Пәні: Дүниетану 2 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Жапырақ
Сабақтың мақсаты:
1. Жапырақтың өсімдік тіршілігіндегі маңызы туралы, оның атқаратын қызметі туралы кеңірек түсінік беру, жалпы өсімдіктің адам өміріндегі пайдасы туралы әңгімелеу
Дүниетанымын, ой - өрісін кеңейту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Қоршаған ортаны қорғауды үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың міндеттері: сауалдарға жауап беру арқылы тақырыпты зерттеуге, талдауға машықтандыру, өз көзқарасын, пікірін білдіруге бейімдеу
Сабақтың көрнекіліктері мен құрал - жабдықтары: оқулық, бөлме өсімдіктері, еңбек сабағында жапырақтан жасалған бұйымдар.
Сабақтың түрі: аралас, зерттеу сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ - жауап, мәнерлеп оқу, шығармашылық жұмыстар
Пәнаралық байланыс: ана тілі, қазақ тілі, математика, бейнелеу
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Балалар қазір бізде дүниетану сабағы. Сіздер сабақта алаңдамай, еркін еңбек етіңдер. Өз ойларыңды қысылмай ашық айтыңдар. Мен сіздерге тек қана сәттілік тілеймін.
Психологиялық дайындық
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Жаңа білім алуға
Алға қадам жасаймыз.
- Алға қадам жасау үшін біз өткен үй тапсырмасын еске түсіреміз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Кубизм» әдісін пайдаланып текшенің әр қырына 1 - ден - 6 - ға дейінгі сандарды жазылған. (Сұрақтарын бөлек жазып аламын)
1. Өсімдік мүшелеріне нелер жатады? (Тамыр, сабақ, жапырақ, гул, жеміс)
2. Сабақ туралы не білеміз? (Өсімдіктің барлық мүшесін жалғастырушы)
3. Тамыр қайдан пайда болады? (Тамыр тұқымнан пайда болады тұқым өнгенде оның қабығын тамыр жарып шығады)
4. Сабақ өсімдікке не үшін қажет? (Қоректік заттарды жеткізу үшін)
5. Өсімдіктің өсуіне не қажет? (Су, ауа, жылу, топырақ, жарық)
6. Зерттеу жұмысы
Бөлме өсімдігінің бойында не бар екенін зерттеп көрейік.(бойында су бар)
ІІІ. Жаңа сабақ
1.«Араб грамотасы»
Ж*П*Р*Қ
Сабағымыздың тақырыбы: Жапырақ. Бүгінгі сабағымызда жапырақтың түрлерімен қызметімен танысамыз.
- Балалар жапырақ туралы не білесіңдер?
- Жапырақ өсімдікке сән береді. Көктемде бүршік жарып күзде сарғайып жерге түседі.
2. Мұғалімнің түсіндіруі
Жапырақ - өсімдіктің маңызды мүшесі. Жапыраққа су, еріген тұздар сабақ арқылы тамырдан келеді. Жапырақ арқылы өсімдік тыныс алады. Өсімдік бойындағы артық су жапырақ арқылы буланады. Буланған жапырақ өсімдікті салқындатып тұрады. Жапырақ шебер «аспазшы» екен. Күн көзінің жарығы мен жылуы арқылы жапырақта ауа мен судан қант пен крахмал жасалады.
Жапырақ - өсімдіктің сәні. Жапырақ сағақтан және кеңейген жері тақтадан тұрады. Жапырақтың пішіндері әртүрлі болады. Жапырақ ұшынан бастап өседі. Күзде күн салқындайды, топырақ тоңазиды. Соның әсерінен өсімдік тамырына қажетті қорек аз болады. Жапырақтың ауа райының өзгерісінен жасыл түсі өзгеріп, сары - қоңыр түстерге айналады.
Сергіту сәті
Бүгінгі сергіту сәтін ойын арқылы ойнаймыз. «Пайдалы - зиян» деген ойын.
Шарты: Мен пайдалы дегенде сіздер қолдарыңызды шапалақтайсыздар, ал зиян дегенде түзу отырасыздар.
Жемістерді жумай жесек ішіміз ауырады, ол зиянды.
Гүлдер адамдарға қуаныш сыйлайды. Ол пайдалы
Дәрілік өсімдіктер денсаулыққа пайдалы, ал кейбір өсімдіктер улы болады, ол зиян.
Табиғат аясында көп серуендеу керек. Ол пайдалы
Кейбір өсімдіктер денені қышытады, тікенекті болып шағып алады. Ол зиян
Жемістерде көптеген дәрумендер болады. Ол пайдалы.
Біздің айналамыздағы өсімдіктерге сүйіспеншілікпен қарап оларды күтіп баптап өсіруге дағдылану керек.
Оқулықпен жұмыс
*Мұғалімнің оқуы
*Оқушыларға жекелей оқыту, тізбектей оқыту
4. Жапырақ қызметіне талдау жасау. Генеологиялық ағаш
*ауа райының салқындауынан
*қоректің азаюынан
*күннің жылуды аз беруінен
5. Шығармашылық тапсырма
Аппликация жасау
6. Қорытынды
1. Бүгінгі сабағымызда немен таныстық?
- жапырақ, жапырақтың түрлері, қызметімен таныстық
2. Күзде жапырақ неге сарғаяды?
- ауа райы салқындағандықтан өсімдік суды аз сіңіреді, күннің көзі аз түседі
3. Ине тәріздес қандай ағаштың жапырағы?
- қарағай
4. Қураған жапырақтың қандай пайдасы бар?
- қурап жерге түскен жапырақ өсімдіктің тамырын суықтан үсіп кетпеуі үшін қорғайды., шіріген жапырақ топырақты құнарландырады.
5. Ой қорғау стратегиясы «менің үлесім»
Мен өсімдіктерді қорғау үшін........
- Ағаштардың діндерін әктеймін.
- Тыңайтқыштар беремін.
- Уақытында суарып, күтіп баптаймын.
- Балалар, ағаш көркі - жапырақ екен. Ағашқа әдемілік беретін - жапырақ.
- ҚР - ның «Қоршаған ортаны қорғау Заңы» бар. Сол заңының 38 - ші бабында «Табиғатты қорғау, оны таза ұстау - әр адамның міндеті» делінген. Ауылды көркейту бағытында «Жасыл ел» бағдарламасы жүзеге асып жатыр.
- Балалар келешекті көркейтетін сіздерсіңдер! Айналамызды көгалдандыруға қатысайық. Табиғатты қорғандар! Өсімдіктерді көбірек өсіріңдер!
- Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты қорғаймыз
Жаман бала болмаймыз - деп уәде беріңіздер.
Бағалау.«Синквейн» тілдік қорын дамыту
1. Жапырақ
2. Жасыл, сары
3. Түседі, көктейді, ұшады
4. Ата - бәйтерек, бала – жапырақ
5. Табиғат
Үйге тапсырма: Жапырақ мәтінін оқып әңгімелеу.
Сабақтың ең соңында гүлдің жапырақшаларына стикерге жазылған тілектерін жапсырады.
Жапырақ
- aliya_sarbaeva
- 27 наурыз 2015
- 9921
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жапырақтың өсімдік тіршілігіндегі маңызы туралы түсінік беру
Ұқсас жаңалықтар:
Жапырақ – өркеннің бүйірлік және жанама мүшесі
Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы терең ойлауын, қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, өздігімен зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін...Жапырақтың ішкі құрылысы
Жапырақ тақтадан, сағақтан тұрады. Жапырақтың кеңейтілген бөлімі – тақтасы, сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі сағағы деп аталады. Сағағы болмайтын...Күзде жапырақтар неге сарғаяды және түседі?
Мақсаты: а) Білімділігі: Жыл мезгіліндегі өсімдіктер өмірінде болатын өзгерістер жөнінде түсінік беру. Өсімдік мүшелерінің ішінде жапырақтың...Жапырақ
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №4 Алға орта мектебінің Бастауыш сынып мұғалімі Сисенбаева Лариса Өтесқызы...Жапырақ
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы Х. Наубетов атындағы орта мектептің Пән мұғалімі: Темирбаева Г....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.