Тақырыбы: Балықшы мен балық
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ертегінің мазмұнын таныстыру, мағынасын түсіндіру
Дамытушылық: Ертегінің мазмұны мен идеясын ұғындыра отырып, оқушылардың сөздік қорын дамыту, шығармашылық қабілетін шыңдау
Тәрбиелік: Сабырлыққа, қанағатшылдыққа, білімділікке тәрбиелеу
Түрі: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелесу, көрнекілік
Әдісі: аралас сабақ
Көрнекілігі: А. Байтұрсыновтың портреті, ертегі кітаптар, слайдтар, нақыл сөздер, аквариум, қармақ, шаблондар (балықтар, бидай, арыстан, бүркіт, адам )
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық:
- Көз не үшін керек?
- Жақсыларды көру үшін!
- Екі құлақ не үшін керек?
- Ақыл - кеңес тыңдау үшін!
- Екі қол не үшін керек?
- Елге көмек беру үшін!
- Екі аяқ не үшін қажет?
- Шетте жүрсең, Туған жерге жету үшін!
Мұғалім: - Дұрыс балалар!
Ал біздің туған жеріміз, Отанымыз қандай? - Қазақстан
Қазақтың жерінде қандай ұлы мереке тойлануда?
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы
- Өте жақсы, олай болса мен сендердің құлақтарыңа, көздеріңе, қолдарың мен аяқтарыңа саулық тілеймін!
- Ал, балалар, бүгінгі сабағымыз күнделікті сабақтан ерекшелеу өтеді, өйткені бүгін бізге қонаққа апайлар келіп отыр.
II Үй тапсырмасын тексеру:
- Ал, балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
- Ө. Тұрманжановтың «Білім» өлеңін және А. Байтұрсыновтың «Оқуға шақыру» өлеңін мәнерлеп оқу.
4 оқушы өлеңді мәнерлеп оқиды
- Өте жақсы!
Үй тапсырмасын бекіту:
- Білімді болу үшін А. Байтұрсынов атамыз не істеу керек дейді?
Слайд:
Еңбек
Адам
Жануар
Білім
Оқу керек
Іздену керек
Білгенін айту, білмегенін сұрау керек
Еңбек
Слайд: Оқу мен еңбек - егіз
III Жаңа сабақ:
- Балалар, кешегі сабағымызда А. Байтұрсыновтың өмірбаянымен, ақындылығымен танысқанбыз.
Автордың өмірбаяны:
А. Байтұрсынов 1872 - 1937 жылдары өмір сүрген. Аудармашы, ақын, ғалым. Қазақ тілінде тұңғыш Әліппені жазған. Балаларға арналған бірнеше өлеңдері бар. Мысалы: «Тарту», «Оқуға шақыру»
- Ал, бүгін ақынның «Балықшы мен балық» ертегісімен танысамыз.
- Ертегі дегеніміз не?
Балалар өз ойларын айтады. (Ертегі өлең түрінде болады, жануарлар туралы, ертегі өте қызық)
- Жақсы, ал енді ертегі дегеніміз...
Слайд:
Ертегі дегеніміз – қиял мен арманға негізделген шығарма. Ертегілер әңгіме, өлең түрінде айтылады, жазылады. Онда халықтың арманы, әдет - ғұрпы, мұңы баяндалады.
Слайд:
Ертегі
Қиял - ғажайып шындық
тұрмыс - салт жан - жануарлар
Ертегіде көптеген кейіпкерлер кездеседі: жағымды, жағымсыз, жанама,
негізгі және т. б.
- Ал, өздерің ертегі оқыған ұнай ма?
- Ертегінің қай түрін көбірек оқисыңдар?
- Ал біз осы әдебиет сабағында қандай ертегімен таныстық?
- «Жел мен Күн», «Арыстан мен тышқан», «Үш аю»
- Кейіндеу өлеңмен берілген ертегілермен танысамыз
- Ертегілердің желісі бойынша мультфильмдер, спектакльдер, кинолар түсіріледі.
- Ал енді бүгін «Балықшы мен балық» ертегісімен танысамыз
- Балық қайда болады?
- Көлдерде, теңіздерде, мұхиттарда болады
- Балықтың бізге қандай пайдасы бар?
- Балықты көп жеген адамның көзі жақсы көреді
Слайд: Балықтың түрлерін көрсету
- Ал балықшы деген кім?
- Балық аулайтын адам
- Балықшы балықты немен аулайды?
- Қармақпен (көрсету)
Суретпен жұмыс:
Слайд:
Оқушылар суреттен көргендерін әңгімелейді
Оқулықпен жұмыс:
Мәтінді мәнерлеп оқимын
Сұрақтар қою
- Мәтінде не туралы айтылған?
- Балықшы неліктен балықтың айтқанымен келіспеді?
- Сен балықшының орнында болғаныңда не істер едің? Неге?
- Ал енді ертегіні рөлге бөліп оқиық.
- Бұл ертегіде неше кейіпкер бар?
- Ал мән - жайды баяндап тұрған кім?
Оқушылар мәтінді рөлге оқиды
- Енді балықшының пікірі бойынша қандай мақал шығаруға болады?
Дәптермен жұмыс:
Мақал - мәтелдер:
1. Қанағат – рақым тойдырар.
2. Азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың – дегенді қалай түсінесің?
(Адам өзіндегі барына қанағат болу керек, шүкіршілік ету керек)
Сөздік жұмыс:
Қанағат – риза болу, шүкіршілік ету
- Балалар, біз асымызды ішіп болған соң «тойдым» деп айтпауымыз керек, «қанағат» деп айту керекпіз.
Сергіту сәті:
- Енді бойымызды бір сергітіп алайық
Ойын: «Ақылды би»
Шарты: төрт оқушы «ақылды адам», «ақылды бүркіт», «ақылды арыстан», «ақылды өсімдік» болып сайланады. Қалған оқушыларға адам, құс, аң, өсімдіктердің суреттері таратылады. Адамның суретін алған оқушы «ақылды адамнан» кеңес сұрайды.
1. «Ақылды адамға» қойылатын сұрақтар:
1. Адамға ақылды болуға қандай жағдайлар көмектеседі?
Жауабы: Адам ақылды болу үшін көп оқу керек, көп іздену керек, білмегенін сұрау керек, көпті көрген қария кісілердің ақылын тыңдау керек. Осылай еңбектенсе ғана адам білім деген биік шыңына жетеді.
2. Адам табиғаттан не алады?
Жауабы: - Адам – табиғаттың перзенті. Адам өзінің өмір сүруіне керекті жағдайлардың барлығын табиғаттан алады. Сол үшін де табиғатты қорғауымыз керек, аялауымыз керек және бағалауымыз керек. Бүкіл табиғаттың тазалығына, оның сақталуына бәріміз жауаптымыз.
2. «Ақылды бүркітке» қойылатын сұрақтар:
1. Сен кімсің?
Жауабы: - Мен жыртқыш құспын. Мені адамдар қолға үйретіп, баптап, саятшылыққа пайдаланады. Ол қазақ халқының ертеден келе жатқан өнері. Менің көзім қырағы, өткір. Аң аулағанда мүлт етпеймін.
3. «Ақылды арыстанға» қойылатын сұрақтар:
1. Арыстан, сен аңдардың патшасысың, сенен барлық аңдар қорқады.
4. «Ақылды өсімдікке» қойылатын сұрақтар:
1. Бидай, «Нан бар жерде ән бар» - демекші сен астың, тоқшылықтың нышанысың. Әрқашанда солай бола бергей!
Жауабы: - Ия, Еңбек етсең, Жер – Ана да иіп сала береді. Күн нұры мен диқанның маңдайының адал тері сіңген дәні тәтті болады. Сол үшін де, еңбек түбі – береке.
Қорыту:
«Балық аулау» ойыны арқылы қорыту.
1. Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдың?
2. Бүгінгі сабақтан өзіңе қандай ой түйдің?
3. Халыққа айтар тілегің...
Бағалау:
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мақтау, бағалау.
Балықшы мен балық
- medeubaeva1989
- 16 қазан 2015
- 4741
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Балықшы мен балық суретін салу, бастауыш сыныпта сурет сабағы
Ұқсас жаңалықтар:
Алтын балық туралы жұмбақ
Бір балықшы балық аулауға көлге барып, алтын балық ұстап алады. Алтын балық әдеттегідей емес, тек бір тілегін орындайтынын айтады....Аңқау арыстан
Маңғыстау облысы, «Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» ММ - сі Ақкөзова Қарлығаш...Аңқау арыстан
Сабақтың тақырыбы: Ертегілер. Аңқау арыстан Сабақтың мақсаты: 1. Ертегі түрлерімен таныстыра отырып, ертегіні түсініп оқу, ертегі кейіпкерлерінің іс...Б.Момышұлы. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Каржаубаев...Арыстан мен тышқан
Мусина Айнұр....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.