Мақсаты: Оқушыларда туған өлкеге деген қадір – қасиетті оята отырып, сол арқылы туып - өскен өлкеге, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Барысы:
І Таныстыру (Тілшілер Маңғыстау облысы туралы жинаған мәліметтерін айтады)
ІІ Бәйге (Сұрақ – жауап)
ІІІ Кім шапшаң? (Қораптың ішінен бір әріп суырып, сол әріптен келетін Маңғыстаудың жер - су аттарын айтады)
ІV Сурет көрмесі (Оқушылар болашақ Маңғыстаудың суретін салып сол туралы әңгімелейді)
V Жыр шашу (Оқушылар өздерінің дайындаған ән билерін көрсетеді)
VІ Қорытынды
Мұғалім: Кіріспе (мұғалім сөзі)
«Қазақ деген мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз,
Жерімізді жау баспасын деп,
Елімізден құт – береке қашпасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз,- деген екен рухы мәңгі өлмейтін Қазыбек би.
Біздің Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан! Қазақстан дегенде көз алдымызға кең байтақ дала, шексіз жазира дала елестейді. Яғни дала бейнесі көз алдыңа келеді. Бұл кең дала - қазаққа қымбат дала.
Жүрегім, жырым сенікі,
Кеңісті далам, кең далам.
Тудым, өстім есейдім...
Ен далам – анам, мен балаң!- демекші, бұл өлең шумақтары не туралы айтылған?
- Туған жер
- Әрине, олай болса, «Отан» деген ұғым, біздер үшін айқын ақиқат, Отан - өзің туған қала, өзің өскен ауыл, өзің оқыған мектеп, қысқасы өзіңді өмір азаматы етіп қалыптастыруға әсер жасаған орта. Ендеше, солар жайлы білу ауа мен судай қажет нәрсе – деп ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов айтқандай менің бүгінгі өткізгелі отырған тәрбие сағатым осы аталы сөздердің желісімен өрбиді. Туған жеріміз, туған Отанымыз Қазақстан болса, кіндік қаны тамған туған өлкеміз киелі Маңғыстау өлкесі.
Ендеше, құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар «Туған өлке – тұнған шежіре» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын балалар сендермен бірге бейнебаянға назар аударайық.
Мінеки, балалар, бұл сендердің тамашалағандарыңыз біздің туған Маңғыстау өлкеміз. Ендеше, осы Маңғыстау өлкесінің аудандарына, қалаларына арнайы барып келген тілшілеріміз бар еді, соларға құлақ түріп қарайық.
І Таныстыру (Тілшілер Маңғыстау облысы туралы жинаған мәліметтерін айтады) көшейік.
Маңғыстау - Қазақстан Республикасының қиыр солтүстік батысындағы ірі аймақтардың бірі. «Ұйқыдағы ару» атанған бұл өлке еліміздің мұнайы мен газын беріп отырған қазына түбегі. Бұл өлкеде әр шаңырақ, қуанған кезінде де, құлазыған кезінде де, алдымен Бекеттің атын ауызға алған. Өйткені, ол тірісінде елінің жел жақтағы Панасы, ық жақтағы Саясы бола білген Азамат. Жаудан елді арашалаған Батыр. Дауда әділетті арашалаған Қазы. Әлсізге медет, Күштіге Айбат, Зарыққанға Жебеу, Тарыққанға Демеу, Асқанға Тосқан, Сасқанға сая, Ұрпаққа Ұстаз, Ұлысқа Ұран, Ел иесі Жер киесі Пір ата Бекеттің отаны.
ә) Слайд көмегімен мұнайдан өндірілетін заттар туралы айту.
б) Жаңаөзен 1961 жылы қыркүйекте тұңғыш газ фонтаны атқылаған жер.
ІІ Бәйге (Сұрақ – жауап)
1. Маңғыстау облысының қалалары (Ақтау, Жаңаөзен, Форт – Шевченко).
2. Маңғыстау облысының құрамына кіретін аудандарды ата (Қарақия, Маңғыстау, Бейнеу, Түпқараған, Мұнайлы).
3. «Ұйқыдағы арудың оянуы» еңбегінің авторы кім? (Әбіш Кекілбаев).
4. Маңғыстау облысы қай жылы құрылды? 1973 жылы 20 наурыз).
5. Маңғыстау облысында орналасқан қорық қай қорық? Нешінші жылы құрылды?
(Үстірт қорығы, 1984ж.)
6. Дүние жүзіндегі ең үлкен ағынсыз көл (Каспий теңізі).
7. Маңғыстаудың байтақ даласында кездесетін емдік шөптерді ата? (адыраспан, бәйшешек, бозжиде, жантақ, изен, сүттіген).
8. Түпқараған ауданының орталығы (Форт – Шевченко)
9. Маңғыстаудан шыққан батырлар Иса, Шотан, Құлбарақ, Досан батырлар.
10. Маңғыстаудағы қандай тауларды білесің? (Айрақты, Шерқала, Ақмыштау, Ақтаулар, Отпан, Бесшоқы, Қаратау, Оғыланды, Маната, т. б)
ІІІ Кім шапшаң? (Қораптың ішінен бір әріп суырып, сол әріптен келетін Маңғыстаудың жер - су аттарын айтады
ІV Сурет көрмесі (Оқушылар болашақ Маңғыстаудың суретін салып сол туралы әңгімелейді)
V Жыр шашу (Оқушылар өздерінің дайындаған ән билерін көрсетеді)
Хор: «Қасиетті домбыра!»
Әсет:
Маңғыстау бұл келе жатқан ежелден.
Маңғыстау бұл шөлдеп ерні кезерген,
Төбе - төбе бастарыңда обадан,
Көне тарих қырғындарын сезем мен.
Айна:
Маңғыстаудың ойында,
Үш жүз алпыс екі әулие,
Бес намаздың жайы үшін
Қадамын санап басқан жер
Бөлтірік:
Маңғыстау үш қиянның өрген жері.
Жерленбей жеті жұрттың кеткен жері.
Атамыз Адай мекен еткен жері,
Той қылып «Адай» туын тіккен жері.
Нұрболат:
Маңғыстау – ер Бекеттің туған жері,
Кетіріп кіндік қанын жуған жері.
Кіндігін Қожа молда қолымен кесіп,
Тамырын тарамыспен буған жері7
Ақниет: Би «Қаражорға керім – ай»
Қымбат:
Маңғыстау – қой тастарың жүрегімдей,
Мұнараң жолы жалын күреңімдей.
Аспаның - Адайлардың көкірегі.
Құс жолы - Көкмойнақтың шілдеріндей.
М. Қарақат:
Туғаннан соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп.
Ата - бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған салтымыз,
Кең даланың ежелгі
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз
Гүлдана:
Маңғыстауым туған өлкем сен едің,
Өз елімде еркін өсіп келемін
Ата – баба аманатын арқалап
Өз елімді көркейтсем мен деп едім!
Хор: «Мен ауылға барамын!»
VІ Қорытынды
Маңғыстауым туған өлкем сен едің,
Өз елімде еркін өсіп келемін
Ата – баба аманатын арқалап
Өз елімді көркейтсем мен деп едім! – деп Гүлдана айтып өткендей осы біздің ата бабамыз мекен еткен қасиетті әулиелі Маңғыстау өлкемізде туып өскенімізді мақтан тұтайық! Осы өзіміздің туған өлкемізді одан әрі көркейтуге, табиғатын қорғауға баршамыз атсалысайық. Туған өлкеміздің тұнып тұрған шежірелері өте көп соны одан көріп, біліп зерттеуге ұмтылайық.
Сөз кезегі мектеп тәрбие жөніндегі орынбасарға береміз:
Осыменен біздің туған өлке тұнған шежіре атты тәрбие сағатымыз аяқталды.
Туған өлке – тұнған шежіре
- mausim124578
- 30 сәуір 2015
- 5267
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Туған өлке тұнған шежіре, Отан өзің туған қала, өзің өскен ауыл, өзің оқыған мектеп
Ұқсас жаңалықтар:
Маңғыстау экологиясы
Мақсаты: Оқушылардың табиғи ортаға, өлкеге деген сүйіспеншілігін арттырып, оны қорғауға деген жауапкершілігін, Отанына деген көзқарастарын...Әулиелер мекені – Маңғыстау
Отан, туған жеріміз Маңғыстау туралы тереңірек түсінік бере отырып бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімді ұялату, өз Отанын, туған жерін сүюі, ұлтын...Маңғыстау – маңғаз мекенім
Маңғыстау сонадайдан тоңазытқыш.... Жүрегін талай елдің қобалжытқан... Төңірегің түгел тұнып тұрған керемет. Төңірегің түгел тұнып тұрған хикая....Туған жер - тал бесігім
Тақырыбы: Туған жер - тал бесігім Мақсаты: Оқушыларға туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру. Туған жерге деген...Мұнайлы қалам-Жаңаөзен
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы № 12 бастауыш сынып мұғалімі: Жағалбай Рысгүл Сүлейменқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.