Балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін дамыту.
Болашақ ұрпақтың танымдылық белсенділігін дамыту ақыл - ой тәрбиесінің міндеті ретінде күш бүгінге дейін күн тәртібінен түспей келеді.
Ақыл - ой тәрбиесінің бұл аспектісі баланың ойлау операциясының, танымдық процестерінің және қабілетінің дамуына тікелей байланысты. Баланың оқу - тәрбие процесінде дамыту мәселесінде басты рольді ең алдымен баланың өздігімен әрекет және танымдық белсенділігі атқарады. Ғалымдар С. Л. Рубинштейн, Д. П. Годовикова, Т. А. Куликова, А. И. Сорокинаның еңбектерінде балалардың білуге құштарлығының, танымдық қызығушылығының, куманикативтік сұрақтары, түрткісінің дамуы танымдық белсенділігінің көрсеткіштері ретінде атаған.
А. П. Усова «Балабақшадағы оқыту»атты еңбегінде мектепке дейін балалардың оқу әрекетіндегі танымдық белсенділігіне байланысты үш деңгейге бөлген теориясын басшылыққа алуды ұсынады.
Балалардың танымдық белсенділігін дамыту балабақшадағы педагогтардың үлесіне тиіп, ұйымдастыру шеберлігімен тікелей байланысты. Сондықтан бүгінгі күні тәрбиеші - педагог мамандарына түпкілікті білім берумен қатар, кәсіби іс - әрекетінің ғылыми негіздерін практикада қолдануға, практикалық біліктілік пен дағдыны қалыптастыруға ерекше көңіл бөлуде.
Ең басты талап баланың бақыты мен талабына жауапкершілікпен қарап, дене, физиологиялық, психологиялық даму заңдылықтарын түсіну. Балабақша педагогы өзін жай ғана тәрбиешімін деп қарамай, жалпы мәдениетін және кәсіби біліктілігі мен даярлығын жетілдіру қажет. Балалардың психологиялық ерекшелігі қоршаған ортадағы дүниені танып білсем деген қызығушылығы басым болып келеді. Баланың өзіндік ішкі позициясы қалыптасып және екі қажеттілігі: екіншісі белгілі бір әлеуметтік қатынасқа байланысты.
Айналадағы әлемді ойын, еңбек, серуен, сабақта педагог - тәрбиешімен, ересектермен, құрдастарымен қарым - қатынас кезінде танып біледі. Осындай жетістіктерге жету үшін тәрбиеші - педагог алдында тұрған ертеңгі мектеп оқушысы деп қарап, баланың мінез - құлқын, сана - сезімінің жетілу дәрежесін таным үрдістерінің ( түйсігі, қабылдауы, ес, ойлау, зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып, дамуын қадағалап әрі дамытып отыру керек. Сондықтан осындай ерекшелігін ескере отырып, оқу - тәрбие процесін жүргізу қажет. Тәрбиеші - педагог - мектепалды жастағы балалардың танымдық, белсенділігін қалыптастыруда, оның көзін ашуда басты тұлға. Қазіргі таңда мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру мәселесі жоғары деңгейде шешіліп, оқытудың жаңа технологиялары енгізіліп, сапалы нәтижелері байқалып отыр.
Сонымен бірге, оқушылардың танып білуге, қабілетін дамытуға, өз пікірін еркін айтуға, шығармашылығын дамыту арқылы іске асырылады. Сыныптан тыс жұмыстарды көптеп қатыстыруға, ойландыруға мүмкіндік туады. Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту мақсатында танымдық ойындар қолданудың маңызы зор.
Ойын дегеніміз - жас ерекшеліктеріне қарамайтын, адамның көңіл - күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын - төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай - ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бірі. Сондықтан ойынды сабақтан тыс уақытта пайдалану - үлкен нәтиже берері анық. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен мәнді де мағыналы әсер туындап өрбитінін байқаймыз. Себебі, бар өнердің бастауы деп білеміз.
Ойын - тек жас адамның дене күш қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке т. б. Ғана тәрбиелеп қоймайды, оның ақыл - ойының толысуына, жан дүниенің қалыптасуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытады.
Балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін дамыту
- Shaka_77
- 11 қазан 2015
- 4459
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін дамыту, баяндама
Ұқсас жаңалықтар:
Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін үйретудегі «PlayBus» жобасыны ...
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №35 «Шұғыла бөбекжайы» ағылшын тілі мұғалімі Джармағамбетова Гульбану Темирханқызы...Ғылыми-жаратылыстану сауаттылық құзіреттіліктерін қалыптастыру жолдары
Қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс - әрекеттің ғылыми - практикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің...Балабақшада серуенді ұйымдастыру және бақылау
Мектепке дейінгі кезеңде бала қоршаған ортаны танып біледі. Баланың табиғатты танып білуге деген қызығушылығын оята отырып, педагог оны табиғатпен...Мектеп жасына дейінгі жалпы тіл кемістігі бар балалардың ойлау қабілетін ой ...
№20" Алтын балық"мүмкіншіліктері шектелген балалар арналған балабақшасының логопеды Гаухар Дайрабаева Тлековна...5-6 жасар балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін дамыту және сыни тұрғыдан ойл ...
6 - 7 жастағы баланы оқу - тәрбие процесінде дамыту мәселесінде басты ролді ең алдымен баланың өздігімен әрекеті және танымдық белсенділігі атқарады....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.