Сайтқа кіру Тіркелу

Тығыз тау жыныстары

БҚО, Казталов ауданы,
Сатыбалды ОЖББМ бастауыш сынып мұғалімі
Темірғалиева Меңдігүл Мұханбетжанқызы

Дүниетану 3 - сынып
Тақырыбы: Тығыз тау жыныстары
Мақсаты: а) Тау жыныстары, оның түрлері, соның ішінде - тығыз тау жыныстары – гранит пен құмтас туралы, олардың пайдаланылуы, қолданылуы, қасиеті туралы түсінік беру.
ә) Таным - түсініктерін, білімдерін, топпен жұмыстану машықтарын, шығармашылықтарын дамыту.
б) Өз еліне деген сүйіспеншілік, мақтаныш, құрмет сезімдеріне тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, топпен жұмыс, сарамандық жұмыс
Көрнекілігі: тау жыныстарының коллекциялары, карта, сызбалар, 6 топшамалар, жетондар, бағалау кестесі.
Пән аралық байланыс: география

Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық:
Біз ақылды баламыз,
Ылғи «5»- тік аламыз.
Жалықпаймыз оқудан
Білім кенін қазамыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
А) Оқушыларды үш топқа бөлу:
1. «Кеншілер» 2. «Экологтар» 3. «Ғалымдар»
Ә) Топтар бойынша топшамалы сұрақтар беру:
«Кеншілер» тобына:
• Тау жыныстары деген не?
• Олар қайда кездеседі?
• Қатты күйдегі тау жыныстарын ата.
«Экологтар» тобына:
• Тау жыныстарын атаңдар.
• Олар қандай түрлерге бөлінеді?
• Сұйық күйіндегі тау жыныстарын ата.
«Ғалымдар» тобына:
• Өзің туған өңірде қандай тау жыныстары кездеседі?
• Олардың қандай пайдасы бар?
• Сұйық күйіндегі тау жыныстары қайда қолданылады?
Тығыз тау жыныстары
Жетондар бойынша бағалау

ІІІ. Жаңа сабақ.
Тас көмір, құмтас
Пайдалы қазбалар: мәрмәр гранит

1. Картамен жұмыс:
Гранит – қатты, тығыз тау жынысы. Ол көбіне жер қыртысының терең қойнауында орналасады. Таулы аймақтарда жер бетіне шығып, кең көлемде таралады. Орталық Қазақстандағы Сарыарқаның көптеген таулары түгелдей граниттен тұрады. Гранит өте мықты, судың, желдің, күннің әсеріне өте төзімді. Сондықтан оны үйлердің іргетастарын қалауға, көпірлер, ескерткіштер тұрғызуға пайдаланады. Гранит – қазақша «түйіршікті» деген сөз. Ол көптеген түйіршіктерден тұрады. Әшекейлік мақсатқа пайдаланғанда оның бетін тегістеп жылтыратады.
Құмтас – құм түйіршіктерінің бірігіп, қатуынан пайда болған. Оның атауы да осыдан шыққан. Тек құмның өзі сусып бір - біріне жұғыспайды. Егер саз, гипс, әктас ерітіндісі араласса, құм түйіршіктері бірігіп қатады. Жер қыртысындағы барлық тау жыныстары араласып, салмақпен тығыздалып, қатты тасқа айналады. Құмтас – барлық таулы аймақтарда кездеседі, өте кең тараған.
• Сарамандық жұмыс: Құмтасты балғамен үгіту.
• Оқулықпен жұмыс: Үш топ 3 абзацтан бөліп оқу.
• Топпен жұмыс: Әр топқа топшамалы сұрақтар үлестіру.
«Кеншілер» тобына: Кестені толтыру.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тау жыныстары деген не?

Тау жыныстары деген не?

Оқушылардың пайдалы қазбалар, оларды пайдалану туралы түсінік қалыптастыруына ықпал ету; Оқушылардың тілін дамыту, логикалық ойлау қабілетін артыру;...
Топырақ. Топырақты қорғау

Топырақ. Топырақты қорғау

Топырақтың ерекшелігі және оның құрамымен таныстыру. Топырақтың түрлерін ажырата білуге үйрету. Өсімдіктер тіршілігіндегі рөлін түсіндіру. Топырақ...
Пайдалы  қазба  түрлері

Пайдалы қазба түрлері

Пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру, олардың адамға тигізетін пайдасы мен зиянын түсіндіру. Пайдалы қазбалардың кен орындары, шартты белгілері,...
Бос тау жыныстары

Бос тау жыныстары

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №8 жалпы орта білім беретін мектеп І cанаты бастауыш сынып мұғалімі Нурадинова Айнагүл Нурадинқызы...
Майда тау жыныстары

Майда тау жыныстары

Майда тау жыныстарымен таныстырып, олардың адам өміріндегі маңызын түсінуге баулу. Алған білімдерін жүйелеп, бірлесіп, бір - біріне көмек көрсету...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×