Сайтқа кіру Тіркелу

М. Дулатов «Қыс»

Сабақтың тақырыбы: М. Дулатов «Қыс»
Сабақтың мақсаты: қыс табиғаты туралы, қыстағы табиғат пен адамзат, жан - жануарлар дүниесіндегі өзгерістер мен табиғат құбылыстар туралы тереңірек тоқталу. Оқушыларды мәнерлеп жылдам оқуға үйрету, қызығушылығын ояту, тіл байлығын дамыту, таным белсенділігін, шығармашылық қабілетін дамыту, ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау, жинақтау
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, суреттер.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі:
Балалар, «Әдебиеттік оқу» пәніне керекті құрал - жабдықтарымызды шығарып, сабаққа жақсы қатысып отырамыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қорыту:
- Балалар, біз қазір аспан әлемін саяхаттаймыз. Балалар, қазір біз аспан әлеміндегі жеті планетаны шарлап, планеталардың бізге дайындаған тапсырмаларына орындауымыз керек.
Балалар, біз тапсырмаларды орындаймыз ба?
- Жауап.
- Ендеше, аспан әлеміне саяхатты бастаймыз.
1. Бірінші Сатурн планетасының тапсырмасы:
1. Үй жұмысын тексеру.
- Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
-«Туған өлкем» өлеңін мәнерлеп оқу, туған өлкең туралы сурет салып келу.
- Ендеше, кім маған «Туған өлкем» өлеңін мәнерлеп оқып береді.(3 - 4оқушы) - Өте жақсы, енді, Марс планетасының тапсырмасы. Туған өлкеміз туралы салған суреттерімізді көрсетіп және салған сурет бойынша қысқаша әңгімелеу.(4 - 5 оқушы)
- Өте жақсы, балалар. Шолпан планетасының тапсырмасы:
«Туған өлке» өлеңінің авторы кім?
Ол туралы не айта аласың?(2 - 3 оқушы)
- Енді, келесі, Юпитер планетасының тапсырмасы:
- Өлеңдегі ақын сезіміне сай келетін сөздерді ата
- Жақсы, келесі, Нептун планетасының тапсырмасы:
- Алтын дәнді дала, ақ күмістей қала дегенді қалай түсінесің?
- Енді, Меркурий планетасының тапсырмасы:
- Туған өлке несімен көрікті?
- Енді, Уран планетасының тапсырмасы
- Ақын сөздерін пайдаланып, туған өлкең жайлы өлең құрастыр.
- Өте жақсы балалар, біз 7 планетамыздың тапсырмаларына жақсы жауап бердік.
ІІІ: Жаңа сабақ:
- Балалар, бәріміз тақтадағы ребусты шешеміз.
- Дұрыс айтасыздар, ребустан «қыс мезгілі» сөзі шықты.
- Балалар, қазір қай мезгіл?
- Қыс
- Ендеше, «Қыс» мезгілі туралы кім айтады?
- Балалар, кеудемізді жазып, терең тыныстап, көзімізді жаймен жұмып, рахат сезімге бөленіп отырайық. Біз әдемі табиғат аясында отырмыз, жан жағымыз да әдемі гүлдер, гүлдердің үстінде әсем көбелектер қонып жүр, бетімізге көктемнің самал желі сипап өткендей, алыстан құлағымызға құстардың дыбыстары естіледі. Көздерімізді жаймен ашамыз.
- Балалар қандай күйге бөлендіңдер?
Бүгінгі сабағымызда қыс мезгілін бейнелейік. Мына сурет бойынша қыс мезгілін бейнелейміз. Ол үшін бірнеше тапсырмаларды орындауымыз керек.
- Олай болса, қыс мезгілінде Жер - ана ерекше бір күйге енеді.
- Ендеше, Жер - Ананың тапсырмасын орындауымыз керек.
- Балалар, бүгінгі біздің жаңа сабақтың тақырыбы: Міржақып Дулатовтың «Қыс» әңгімесімен танысу. Әңгіменің авторы туралы әңгімелеу. Балаларға «Қыс» әңгімесін оқып, мазмұнын түсіндіру. Сөздік жұмысын жүргізу.
- Балалар, Жер - анамыз ақ үрпек қарға оранады. Ол үшін мына тапсырмаларды орындауымыз керек.
-«Қыс» әңгімесін оқимыз, мазмұнын сұрау.
- Өте жақсы, енді, тірек сызбамен жұмыс жүргізу. «Қыс айлары»
- Өте жақсы. «Қыс» мезгілдеріне байланысты кім маған өлең мен тақпақтар айтып береді?(5 - 6 оқушы)
- Енді, қыс сөзіне дыбыстық дыбыстық талдау жүргіземіз.
- Өте жақсы, осы қыс мезгілдерінде болатын өзіне тән өзгешіліктерді айтамыз.
(тірек сызбамен жұмыс).
қыс, мерекелер, жан - жануарлар
- Ендеше, мерекеге бару үшін мына тапсырмаларды орындауымыз керек.
Өлең құрастыруымыз керек.
Қыста....................,
Мұз қаптаған..........
Қалың қардан...........
Жылы киім..........,
Жалтаң аяз...........
(балалардың құрастырған өлең жолдарын оқытқызамын)
- Өте жақсы.
Сергіту жаттығуы. Қазір бәріміз орындарымыздан тұрып бір - бірімізге тілек айтамыз. (Балалар бір - біріне тілек айтады)
- Өте жақсы, балалар.
Жаңа сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Оқушыларды бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×