Сайтқа кіру Тіркелу

Ертегі есептер

Павлодар облысы, Северный ЖОББМ
Бастауыш сынып мұғалімі Қадырбаева Н.

Математика 3 - сынып
Сабақ тақырыбы: Ертегі есептер
Сабақ мақсаты:
1. Ауыз әдебиеті жанрларын қолдана отырып, математикалық білім - білік дағдыларын жетілдіру.
2. Оқушы ойының математикалық сапаларын, өздігінен жұмыс істеу қабілетін дамыту.
3. Сабаққа белсенділігін, жазба жұмыстарын орындаудағы ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Ертегі әлеміне саяхат сабақ.
Сабақ әдісі: Талдау, жинақтау, жобалау, дәлелдеу.
Технология түрі: саралап - деңгейлеп оқыту.

Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық. (интерактивті тақтада күн бейнеленген.)
Балалар! Терезеге қараңдаршы. Бүгінгі күн неткен тамаша, Жарық күн! Күннің сәулесі бізге жылу, жарық, мейірім мен қуаныш сыйлайды. Келіңдер, күннен өтінейік, ол әрдайым жылы әрі жарық сәулесін шаша берсін.
Жарқын күн, жарқын күн!
Мен сені сүйемін!
Мен сенен сұраймын -
Бер маған жарқын күн,
Бейбіт күн жылуын!
Бер маған жарқын күн,
Денсаулық, ізгілік!

ІІ Логикалық есептер шешу сәті.
Ауызша жұмыс. А) Ойын «Брейн - ринг»
- Екі жұмыртқа 4 минутта піседі. Дәл сондай 8 жұмыртқа қанша уақытта піседі?
- Әжей қалаға бара жатып, қарсы алдынан 3 ер адамды кездестіреді. Олардың әр қайсысында бір - бір қап бар, әр қаптың ішінде бір мысықтан бар екен. Қалаға сапар шеккен жолаушылар нешеу?
- Торда 4 қоян бар еді. Осы қояндарды төрт бала бір - бірден сатып алды, біреуі қалып қойды. Неліктен бұлай болды?
- Қаз екі аяғымен тұрған кезде, оның массасы 6 кг. Егер қаз бір аяғымен тұрса, массасы қандай болады?
«Кім жылдам» ойыны.
Әрқайсысына затын табуға көмектес.
100: 20=(60+40): 20
81: 9=24: 4+12: 4
48: 8=(16+32): 8
(25+39): 8=64: 8

Ертегімен таныстыру.
Ертеде «Мақал» мен «Жұмбақ» деген ағайынды екі жігіт өмір сүріпті. Олардың «Жаңылтпаш» деген қарындасы болған екен. Бірде әкелері балаларын шақырып алып, өсиет айтады.
Әкесі:- Балаларым, сендердің «Тіл - әдебиет» шаһарындағы еңбектеріңді білемін. Бірақ «Жігітке жеті өнер де аз»дегендей, енді сендердің «Математика»еліндегі қажеттіліктерінді білгім келеді. Осы өсиетімді орындасаңдар, ақ батамды беремін.
Бұлардың қарындастары өте ерке болатын. Олда ағаларымен бірге барғысы келетінін айтып, қиғылық салды. Ағалар жолдың ауырлығын ескеріп, ерткісі келмейді.
«Жаңылтпашты» әзер көндірген жігіттер жолда оның да аманатын орындауға уәде береді. Жаңылтпаш ертегілер елінде санға қатысты жаңылтпаш ала келулерін тапсырады.
«Математика» еліне саяхат
(50 - 15): 5=7
(9+9): 6=
(32+48): 80=
(52+11): 9=
(19+17): 4=
(42+24): 11=
Өрнектердің мәні қандай сандар? (Бірлік сандар)
«Бірліктер»қалашығы. Бұл қалашықтың тұрғындары кімдер екеін білеміз бе? Бірліктер тұрады. Бірлік, ондық, жүздік. Олай болса, осы тұрғындардың тапсырмасын орындайық.

І деңгей Мақалды толықтыр.
І топ: Жігітке...... өнер де аз.
........ өнер көп емес.
...... ала болса,, ауыздағы кетеді.
...... түгел болса, төбедегі келеді.
ІІ топ. Шешуін тап:
Жалғас жатқан қос шеңбер,
Бүйірінде қақпасы.
Көрсең де оны дос сендер,
Жақсы, жаман ортасы. (3)
ІІІ топ:
Жақсыменен тең көрген,
Ата - ана да жөн көрген,
Орындықпен төңкерген. (4)
«Мыңдықтар»елі
Бұл елде кімдер мекендейді?
(бірлік мыңдықтар, ондық мыңдықтар, жүздік мыңдықтар)
Мыңдықтар елінің тапсырмасы:

ІІ деңгей.
1. Қай сан лайық?
..... атасын білген ер,...... жұрттың қамын жер.
2. Шешуін тап:
Мектептің алтын орағы,
Зейінділер одағы.
Жақсы көрер бар бала,
Зерекке дос ол дағы. (5)
3. Осы сандардан 3 таңбалы сандар құрап, разрядттық қосылғыштарға жіктеу: 345, 453, 354.
345=300+40+5;
453=400+50+3;
354=300+50+3;
«Арифметика» қалашығы
Бұл қалашықта кімдер тұрады екен?
(қосу, азайту, көбейту, бөлу)
ІІІ - деңгей
1. 100 санына байланысты қандай мақалдар білесіңдер?
100 теңгең болғанша 100 досың болсын

2. Амал таңбаларын дұрыс орналастыру арқылы 100 санын шығар
100*100*100*100*100=100
3. 50 санына байланысты мақал жаз.
50 Жылда ел жаңа
Ел құлағы елу - 50
«Геометрия «қалашығы
- Бұл елдің тұрғындарын білесіңдер ме?
(шаршы, шеңбер, үшбұрыш)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×