Сайтқа кіру Тіркелу

Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем!

Ұстазым, ұлағатым, үлгі өнегем!
Мақсаты: Бүкіл адамзат баласы бас иер асыл тұлға ұстаздардың ерен еңбегін, мол қадірін, тарихтағы баға жетпес орнын паш ету, жас ұрпақты ұстазды құрметтеуге, адамгершілікке, сыйлап түсіне білуге үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырын түсіндіру, ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.
Көрнекілігі: ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, кеспе парақшалар, гүлдер, шарлар.
Барысы:
1. Тәрбие сағатын ашып, ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтау.
2. Ұстаздарға арнау
3. Ұстаздардың құрметіне өнерлерін көрсету
4. Қорытынды
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Ұстазым, ұлағатым, үлгі өнегем!»атты ашық тәрбие сағатымызды ашық дей отырып, қадірлі ұстаздар, сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сөздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатудағы жас буынға дұрыс бағыт - бағдар беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін демекпіз.
1 оқушы:
Дана да басын иетін,
Дарын да шексіз сүйетін,
Жаныңда мәңгі жүретін,
Жаныңды жақсы білетін,
Суарып ізгі тілекпен
Жаныңа сенің гүл еккен,
Асуда да бірге асып
Қиындықта да бірге өскен
Ұлағатты адам бар.
«Ол кім?»деп сенде сұрамайсың,
Менде сұрамаймын.
Жүрекпен нәрін ұғысқан
Ол - ұстаз! Білсең туысқан!
2 оқушы: Ұстаз..... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып құрметтейтін екі ұғым болса, Соның бірі - ұстаз. «Ұстаз»деген сөз қазақ баласы үшін қашан да қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған»немесе «Ұстаз алдын көрген»деген сөздер құлаққа «Ана тәрбиесін алған»деген сөздермен ұштасып жатады.
3 оқушы:
Көзінде жылылық бар,
Сөзінде қылық бар.
Мінезін осы бастан ұғынып қал!
Орынсыз күлмегені - ойлана біл дегені.
Сыйламай ренжітіп жүрме оны,
Ұялтып терлеткенде бетіне жел болып келме
сағына еске аларсың ер жеткенде.
4 оқушы:
Айта берсек ұстазға тіл жетпеген,
Кімге ұстаз нәрін төкпеген.
Айтыңдаршы, адам барма өмірде,
Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген.
5 оқушы:
Ұстаз болу - жүректіктің батырлығы,
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы,- деп ақын жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз.
Ән «Ұстаз»
6 оқушы:
Ұстаз деген ана ғой,
Қадірлеу керек ұстазды.
Үйреткен бізге білімді
Ренжітпеу керек ұстазды.
7 оқушы:
Сыйлаймыз біз ұстазды,
Тілін алып, тыңдаймыз.
Қадірлейміз әрқашан
Ұмытпаймыз ешқашан.
Жүргізуші: Ұрпақ тәрбиесі ұстаздарға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.
8 оқушы:
Хан бол, мейлі қара бол
Дарын бол, мейлің дана бол,
Өтетін бәрі алдынан
Ұстаздар бейне сара жол.
Ұстаздар - ұлттың тірегі,
Ұстаздар - мектеп жүрегі
Ұрпаққа жетер ұстазбен
Халықтың ұлы тілегі.
Қойылым: «Сағат»
9 оқушы:
Ұстаз, ұстаз, қасиетті есімің,
Құттықтайды барша халық осы күн.
Өзің берген біліміңе қандырып,
Талай ұлан шәкірттерді өсірдің.
10 оқушы:
Жаралған жақсы үміт, мұраттардан
Жансыңдар әлдилеген шуақты арман.
Жатталсын жан жүректе есімдерің
Адамның аяулы әні сияқтанған.
11 оқушы:
Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,
Отбасында болсын ырыс, береке.
Құттықтаймыз шын жүректен сөздерді,
Өмір - думан бақ әкелсін мереке.
Ән «Ана»
12 оқушы:
Мөлдір бұлақ сылдырлаған суымен,
Ормандарың шулап жатыр нуымен
Ал баланың тәрбиесін беретін,
Құттықтаймыз, ұстаздар мерекенің шырақтаған күнімен.
13 оқушы:
О, ұстаздар басымды ием сіздерге,
Күллі әлемнің мұғалімдер күнінде.
Жүрегімнің лүпілінен шыққан сөз,
Сая тапсын ұлы ұстаздың жүрегінің түбінде.
Ән «Айналайын»
14 оқушы:
Шәкірттер сөздерді айтып мақтанады,
Бейнелерің жүректерде сақталады.
Біз, жастар биіктерден көрінеміз,
Үміт пен сенімдерің ақталады.
15 оқушы:
Ұстаздар қандай ғажап асылсыңдар,
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған
Күндей боп күлімдеген жарықсыңдар.
Қорытынды:
Жүргізуші: Сонымен, балалар, ұстаз шәкіртін саналы, білімді, тәрбиелі азамат ретінде танығысы келеді. «Атаның ұлы емес, адамның ұлы бол»
Адами қасиеттерің зор болып, білім биігінен көрініңдер. Ұстаз атын кір келтірмей, ұстаз сенімінен шыға беріңдер.
Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында «Болашақ кілті жастарда» деген, олай болса заманалық биікке самғаңдар!
Ал, ұстаздар, сіздерге «Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын, дендерінің саулығы мықты болсын»дей отыра еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт тілейміз. Мерейлеріңіз үстем бола берсін!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Менің ұстазым

Менің ұстазым

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға ұстаз — екінші ана екендігін түсіндіру. Мерекелерімен құттықтау. ә) Танымдық қабілетін арттыру. Мұғаліммен оқушы...
Мектеп білім тірегі, ұстаз оның жүрегі

Мектеп білім тірегі, ұстаз оның жүрегі

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға ұстаз — екінші ана екендігін түсіндіру. Мерекелерімен құттықтау. Бүкіл адамзат баласы бас иер асыл тұлға ұстаздарын...
Адал еңбек, алғысым ұстазыма

Адал еңбек, алғысым ұстазыма

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кенті, Нұн Жұбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қосмағанбетова Гүлзия...
«Ұстаздық ұлы қызмет» мерекелік ардагер – ұстаздармен кездесу.

«Ұстаздық ұлы қызмет» мерекелік ардагер – ұстаздармен кездесу.

Маңғыстау облысы, Бейнеу селосы, Ж. Қалдығараев орта мектептің орыс тілі пәнінің мұғалімі Наренбаева Акнұр Жауғаштықызы...
Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік

Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік

Мұғалім, ғазиз мұғалім, Сарқылмас мәңгі бұлағым. Ұланың бүгі тойыңда, Арнайды саған бұл әнін....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×