Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға ұстаз — екінші ана екендігін түсіндіру. Мерекелерімен құттықтау.
ә) Танымдық қабілетін арттыру. Мұғаліммен оқушы арасындағы байланысты нығайту.
б) Айналасына білім, тәрбие ұрығын шашып, адамгершілік нұрын төгетін ұлы тұлға ұстазға құрмет көрсету, лебіз білдіру, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Әдеби - музыкалық бағдарлама.
Әдіс - тәсілі: Өлеңдер оқу, ән шырқау.
Көрнекілігі: Ұстаздар туралы жазылған нақыл сөздер, өлеңдер, гүл шоғырлары,
шарлар.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. ҚР мемлекеттік Әнұраны.
Мұғалімнің сөзі:
Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән - мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы мұғалім — мектептің жүрегі» - деген Ы. Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті
арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар. Ол - ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат етудің өзі бір үлкен күш, сондықтанда ұстаздың еңбегі -- ұлы еңбек. Сонымен «Ұстаз -- ұлы тұлға»! атты тәрбие сағатымызды ашық деп кезекті оқушыларға беремін.
Мұғалім деген - ерекше тұлға дара шың,
Ұмытылмастай өмірде мәңгі қалатын.
Мұғалім деген – аяулы адам асыл жан,
Шәкірт көңіліне күй болып жайнап жанатын.
Хормен барлығы:
Құрметіне ұстаздың тік тұрайық.
Алаңдап басқаға біз бас бұрмайық.
Аяулы ұстаздардың бұл мерекесін
Барлығымыз қуанып қарсы алайық!
Мұғалім: Ендеше ұстаз сөзінің формуласы қандай? (сол сәтте бес оқушы шығып ұстаз сөзінің формуласын көрсетіп айтады)
Ұ – ұлағатты
С – салмақты
Т – тапқыр
А – ардақты
З – замандастай зиялы
Ән: «Ұстазым» (хор)
Мұғалім: Келесі кезекті ұстаз ұлылығы жайлы айтылған ұлағатты сөздерге береміз.
Арайлым
Ұстаздық — ұлы құрмет, себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де ұстаз өсіреді.
Айым
Мұғалім — оқушы үшін ең жоғарғы адамгершіліктің үлгісі. Сондықтан да, ол оқушы жүрегінде ұмытылмас із қалдырады.
Жансая
Мұғалім — өзінің білімділігімен, жүріс - тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт - пішіні, киген киімімен оқушысына жақсы әсер етеді.
Менің ұстазым
- Тулеубаева Мереке Калмиденовна
- 25 қараша 2015
- 3756
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Менің ұстазым, ұлағатты ұстаздар күні мерекесіне арналған
Ұқсас жаңалықтар:
Мектеп білім тірегі, ұстаз оның жүрегі
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға ұстаз — екінші ана екендігін түсіндіру. Мерекелерімен құттықтау. Бүкіл адамзат баласы бас иер асыл тұлға ұстаздарын...Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем!
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Айымжан ауылы, бастауыш сынып мұғалімі Мухаметкалиева Жаксылык Қазезқызы...Мұғалімдер арасында "Екі жұлдыз" мұғалімдер күніне орай
Құрметті ұстаз қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!...Ұлылықтың басында ұстаз тұрар...
Өмірде әр адам баласының ұзақ тарихында рухани, мәдени қазынасы, қымбатқа түскен тәжірибесі осының бәрі «көрегендік» қасиетпен ұрпақтан ұрпаққа...Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік
Мұғалім, ғазиз мұғалім, Сарқылмас мәңгі бұлағым. Ұланың бүгі тойыңда, Арнайды саған бұл әнін....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.