Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш
Мақсаты
1. Білімділік: Оқушыларға тұрлаулы мүшелер туралы түсінік беру, баяндауыштың сөйлемдегі атқаратын қызметі туралы түсініктерін кеңейте түсу, таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ой – өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды өз ана тілін сүюге, құрметтеуге, достыққа тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ, топтық жұмыс, постер қорғау;
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын.
Көрнекілігі: Суреттер, сызбалар, плакаттар, АКТ.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану.
2. Оқулықпен жұмыс: 35 - жаттығу. Өлеңді түсініп оқу.
Маусымдар
Қыс құнар береді,
Көктем дән себеді.
Жаз баптап өсірсе,
Күз жинап - тереді.
Өлеңдегі қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Бұл сөздер нені білдіреді? Олар сөйлемнің қай мүшесіне қатысты?
Ережемен танысайық:
Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш дейді.
Баяндауышқа не істеді? неғылды? қайтті? деген сұрақтар қойылады. Әсем биледі. Найзағай жарқылдады.
Оқулықпен жұмыс
36 - жаттығу. Өлеңді оқып, көшіріп жазу
Тырс - тырс!
Жаңбыр кеп жауады,
Тамшылар тамады.
Тырс - тырс!
Жапырақ жылайды,
Жардан су құлайды.
Микрофон әдісі пайдалану арқылы оқушыларға баяндауыш жаздырту.
Тақтамен жұмыс
Бала............... қуанды
Қоян................ секірді
Гүл.............. өсті
Жел............... соқты
Презентациясын жүктеу
Толық нұсқасын жүктеу
Баяндауыш
- ramuk_b
- 26 қараша 2015
- 3259
- 0
- 0
Ілмек сөздер: баяндауыш, бастауыш сыныптағы баяндауыш
Ұқсас жаңалықтар:
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелерді мүшелер туралы ұғым қалыптастыру, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру Таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру, оқушылардың ой...Жалаң және жайылма сөйлем
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №21 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Абитаева Айтолкын Алтынбековна...Тұрлаусыз мүшелер
Атырау қаласы, жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Хасанова Галя Санахқызы...Баяндауыш
Сабақ мақсаты: 1. Баяндауыш туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік жасау. 2. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық...Баяндауыш
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы № 182 мектеп бастауыш сыныбының мұғалімі Мырзатаева Жаңыл Абдрахманқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.