Сыныбы: 1
Пәні: әліппе
Сабақтың тақырыбы: «Әліппе, саған мың алғыс»
Мақсаты: Оқушыларды әліппе пәнін игеру барысында алған білімдерін тиянақтау, эстетикалық талғамдарын тереңдету, өзін - өзі басқаруы мен ана тілін, туған жерін, Отанын сүйіп қастерлеуге тәрбиелеу.
Барысы:
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата – аналар, бүгінгі ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Бүгін қуанышты күн. Әліппемен қоштасу мерекесі құтты болсын. Балаларымыз білім жолындағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін дей отырып, ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.
Әліппені бітірді балаларым
Әліппеден нәр алған даналарым
Өзі оқып жазатын халге жетті
Құтты болсын білімі балалардың
Ата – ана қуанып шаттанады
Оқыды деп баласы мақтанады
Алдарына бұлардың кім шығыпты
Барлық маман мектептен басталады.
Көрініс: Алты жасар баласын
Алпыста атай жетектеп
Келе жатыр көшеде
Қайда әлгі мектеп деп
60 келді сүрініп
6 келді жүгіріп
Бала: Апар ана мектепке
Ата – аналық парызың
Оқып білім аламын
Мен оқушы боламын
Ата: Асықпа әлі қарағым
Санауға енді жарадың
Жасың толсын алтыға
Сонда алып барамын
Бала: Менің қарыс маңдайым
Балаң болам талапты
Тәртіп сақтап әрдайым
Жақсы оқимын сабақты
Ата: Айтқанымды шырағым
Шығарма тек санаңнан
Мектептегі мұғалім
Кем болмайды анаңнан
(сумканы іледі)
Бала: Қыркүйекте келдім де
Сыныпқа кірдім қуанып
Қарсы алды ұстаз күлімдеп
Қадамымды құп алып
(Осы кезде барлық оқушылар әуенмен сыныпқа кіреді. Сәлемдеседі)
Оқушылар: Қуан шаттан, қуан шаттан
Қуанатын күн бүгін
Қайырлы таң, қайырлы күн
Күліп шықты күн бүгін
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз
Баршаңызды құрметтеп
Бас иеміз бүгін біз.
Жанель: Армысыздар аталар мен аналар, ұстаздар! Әліппемен қоштасу тойы құтты болсын.
Дана: Армысыздар мұғалімдер әз жанжар
Білім іздеп инемен құдық қазғандар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би биленіп ән де бүгін шырқалар.
Оңғарсын: Қош келіпті ақ жаулықты аналар
Жүздеріңнен мейір менен нұр тамар
Алдарыңа жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Аида: Шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке, бұл тойдың
Бастаңғысын жасайық (шашу шашылады)
Айкөркем: Қоңырау үні мектепте
Шақырдың мені жолға алыс
Әкетті мені жетектеп
Арманға биік жол алыс
Миржан: Бірінші қыркүйек
Келдім мен гүл алып
Алдымнан ұстазым
Қарсы алды қуанып
Қайыржан: Мектебім қандай тамаша
Жарқырап тұр жаңаша
Ұстазым білсінші
Ақтаймыз біз үмітті
Жадыра: Партаға тұңғыш отырдым
Қалам алып қолыма
Сызықтарға толтырдым
Қалдырмай дәптер жолында
Жаннатбек: Әліппені меңгеріп
Әріптерді таныған
Құтты болсын тойымыз
Біз білімді балдырған
Құндыз: Жақсы білім көрімдік
Болсын сізге халайық
Не үйреніп, не білдік
Қане ортаға салайық.
Айсұлтан: Ойыншық қалды жайына
Әріптер бөлді көңілді
Тәбетім жоқ ойынға
Сезінем үлкен өзімді
Индира: Қуыршақты тастадым
Уақыт жоқ ойнауға
Әріптен құрай бастадым
Сөздерді тізіп қолаға
Алдияр: Ақыл, білім көп берер
Анамдайсың мектебім
Сенде өсіп көктеймін
Сенсің өмір мектебім
Ән: «Сәлем саған мектебім»
Дархан: - Балалар мен сендерге ертегі айтайын тыңдайсыңдар ма?
Ерте, ерте, ерте ме, әлде бүгін бе?
Жақын ба, әлде алыс па? Беймәлім бе?
таныс па, бір ел болыпты. Бұл елдің адамдары көк байрақтың астында тату – тәтті өмір сүріп, өніп - өсіпті. Елді бір кемеңгер хан басқарыпты. Оның талабы осы өркендеп келе жатқан елде бірде – бір бала білімсіз болмауын талап етіпті. Қанша уақыт өтері беймәлім 2030 жылы ел үлкен өркениетті, барлық ғылымды меңгерген беделді елге айналатынына кәміл сеніпті. Халқы осы ортақ арманға жетуі үшін барлық күш жігерін жұмсапты.
Жадыра: Бұл ертегің маған таныс. А – а таптым, таптым. Сен біздің еліміз Қазақстан туралы айтып тұрсың ғой я?
Диана: Рас, бұл ертегі біздің Тәуелсіз Қазақстанымыз. Аз уақыт ішінде еліміз үлкен жетістіктерге жетіп, тез қарқынмен дамып келе жатыр.
Тойжан: Құтты болсын Тәуелсіздік мерекесі
Мықты болсын елімнің керегесі
Мәңгілік желбіресін көк туымыз
Кетпесін туған жердің берекесі
Бәрі: Біз Тәуелсіз мемлекеттің ұрпағымыз, еліміздің келешегіміз. Болашақ біздің қолымызда. Соған лайық болайық достар.
Мұғалім: баршаңызды Тәуелсіздіктің 23 жылдығымен құттықтаймыз. Олай болса «Қазақтай ел қайда» әнімен Айкөркемнің орындауында және биші қыздарды қарсы алыңыздар.
Мұғалім: Іші толы әріпке
Білімдегі жарық не?
Балалар: Болшаққа жол ашар
Ол – сүйінші әліппе
Ендеше әліппені ортаға шақырайық.
Әліппе: Армысыздар жас достар
Армысыздар ата – ана
Болашаққа жол бастар
Әліппең келді ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліпбиін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден
- Сәлеметсіңдер ме, менің сүйікті достарым. Әліппенің бірінші бетінде Елбасы Н. Назарбаевтың «Айналайын» деп жазған сөзімен басталған екен. Осыны кім оқып берер екен. (Құндыз оқиды).
Әліппе: Жарайсың! Менде сендердің үлгілі тәртіппен сапалы білімдеріңмен еліміздің өркендеп, өсуіне өз үлестеріңді қосады деп сенемін.
Балалар, сендер мені оқып сауаттарыңды аштыңдар. Жазуға, оқуға үйрендіңдер. Ал, қане, мына көпшілікке әріптердің сырын айтыңдаршы.
Данагүл «А» әрпі: Адам А – дан басталады
Ата - ана қостар оны
А арқылы жазасыңдар
Алматыны, Астананы.
Әли «Т» әрпі: Бастайды ол таңды да,
Бастайды ол талды да
Келіп тұрған қай әріп
Тау мен тастың алдында
Индира «Ү» әрпі: Кім үлкенді тыңдаса
Кім үлкенді сыйласа
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.
Миржан «П» әрпі: Ата – анаңмен барып сен
Пілді көрдің парктен
Піл, парк, парталар
Басталған қай әріптен
Қайыржан «М» әрпі: Махамбеттей ерім бар
Мағжан сүйген елім бар
Мұқағали жырлаған
Мақтан етер жерім бар
Жаннатбек «Б» әрпі: Бала біткен соғады
Жеңіл шарды домалақ
Ұрсаң ұшып жоғары
Жерге түсер домалап
Жанел «Ы» әрпі: Ынтаменен ырыстың
Алдынан қашан ығыстым
Ызғарды да ыстықты
Мен бастауға тырыстым
Оңғарсын «Қ» әрпі: қалам, қағаз, қарындаш
Құрбы, құрдас, қарындас
Қ әріптен басталар
Деп жазсаң да қара қас
Диана «Е» әрпі: Есті бала ер жетіп
Елдің қамын ойлаған
Ессіз бала кері кетіп
Есерлігін ойлаған.
Айсұлтан «И» әрпі: Исатайдай батыр болам
Иса атамдай ақын болам
Игі істе батыл болам
Игілікке жақын болам
Айда «Ө» әрпі: Өнеге мен өмірді
Өсімдік пен өренді
Менен бастап жазасын
Өрнек пенен өлеңді
Дархан «Ғ» әрпі: Ғалым менің есімім
Ғалым қойған ата – анам
Ғылым қусам, несімен
Ғажап бала ата - анам
Алдияр «О» әрпі: Отан деген – атамекен
Отан деген – туған жер
Отан ана, Отан – үлкен
Қазақстан туған ел
Құндыз «Н» әрпі: Ас біткеннің анасы
Қасиетті нан осы
Қайсы әріптен басталған
Соңғы әріпін қарашы
Айкөркем «Г» әрпі: Жұпар иісі еседі
Жайнап бақта өседі
Қай әріптен басталған
Аты не, кім шешеді?
Жадыра «І» әрпі: Ірімшікті жедің ғой
Тәтті екен дедің ғой
Оның аты біз жазған
Қайсы әріптен басталған
Тойжан «Ұ» әрпі: Ұя, ұлу, ұшақтың
Басын бастап беремін
Құс, жұмыртқа, бұтақтың
Ортасында келемін.
Жадыра «Ә» әрпі: Еске алсаңдар әліппені
Табасыңдар танып мені
Әже, әке, әлемді де
Бастайды «Ә» әріптері
Мұғалім сөзі: Балалар, әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін әліппе достарыңа не айту керек.
Балалар: Рахмет, саған әліппе!
Ән: Әліппе
Әліппе: балалар, сендер мені оқып тауыстыңдар, әріптерді жақсы меңгердіңдер. Бірақта әліде болса, менің сендерге қоятын сұрақтарым бар. (сұрақтар қойылады).
- Жарайсыңдар. Әліппемен қатар сендер тағы қандай пәнді меңгердіңдер.
- Математика
- Математика пәні сендерге не үйретті, көрейін. (Ал, ендеше сандар қатарын түзейік).
1 саны Жадыра М
Өзім жеке дарамын
Таудан биік талабың
Ауылыңа сендердің
Көшті бастап барамын.
2 саны Оңғарсын
Міне, 2 саны тұр
Қараңдаршы неткен түр
Мойнын алға иеді
Құйрығы еріп жүреді.
3 саны Айкөркем
Екіліктен кейін қараңдар
Үш саны шықты шарандар
Үшінші орын тұрағы
Үш ілмекті қосып тұрады
4 саны Қайыржан
Төрт түлік ел ырысы
Төртеу үйдің бұрышы
Төрт аяғын тең басқан
Төрт амал ғой дұрысы
5 саны Индира
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті – беске қосқанда
Болады екен 10 саусақ
6 саны Миржан
Алты саны ол алтау
Бестен кейін келеді
Тапқыр бірден біледі
7 саны Құндыз
Жеті бірдей еренбіз
Жеті шумақ өлеңбіз
Жеті түрлі бояумыз
Жеті түрлі әуенбіз
8 саны Тойжан
Кел, балалар, санайық
Жетіге бірді қосайық
Жаңа шыққан санды біз
Сегіз деп енді ашайық
9 саны Айда
Рет – ретімен санасақ
Тоғыз саны домалап
Сегізден кейін келеді
Жіңішке таяқ тірегі
10 саны Жанель
Қолдасқанда 10 – з
Бір адамның қолымыз
Қатар тұрсақ 10 – з
Кетер кеңіп жолымыз
Жұмыс істеп тынбаймыз
Күш жігерді шыңдаймыз.
Санамақ айтылады (Бәрі)
Мұғалім сөзі:
Ойын: «Кім жылдам?»
Әліппе: Жарайсыңдар балалар әліппемен қатар математиканы жақсы меңгерген екенсіңдер. Енді менен алған білімдеріңді ана тілімен ұштайсыңдар. Әрқашанда оқуда озат, үлгілі де ілтипатты болыңдар. Міне, менің досым Ана тілінің өзі де келіп қалыпты қарсы алыңдар.
Ана тілі: Сөйлетер сөзді шеберлеп
Өзіңнің ана тіліңмін
Байыптап жақсы оқысаң
Негізі менде білімнің
Сәлеметсіңдер ме, менің жан достарым? Мен сендермен танысқаныма өте қуаныштымын. Әліппе білімнің бастауы болса, мен оның жалғасымын. Енді сендер бұрынғыдан да көп оқисыңдар. Ақын – жазушылардың ертегі әңгімелерін ынта қойып оқыңдар. Сонда сендер көп нәрсе үйренесіңдер.
Балалар: Оқимыз, оқимыз, оқимыз
Ән: «Мектеп – ана»
Ана тілі: Баллар төрт ай бойы төрімізде қонақ болған, көп білім үйреткен әліппені шығарып болайық.
Әліппе: Менің досым Ана тілін ренжітпеңдер. Кір шалмасын беттерін, таза болсын, оқулық пен дәптерің оқығандарың есте болсын, күнделіктерің «5» - ке толсын.
Балалар: Әліппе, саған, мың алғыс
Ән: «Айгөлек» Тойжан.
Ана тілі: Сендер өнерлі екенсіңдер. Араларыңда Дымбілмес сияқты әріп білмейтін оқушы жоқ шығар.
Дымбілмес: Мыналар неге жиналған? Әй менің атымды атаған кім? Сен бе? Болмаса сен бе? Кім менің атымды атаған? Е, мынау екен ғой. Сенің суреттерің маған ұнайды. Суреттері әдемі екен, ә?
Ана тілі: Дымбілмес бұл сыныпта әліппемен қоштасу кеші болып жатыр, бұлар менің суреттерімді қарап қоймай, әңгіме, өлең, ертегілерді өздері оқи алады.
Дымбілмес: Қайдағы ертегі. Мынадан қайдағы ертегі оқисыңдар. Мен Әліппемен Ана тілін оқымай білемін. Ендеше, оқыған ертегілеріңді көрсете аласыңдар ма?
Көрініс: «Дос, болайық бәріміз»
Дымбілмес: Иә балалар, сендер көп нәрсе біліпсіңдер. Мен есіктің сыртында тұрып – ақ бәрін естіп, көрдім. Осының бәрін кім үйретті?
Балалар: Мектеп! Әліппе! Мұғалім! Ата – ана.
Дымбілмес: Олай болса, осыларға бас иіп рахметімізді айтайықшы.
Ана тілі: Ал, балалар ендеше осы әліппеден сауаттарыңды ашып, қолдарыңа қалам ұстатқан кім?
Балалар: Жаны шуақ мейірлі,
Ұстазды кім білмейді.
Дымбілмес: Арналады ұстаздарға
Құрмет деген, төр деген
Біздің елде адам бар ма?
Ұстаз алдын көрмеген?
Ұстаздар, келесі ән сіздердің құрметтеріңізге арналады. Ән «Мұғалім».
Ана тілі: Енді мен сендерге «Ана тілі» оқулығын табыстайын. Сендер мені жақсы оқиды деген сенімдемін.
Қорытынды: Мұғалім сөзі.
Әліппе, саған мың алғыс
- майра рысқалиева
- 3 қаңтар 2015
- 3118
- 0
- 0
Ілмек сөздер: қазақша әліппемен қоштасу сценарий
Ұқсас жаңалықтар:
Таныстырған 42 әріппен қош бол менің қасиетті Әліппем!
Сандугаш Аязбаева...Қош бол, сүйікті Әліппем!
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Нәбиева Гүлбаршын Емматқызы...Әліппе – білім бастауы.
Тақырыбы: Әліппе – білім бастауы....Қош бол, сүйікті Әліппем
Әліппе пәнін игеру барысында алған білімдерін тиянақтау,эстетикалық талғамдарын тереңдету, өзін-өзі басқаруы мен ана тілін, туған жерін, Отанын...Әліппемен қоштасу
ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУ Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау; өз өнерлерін ата — аналарға көрсету, эстетикалық...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.