Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: тік төртбұрыш жайында түсінік беру; тік төртбұрыштың қасиетін анықтау; есепті әр түрлі тәсілмен шығару;
Дамытушылығы: шығармашылық ойлау қабілетін, математикалық тілін дамыту, оқушының белсенділігін артыру, өзін - өзі бағалауды үйрету;
Тәрбиелігі: оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа, өздігінен жұмыс істей білуге, өз жұмысын бақылауға үйрету.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап, СТО әдісі,
Көрнекілігі: слайдтар
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру. Психологиялық даярлық.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
№ 5 87 - бет
«Жедел жауап» сауалнамасы
Мұғалім сұрақтар оқиды:
1. Ең кіші екі таңбалы сан
2. Ең үлкен масса өлшем бірлігі
3. Жеті мен төрттің қосындысы
4. Он бес пен тоғыздың айырмасы
5. Екі балада 10 алмұрт болды. Біреуі 1алмұрт, екіншісі үш алмұрт жегенде, олардың қалған алмұртының саны бірдей болды. Әуелде әр балада неше алмұрт болды.
3. Өткенді пысықтау
«Адасқан буындар» ойыны арқылы «қосудың қасиеті» деген сөзді табады. Топтастыру жұмысы арқылы қосудың қасиетін еске түсіреді.
4. Көркем жазу
- Балалар, қосудың қасиетін қайталау барысында қандай сан қосындының мәні болды, демек, біз бүгін 12 саның көркем етіп жазамыз. Жазу ережесі пысықталады.
- 12 саныңда қанша ондық, бірлік бар?
- 12 қандай сандардың қосындысы?
- 12см - де қанша дм және см бар?
- 12 санының құрамын еске түсірейік.
5. «Ойлан, тап!» ойыны арқылы балалар бұрыштың түрлерін қайталайды.
6. Графикалық диктант
Графикалық диктант арқылы тік төртбұрыш салу.
- Бұл қандай фигура? – Тік төртбұрыш.
Неге тік төртбұрыш дейміз? – Өйткені, оның барлық қабырғалары тік болады.
Практикалық жұмыс
Оқушылар алдарындағы тіктөртбұрыш тәріздес парақ қағазды алып, оны екі қабаттап бүктейді. Содан кейін осы амал әрекетті тағы бір рет қайталайды. Шыққан бұрыштың тік екеніне көздерін жеткізеді. Оқушылар сол тік бұрыштың көмегімен дәптердің, оқулықтың, сызғыштың т, б заттардың тік бұрыштарын анықтайды.
7. Оқулықпен жұмыс
1 - есеп
Өзіндік жұмыс. Қатар бойынша орындау. Неге тік төртбұрыш екендігін дәлелдейді.
8. Сергіту сәті
8. Қосудың терімділік қасиетін пайдаланып өрнекті құру, мәнін табу.
Ітоп: (30+20)+40 =90
30+(20+40) =90
(40+10)+20 =70
40+(10+20)= 70
ІІтоп: (10+30)+40 =80
10+(30+40)= 80
(40+30)+20= 90
40+(30+20) =90
ІІІтоп: (50+20)+30= 100
50+(20+30) =100
(60+10)+40= 100
60+(10+50) =110
9. «Балапанға көмектесейік» әйнекшенің орнына тиісті таңба мен санды қою.
10. Тақтамен жұмыс
2 – есеп Тиімді тәсілмен шығару
Алдымен - 4 қ. б.
Кейін - 5 қ. б. және 3 ж. б.?
11. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.
«Иә - жоқ» математикалық диктант
1 - топ: 7 мен 2 сандарының көбейтіндісі 14 - ге тең.
3 пен 1 - дің бөліндісі 4 - ке тең.
2 - топ: Ең үлкен 3 таңбалы сан 777.
4 - ті 4 есе арттырсақ, 16 - ге тең.
3 - топ: Бөлінгіш, бөлгіш, бөліндінің мәні. Бұл көбейтудің компоненттері.
Егер санды 1 - ге бөлсе, сол санның өзі шығады.
4 - топ: Егер санды 0 - ге көбейтсе сол санның өзі шығады.
Шаршының барлық қабырғалары тең болады.
12. Қорытынды.
Суреттен қуыршақтың қай бөлігінде тік бұрышы бар фигурадан құрастырылғанын анықта.
Тапсырма:
Үй тапсырмасы. №3. Бағалау
Тік төртбұрыштың қасиеті
- күнайым
- 13 желтоқсан 2015
- 3860
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тік төртбұрыштың қасиеті, математика бастауыш сынып
Ұқсас жаңалықтар:
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табудың әртүрлі тәсілдері
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тік төртбұрыш туралы алған білімдерін еске түсіру, тік төртбұрыш пен шаршының периметрін әр түрлі тәсілмен табуды...Тест. Математика 2 сынып (III тоқсан)
Тест Математика 2 – сынып (III тоқсан)...Ондықтарды қосу және азайту
Қызылорда қаласы, № 211 А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Еспенбетова Зағира Нағметуллақызы...Математика 3 сынып тест
Математика 3сынып № 1 тест 1. Алты жүз тоқсан сегіз санының дұрыс жазылуын белгіле. A) 608. B) 689. C) 698. D) 609....Көбейтудің үлестірімділік заңын пайдалану жолдары
Қарағанды қаласы №6 жалпы білім беретін орта мектебі Мұғалім: Ахметова Гульмира Махметовна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.