Сайтқа кіру Тіркелу

Мәтінді есептерді өздігінен шығару іс-әрекетін ұйымдастыру

Қызылорда облысы, Сырдария ауданы,
44 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Жусупова Тынымкүл

Мәтінді есепті өздігінен шығару іс әрекеттерін ұйымдастыру

Математика сабағында және сабақтан тыс кезде өзіндік жұмыстар жүргізіледі
Өзіндік жұмыстар:
• Жаңа материалды оқып үйренуге дайындау мақсатымен
• Жаңа материалды таныстыру кезінде алған білімін білігін және дағдыларын бекіту үшін
• Оқушының үйренген материалын қаншалықты меңгергенін тексеру үшін өткізіледі.
Математиканың оқу процесінде есеп кезекті дидактикалық материалдар үшін пайдаланылады.
• Математиканы оқып білуді ынталандыру
• Белгілі материалды меңгертуге алдын ала дайындау
• Теориялық материалды меңгеру қабілетіне ие болуға баулиды
• Негізгі үлгі есептерді шығару дағдыларың қалыптастыру
• Ақыл ойдың ақыл ойдың өнегелі сананың дамуына мүмкіндік туғызу.
Есеп шығару кең көлемдегі тәрбиелік мақсатты көздейді:
• Есеп оқушының алған білімін оқу процесіне, өмірде қолдануға дайындайды
• Қоғамдық құрылыстың жетістіктерін көрсететін есептер сүйіспеншілікке тәрбиелейді
• Берілген есеп шешуін табуға қатысу оқушының шығармашылық шабыттануына жағдай жасап эстетикалық тәрбие береді.
Математика курсында мәтінді есептердің маңызы бар
1. Олар арифметикалық амалдарды оқушының еркін игерулеріне көмектеседі
2. Арифметикалық амалдар туралы түсініктерді тұжырымдарды оларды орындау тәсілдерін анықтауға мүмкіндік туғызады
3. Есептер де балалар амалдардың әр түрлі қолдану жағдайларымен танысады
4. Есеп оқушының өз беттерімен іс-әрекеттерін дамытуға мүмкіндік береді
5. Оқушыны математикаға ынталандыруға мүмкіндік береді
Арифметикалық амалдар туралы түсінік қалыптастыру үшін оқушылар шамалары арасындағы байланысты анықтай отырып көптеген мәтінді есептер шығарады
Мысалы. Әділет 1 айдың ішінде 4 ертегі кітап оқыды, сонда апта сайын неше ертегі кітап оқыған?
Оқушылар Әділеттің бір ай ішінде оқыған кітаптың қанша екенін біліп олар есептің шартын ойластырып жазып есепті қандай амалды қолдану арқылы орындау керектігін анықтайды
Осы сияқты жәй және құрама есептерді бірнеше рет орындай отырып оқушылар арифметикалық амалдардың және олардың нәтижелерін салыстыруды меңгереді.
Оқушылардың білімін жетілдіру дамыту мақсатындағы есептерге көбірек көңіл бөлу керек
Дамыту қызметін атқаратын есептер оқушылардың танып білуіне мүмкіндік туғызатын құрал
Жәй есептерді шығара білу оқушылардың құрама есептерді шығара білуді игерудің басқышы болып табылады Өйткені құрама есептерді шығару жәй есептерді шығарудан құралады Жәй есепте тек қана екі берілген шама болғандықтан олар арқылы белгісіз шаманы табу талап етіледі
Құрама есептерді шығару үшін оны бірнеше жәй есептерге жіктейміз оларды біртіндеп шығарамыз.
Мысалы Тігінші 24 метр мата жұмсап 4 көйлек тікті 300м матадан осындай неше көйлек тігуге болады? (бұл есеп екі жай есептен тұрады)
• Тігінші 24м жұмсап 4 көйлек тікті. Осындай 1 көйлек тігу үшін қанша мата қажет?
• Тігінші 1 көйлек үшін 6 м мата жұмсайды,, 300 м матадан осындай неше көйлек тігуге болады?
Бұл есепті шығару құрама есеп шығару болып табылады.
• 24: 4 = 6 (м)
• 300: 6 =50п (к)
Есеп шешілген деп есептейміз, егер табылған шешім:
• Қатесіз
• Дәлелді
• Жеткілікті сипатқа ие болса
Есеп шешімінің үш міндетті талабына басқа мынадай қажетті талаптардың болатындығын көрсетуге болады.
• Есепті ң шешімі мүмкіндігінше қарапайым болуы қажет
• Шешім тиісті түрде белгіленген тұжырымдалған (шешімінің жазылуы )
• Шешімді табу жолы анық
Талап сипаты бойынша барлық математикалық есептер бірнеше түрге бөлінеді.
• Берілген объектінің белгісіз сипатын табуға арналған есептер
• Дәлелдеу
• Кейбір объектіні түрлендіру
• Геометриялық салу есептері
Есепті қалай шығарамыз?
1. Есепті анық түсіну қажет
• Есептің қойылуын түсіну
• Не белгісіз?
• Не берілген?
• Есептің шарты неден тұрады?
• Белгісізді анықтап табу үшін берілген шарт жеткілікті ме.
• Әлде жеткіліксіз бе?
• Сызбасын салу
• Ыңғайлы белгілерді енгізу
2. Белгілі мен белгісіздер арасындағы байланысты табу
• Шешу жоспарын құру
• Белгісізді анықтап қараңдар
• Ережелерді анықтамаларды еске түсіру
• Есептегі барлық негізгі ұғымдарға назар аудару
3. Шығару жоспарын іске асыру
• Есептің шығару жолын таңдау
4. Табылған шешімді зерттеп білу қажет
• Алынған шешімді зерттеу
• Алынған қорытындыны тексеру
• Шыққан қортынды басқа жолмен алу және оны біртіндеп анықтау.
• Қолданылған тәсілді басқа есептерді шығару үшін пайдалану.
Мәтіндік есепті шығарудың барлық әдіс тәсілдерін өз тәжірибемде оқушыларға түсіндіріп оларды қолдануды біртіндеп дағдыландырамын. Соның нәтижесінде олар өздігінің мәтінді есепті шығара біледі. Оқушылар мәтінің ұқыпты оқып олардың шарты талданғаннан кейін мынадай қорытындыға келеді
• Есеп мәтініне тиянақты талдау жүргізу
• Есеп мазмұныдағы белгілі мен белгісіз шамалар арасындағы байланысты ажырата білу.
• Есеп шығару жолын жаттықтыру
Математика
Сабақтың тақырыбы: Қайталау
Сабақтың мақсаты: Өткен сабақтарды қайталай отырып, оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеп шығармашылық ойларын өсіру, өздігінен қортынды жасай білуге дағдыландыру.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру (сабаққа әзірлік)
Психологиялық дайындық жүргізу
Оң қолында бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Беске бесті қосқанда
Болады екен он саусақ (қимылды жаттығулар)
ІІ. Арифметикалық диктант
1 қосылғыш - 20 1 қосылғыш -?
2 қосылғыш –? 2 қосылғыш - 10
Қосынды - 50 Қосынды - 40
Оқушылар өз беттерінше дәптерлеріне жазып отырады. Барлығы болған соң дұрыстығы тексеріледі.
Өткен сабақтарға шолу (ауызша)
Шамалар: ұзындық, масса уақыт өлшем бірліктеріне не жатады?
1 кг –? г 1м -? см
1сағ -? минут 1дм -? см
Өздігінен жұмыс: Өрнектің мәнің тап. Әр бағындағы өрнектерді салыстыр.
5+7=12 9+4=13 6+8=14
7+5=12...........................
Қортынды жаса дәлелде
Мына схема бойынша тұжырымдама жасадық а+б=с с - б=а
б+с=а с - а=б
Оқулықпен жұмыс: 4 - тапсырма
Есеп шығару
Бақшадан 10 қап картоп және 4 қабы кем сәбіз жиналды. Барлығы неше қап көкөніс жиналды?
10 4??
• Есеп не жайында айтылған?
• Есепте не белгілі, не белгісіз?
• Шартын тақтаға сызған соң оқушылар есеп шығарады.
1) 10 - 4=6 (қ ) сәбіз
2) 10+6=16 (қ) барлығы
Жауабы: 16 қап
Кім тапқыр? Ойыны
Бір күні қасқырмен түлкі кездесіп қалыпты. Олар бір себет балықты бөліп жемекші болады.
«Түлкі сен маған қарағанда есепті жақсы шығарасың ғой, балықтарды сен бөлсейші» дейді қасқыр.
Сонда түлкі, оның есеп шығарылмайтынын пайдаланып былай бөліпті:
Біреуі саған, екеуі маған, үшеуі саған, төртеуі маған, бесеуі саған, алтауы маған, жетеуі саған, сегізі маған, тоғызы саған, оны маған.
Сонда әрқайсысына неше балықтан тиген?
Оқушылар өз беттерінше орындайды.
Қасқырға тақ сандар 1+3+5+7+9=25
Түлкіге жұп сандар 2+4+6+8+10=30
Топтық тапсырма. Неге екенін түсіндір?
• Төрт жұмыртқа 4 минутта піседі, ал бір жұмыртқа неше минутта піседі?
• Тауық бір аяқпен тұрғанда 5кг, ал екі аяқпен тұрғанда неше кг болады.?
• Ағаш бұтағында 12 торғай отырды оның біреуі торға түсіп қалды. Бұтақта неше торғай қалды?
Қортынды: Оқушылардың сабаққа қатысуы бағаланып үйге тапсырма беріледі.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×