Сабақтың тақырыбы: Малсақ бала. Өтебай Тұрманжанов.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға Өтебай Тұрманжановтың өмірі және шығармашылық жолын таныстыра отырып, өлеңнің мазмұны мен идеясын түсіндіру.
2. Оқушылардың таным мүмкіншіліктерін, олардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге, өз ойларын анық та айқын дәлелді сөйлеуге үйрету.
3. Төрт түлікке деген сүйіспеншілігін ояту. Мал шаруашылығының маңыздылығын түсіндіре отырып, еңбекқорлыққа шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, талдау, түсіндіру, шығармашылық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, кесте, суреттер, үлестірмелі қағаздар.
Оқыту нәтижелері: Ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа үйреніп шығады.
І. Ұйымдастыру бөлімі:
1. Сыныппен сәлемдесу.
2. Психологиялық тренинг.
3. Топқа бөлу. Оқушылардан әр топтан топ басшы сайлау.
Бағалау стикерлерімен танысу. Сабақ барысында оқушының сабаққа қатысуын бағалап отыру.
ІІ. Қызығушылықты ояту.
(Слайдтан с суреттерін көрсетіп қою)
Жұмбақ шешу.
1. Өзі үлкен жануар,
Үстінде екі тауы бар. (Түйе)
2. Аласа ғана бойы бар,
Айналдыра киген тоны бар. (Қой)
3. Басында таяғы бар, Төрт аяғы бар.
Сегіз тұяғы бар, Иегінде сақалы бар. (Серке)
4. Өзі жуас, өзі момын,
Бір шешпейді тонын. (Қой)
5. Тастан – тасқа секіреді,
Қалқиып қос құлағы.
Ойын болып көкірегі
Аула оның тұрағы. (Лақ)
- Балалар бұл жұмбақтар жауаптарын қарасақ нелер екен?
- Мал, төрт - түлік мал.
- Қазақ халқы шаруашылыққа қандай малды пайдаланған.
- Өгіз, түйе, ат.
- Біз енді жайлауға саяхат жасаймыз. Осы малдардың қайсысын таңдап аламыз?
- Атты.
- Олай болса, қане жылқыны шақырайық. Жылқының даусын кім салады? Қалай шақырамыз?
- Құрау - құрау, мох - мох.
- Хормен шақырып көрейікші.
- Енді тақтада суретте не берілген?
(Жайлау, малдар, төлдер, киіз үй, тау, мал бағып жүрген малшы)
Олай болса бүгінгі сабағымыз осы малшы туралы болмақ.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Малсақ бала. Өтебай Тұрманжанов.
Өтебай Тұрманжанов – 1905 жылы Шымкент облысы, Бөген ауданында Жалғыз ағаш деген жерде дүниеге келген. Ташкентте балалар үйінде тәрбиеленген, интернатта оқыған. Оның барлық жазғандары балаларға арналған. «Қарлығаш», «Құрыш құс», «Сенің кітабың», «Жауқазын» т. б. кітаптары бар. Ақын 1978 жылы қайтыс болған.
ІV. Оқулықпен жұмыс.
1. Өлеңді мәнерлеп, тізбектей оқу.
2. Рольге бөліп оқу.
2. Сұрақтарға жауап беру.
Өлеңде не туралы айтылған? (Атасы мен немересі )
Өлеңде қандай жануарлар туралы жазған?(Қой, қозы, ит)
Атасы немересіне не тапсырды? (Балам қой келді, қозы келді, Алдынан шығып түгендеп, ығын - шығын жоқ па екен қара, бақташыға алғыс айт)
Өлеңдегі иттің аты не? (Байғасқа)
Өлеңде иттің пайдасы туралы не делінген? (Қозыны бағады, қасқыр келсе қағады)
Малсақ бала деп кімді айтып тұр? (Немересін)
Балаға қандай мінездеме берер едің? (Ақылды. Тіл алғыш, еңбекқор)
V. Мағынаны тану.
Малсақ – малды жаны сүйетін, мал бағуға икемді, мал бағудың шебері.
Малсақ сөзіне байланысты қазақта мынадай ырымдар бар екен.
Бала дүниеге келгенде яғни шыр етіп жерге түскенде қойдың жабағысына орап алады екен. Бала кіндігін кескенде ұл бала кіндігін айғырдың жалына түйіп байлап жібереді. Онысы бала малсақ, малы коп болсын, мал тапқыш болсын дегені екен.
VІ. Топпен жұмыс.
Ойлан – жұптас – талқыла.
1 - тапсырма.
1 топ. Малды жамырату
Қойдың төлі - қозы.
Ешкінің төлі - лақ.
Сиырдың төлі - бұзау.
Жылқының, биенің төлі - құлын.
Түйенің төлі – бота.
2 - топ. Малдың иелерін тап.
Қойдың иесі – Шопан ата
Ешкінің иесі – Сексек ата
Сиырдың иесі – Зеңгі баба
Жылқының иесі - Қамбар ата
Түйенің иесі – Ойсыл қара
3 - топ. Төрт – түлік қалай дыбыстайды?
Қой маңырайды
Ешкі маңырайды
Сиыр мөңірейді
Жылқы кісінейді
Түйе боздайды
Топтар жұмысын аяқтағаннан кейін әр топтан оқушы шығып жұмыстарын қорғайды.
VІІ Ой толғаныс. 2 - тапсырма
1 - топ. Қой малының пайдасы. (еті, жүні, терісі, етінен түрлі тағамдар жасайды. Жүнінен киім тоқиды, киіз басады, алаша тоқиды, терісінен тон, етік тігеді)
2 – топ. Бақташы еңбегі туралы не айтар едің?
(Жазда ыстыққа төзіп, қыста суыққа төзіп арып ашып мал бағады. Көктемде қойды төлдетеді, Жем, шөбін шауып салады, Қораларын тазалайды, жөндейді, төлдерін баптап ерекше күтеді)
3 - топ. Мал шаруашылығы туралы өз ойың.
Қой, түйе, сиыр, ешкі, жылқы
(Мал өсірумен айналысады,
Халықты азық - түлікпен қамтамасыз етеді (сүт, май, ет),
Жүн, ет тері,
Көлік ретінде пайдаланады,(ат, өгіз, түйе)
Малдың қиы(Тыңайтқыш)
Топтар жұмысын аяқтағаннан кейін әр топтан оқушы шығып жұмыстарын қорғайды.
Білгенге маржан
Қойшылар бағып жүрген қойларының жүні арқылы ауа райын болжай білген. Мәселен, өрісте жүрген қойдың жүнін уыстап көреді. Егер қой жүні құрғақ болса, онда күн ашық болады. Егер жүн дымқылданып, суланып тұрса, онда көп кешікпей жаңбыр жауады.
VІІІ. Сабақты қорытындылау. Сахналық көрініс.
Төлдердің айтысы
- Иеміз қайсысымызды жақсы көреді?
Лақ:
- Әрине мені жақсы көреді. Адам біздің сүтімізді, мамықтай түбітімізді пайдаланады.
Құлын:
- Лақ сен орынсыз мақтанасың. Біз майданның да еңбектің де тұлпарымыз, біздің етіміз азық, қымызымыз ем.
Бұзау:
- Сендер босқа мақтанасыңдар. Ием бәріңнен де мені жақсы көреді. Адам тіршілігіне ең пайдалысы мен. Шелек – шелек сүт, қарын - қарын май, қап - қап құрт, ірімшік бізден шығады.
Қошақан:
- Бәрің де босқа мақтанасыңдар. Ием бәріңнен де мені жақсы көреді. Сақылдаған сары аязда тоңдырмайтын жылы пима, тондар менің жүнім мен терімнен жасалады.
Бота:
- Бәріңнен біз кем бе екенбіз? Малдың ең қадірлісі бізбіз. Адам біздің шұбатымызды. мамықтай жүнімізді пайдаланады. Ерте кезде күш көлігі де біз болғанбыз.
Адам:
- Сендер босқа таласпаңдар. Бәрің де адамға пайдалысыңдар. Әр қайсыларыңның өз орындарың бар.
ІХ. Үйге тапсырма
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Бес жол өлең жазу.
Өлең мазмұнына сай сурет салу.
Бағалау.
Мұғалім: Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Мұғалім: Олай болса, бүгінгі сабақта кім өте жақсы жауап бергенін оқушылар өздері бағалайды, дәлелдейді.
Кері байланыс.
- Сабақ ұнады ма?
- Қандай тапсырма орындаған ұнады?
- қандай тапсырма орындағанда қиындық келтірді?
Өз ойларын стикерге жазады.
Мұғалім: Бүгінгі сабаққа белсене қатысқандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!
Малсақ бала. Өтебай Тұрманжанов
- Жанаргул
- 30 наурыз 2015
- 10508
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Малсақ бала, төрт түлік мал туралы, Өтебай Тұрманжанов
Ұқсас жаңалықтар:
Төлдер айтысы
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың өлеңдерді мәнерлеп, түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру, қарсы мәндес сөздер туралы білімдерін тиянақтау,...Төрт түлік мал
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №2 "Айгөлек" балабақша әдіскері Жалмагамбетова Кунасыл Исламовна...Ө.Тұрманжанов "Малсақ бала"
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Ұштаған ауылы, Ұштаған орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Озганбаева Сара...Төрт түліктің кеңесі
Қостанай облысы, Рудный қаласы, № 7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жаңабай Анар Ғалымқызы...Бөрте лақ. Ботақан. Құлыншағым
Атырау қаласы, жалпы білім беретін №2 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Баймұханова Жанаргүл Тәңірбергенқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.