Сайтқа кіру Тіркелу

2 саны және цифры

Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол селосы,
Кулагино орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Бердіғалиева Толқын Беркімбайқызы

Сабақтың тақырыбы: 2 саны және цифры
Мақсаты:
Білімділік: 2 саны туралы түсініктерін қалыптастыру. 0 - ден 2 санына дейінгі сандарды
ауызша тура және кері санауға үйрету.
Дамытушылығы: Суреттер бойынша есептер құрастыра отырып, балалардың логикалық ойлау қабілетін, тіл байлығын, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Дидактикалық материалдарды пайдалана отырып, балаларды ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу.
Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақ түрі: Саяхат сабақ
Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақтада жасалған
тапсырмалар, кеспелер, үлестірмелі суреттер.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі
Шаттық шеңбері
Қайырлы күн, біз көңілді баламыз!
Қайырлы күн, біз сүйкімді баламыз!
Айтқан тілді аламыз.
Достарымды көргенде
Қуана қарсы аламыз.

ІІ. Өткен сабақты қайталау
- Балалар біз өткен сабақта қандай санмен таныстық?
- 2
- Екі саны неге ұқсайды?
- Аққуға.
Қане бәріміз орнымыздан тұрып сергіту сәтін жасайық.
Сергіту сәті
1, 2, 3
Дем аламыз жинап күш.
«5»- тік баға аламыз
Қуанып үйге барамыз.

ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар бүгін біз саяхатқа шығамыз. Біздің ауылымыздың аты қалай аталады?
- Есбол.
- Ауданымыз қалай аталады?
- Индер ауданы.
Бүгінгі сабақта ауылымыздан шығып Индер ауданына саяхатқа барамыз.
- Саяхатқа бару үшін біз не таңдап алуымыз керек?
- Көлік.
- Қане қандай көлік түрімен барғанды ұнатасыңдар? (балалардың жауабы)
- Енді көліктің жүргізушісі Ернұр болады.
- Балалар, көлікте отырғанда қандай ережелерді сақтауымыз керек?
- Тыныш, тәртіпті.
- Бізді кім бақылап отыр?
- Гай қызметкері.
Балалар, бізге әр аялдамаға келгенде үлкен тапсырмалар беріледі, сол тапсырмаларды орындап Индер ауданына жетуіміз керек. Балалар әр ауылдың тұсына келгенде біз жол тазалығын сақтауымыз керек.
Бірінші біз қайдан шығамыз. Өзіміздің ауылымыздан. Есбол аялдамасында бізге мынадай тапсырмалар беріліпті.

І тапсырма жұмбақты шешу. Біз жұмбақты шешсек бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.
Жұмбақ.
Бірден кейін тұрамын,
Сандар іші тұрағын,
Бірге бірді қосқанда,
Иіліп мен шығамын. (2)
Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы 2 саны екен.

ІІ тапсырма.
Біз тура және кері санай аламыз ба? Олай болса 0 ден 2 ге шейін тура және кері санайық.
- Есболдан шығып қандай ауылға келеміз?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×