Сайтқа кіру Тіркелу

"Егінші мен қасқыр" ертегісі

Пәні: әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Егінші мен қасқыр (Литва ертегісі)
Сабақтың мақсаты: Ас атасы - нан, нан адам өміріндегі ең маңызды ас екендігін, оның оңайшылықпен келмейтіндігін ертегі мазмұны арқылы айтып ұғындыру.

Сабақтың міндеттері а) Өмірден алған білімдерін, түсініктерін шығармашылық тапсырмалар арқылы жетілдіреді.
ә) Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдалып, дүниетанымы кеңейеді.
б) Нанды ысырап етпеуге, еңбекшіл болуға, маман иелерінің еңбегін бағалай білуге үйренеді.
Сабақтың типі: Білімдерін дамыту
Сабақтың түрі: Аралас
Әдіс – тәсілдері: «Мозайка», ой қозғау, диалогтық оқыту, РАФТ, «Аялдама» әдісі, «Автор орындығы» әдісі

Оқудың нәтижелері: Нанды құрметтеуді, ысырап етпеуді, маман иелерінің еңбектерін бағалай білуге үйренеді.
Негізгі дерек көздер: Ғаламтордан алынған материалдар, нұсқаулық
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, тақырыпқа байланысты слайд, плакат, стикерлер.
Сабақ барысы:
Сабақ бөлімдері
Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушының іс - әрекеті
Білу 10 мин «Мозайка» әдісі арқылы дәнді дақылдардың суреттерімен оқушыларды топтастыру.

Үй тапсырмасын сұрау:
«Автор орындығы» әр топтан бір - бір оқушы эссе оқиды.
Адамның жақсы, жаман қасиеттері туралы мақал - мәтел айту.

Жаңа сабақ:
Егінші мен қасқыр (Литва ертегісі)
«Ой қозғау» Ертегі деген не?
Ертегінің қандай түрлері болады?
Қанда ертегілерді білесіңдер?
Мұғалім мен оқушы арасындағы диалог:
1. Дастарқанға ең бірінші не қоямыз?
2. Неге нанды «қасиетті тағам» дейміз?
3. Нан дастарқанға қалай келеді? Берілген суреттер аркылы 4топқа болінеді:
1 - топ бидай
2 - топ арпа
3 - топ жүгері
4 - топ тары

Өткен сабақты еске түсіреді.
Адамның жақсы, жаман қасиеттері туралы мақал - мәтел айтады.
Эссе оқиды.
Мұғаліммен диалогқа түседі.
Түсіну 5мин. Оқулықпен жұмыс: Ертегіні іштей, рөлге бөліп оқу.
Қолдану 10мин
Сергіту сәті: «Бауырсақ» ертегісі
«Аялдама» әдісі: сөздер дұрыс орналастыру:
Тұқым себу, тырмалау, жайқалған егін, тұқымды әзірлеу, жер жырту, егін жинау.
Сөздерді істің орындалу ретіне қарай орналастыруды аялдама арқылы топтар бір - бірінің жұмысын тексереді.
Талдау 5 мин «РАФТ» әдісі.

1 - топ: Роль - диқаншы
Аудитория - жер
Форма - алғыс хат
Тема - көп өнім алған
2 - топ: Роль - бидай
Аудитория - арам шөп
Форма - хат
Тема - қорлық көрген.
3 - топ: Роль - нан
Аудитория - адам
Форма - өтініш хат
Тема - жерге шашылған
4 - топ: Роль - бидай
Аудитория - жаңбыр
Форма - хат
Тема - шөлдеген
Жинақтау
10 мин Жеке жұмыс: Нанды құрметтеу ережесі:

Оқушылар әр қайсысы ережелерді жазып шығады.
Бағалау
Кері байланыс 3 мин «Екі жұлдыз, бір тілек»
Топ басшысы бағалауының қорытындысын жариялайды.
Үйге тапсырма беру 2 мин Ертегіні оқу. Дәнді - дақылдардың пайдасы туралы ізденіп келу.
«Дүниедегі ең дәмді ас» тақырыбына эссе жазу.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×