
Қорытынды: Бағалау: Егер кімде 75 - тен жоғары ұпай болса, «5», егер 65 - тен жоғары болса «4», егер 50 - ден төмен болса «3» деген баға қойылады.
Күніміз жарық болсын,
Аспанымыз ашық болсын.
Суымыз мөлдір болсын,
Ауамыз таза болсын!
Су жүргізер тіршіліктің тамырын,
Су жоқ болса, тірлік тамам бауырым.
Судың мәнін, түсіндік түп маңызын,
Суды сақтап, ұмытпайық қадірін.
Табиғаттағы су айналымы
- Ментай
- 22 желтоқсан 2015
- 4967
- 0
- 0
Ілмек сөздер: табиғат, су айналымы, хан, даттаушы, жақтаушы
Ұқсас жаңалықтар:
Жауын - шашын. Суды қорғау
Жауын - шашын және оның түрлері туралы түсініктерін қалыптастыру; жауын-шашынның пайда болуы туралы түсіндіру. Қосымша тапсырмалар, сөзжұмбақ...Табиғаттағы су айналымы
Бастауыш сынып мұғалімі Калиева Индира...Пайдалы қазбалар
Қостанай облысы, Рудный қаласы, №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жаңабай Анар Ғалымқызы...Табиғаттағы су айналымы
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №21 жалпы білім беретін орта мектебі КММ Бастауыш сынып мұғалімі: Сауытбаева Гульмира Серикбаевна...Пайдалы қазбалардың түрлері
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №8 жалпы орта білім беретін мектеп І cанаты бастауыш сынып мұғалімі Нурадинова Айнагүл Нурадинқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.