«Интернационалдық достық ел Ауғанстан»
Мақсаты:
Білімділігі: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру.
“Ауған соғысы” – жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлерінен мәлімет алу.
Дамытушылық: Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Тәуелсіздік жолында күрескен аға - апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.
Әдісі: еске алу сабағы
Көрнекілігі: Тақырыпқа сай слайд. Интерактивтік тақта.
Сабақ бағдарламасы:
1. Ауғанстан соғысы тарихы туралы баяндама
2. Майданда туған жыр
3. «Қанжардан құтқарған қазақ тілі» (көрініс)
4. Мақал - мәтелдер сайысы.
5. Қорытынды
Жүргізуші:
Сол Ауғанда талай досты жерледік
Қарлы шыңға күн түн демей өрледік
Сұрапылда ерледік те шерледік
Намыс туын қолдан бірақ бермедік
Армысыздар қымбатты ұстаздар, оқушылар және бүгінгі кездесуіміздің аса құрметті қонақтары!
Әнұран.
Жүргізуші:
Соғыс жан алып – жан беру
Соғыс халықтың басына келген қасірет, жұт
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 23жыл толуына байланысты
«Ауғанстан - жүректегі жара» тақырыбындағы кешімізді ашық деп жариялаймыз.
Жүргізуші:
1989 жылы, Ақпан айының 15 - де талай аналарды перзенттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де, қайғылы да «Ауған соғысы» аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Бүгінде «Ауған соғысы» қажет пе еді? деген сұрақтар көп қойылған кезде, біз жастар, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз.
Сыныбымыздың оқушысы Қожахметова Н. Соғыстың тарихынан қысқа баяндама жазып келіпті соны тыңдаңыздар.
КОКП ж/е КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген "Халықтық - демократиялық үкіметті" қолдап, көршілес елдің социалистік бағытпен дамуын көздеп интернационалдық әскери жәрдем береміз деген желеумен оның ішкі істеріне араласты. 1965 жылы қаңтарда Ауғанстанда Кеңес Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті тыңшыларының қатысуымен астыртын қызмет атқарған Ауғанстан халықтық - демократиялық партиясы құрылып, біраздан соң ол екіге бөлініп "Халық" тобын Н. М. Тараки, Х. Амин, ал "Парчам" тобын Б. Кармал басқарды. 1977 жылы мамырда Мәскеудің нұсқауымен Ауғанстан халықтық - демократиялық партиясының екі тобы бірігіп астыртын қимылдарын ұлғайта түсті. Мұхаммед Дауд үкіметі халықтық - демократиялық партиясына қысым жасап, 1978 жылдың 26сәуірінде оның бала - шағасымен қазаға ұшырады. Сөйтіп Ауғанстанда АХДП билігі орнады. Жаңа үкімет КСРО - ның айтқанынан шықпай, бірден социализм негізін қалауға көшті. Жер реформасын енгізу, діндарларды қудалау, ағарту саласындағы өзгерістер, кеңестік романдарды көбірек пайдалану жергілікті көшпелі тайпалардың әдет - ғұрпымен, салт - мүддесімен санаспау, т. б. Бұхара халықтың наразылық тудырды. 1978 жылы қазанда ірі қақтығысулар басталды. Ауған үкіметі КСРО мен достық тату көршілік ж/е ынтымақтастық туралы шартқа отырып Мәскеу арқа сүйеді. Алайда халық күресі одан әрі күшейе түсті. 1979 жылдың ақырында 26 уәлаятта 18 көтеріліс өрті лаулады. Сондай жағдайда АХДП басшылары өзара тартысып, Кармаль тобы жеңіліп оның өзін Чехославакияға елші етіп жіберді. Келесі жылы қыркүйекте Тараки Аминнің қолынан қаза тауып, АХДП мен мемлекет басына Амин отырады. Бұл жағдайда Мәскеу өз мүддесіне қауіп ретінде қабылдады. КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті Аминді қызметінен шеттетіп "парчамшыларды" билікке әкелуге әрекеттенді. 1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы Л. И. Брежнев, Ю. В. Андропов, М. А. Суслов, Д. Ф. Устинов Ауғаныстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп 1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп онда 1989 жылдың ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Қазақстан ауған соғысына 22 000 адам қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті. Жүргізуші:
Ауған жерінде интернационалдық парызын өтеу барысында қайтыс болған Саркандықтар:
1. Шайкенов Ағзам Тойбатырұлы 1959 жылы прапорщик. 1986 жылы 13 наурызда дүниеден өтіп, Шнет ауылында жерленді.
2. Ульянов Владимир Геннадьевич 1963 жыл қатардағы жауынгер. 1983 жылы қарашаның 26 қайтыс болып Софиевка ауылында жерленді. 3. Берлизов Иван Жүргізуші:
Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,
Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын
Есіл ерлер ескерткішке айналсаңда біз үшін
Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісіңдер!
Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут үнсіздікпен еске алуыңызды сұраймыз.
Рахмет отырыңыздар!
Жүргізуші:
Ардагерлер
Айтса ертек көгендері
Тайбандары таймаған өрден кері
Сыңғырлап сыр шертеді жиындарда,
Кеуде толы жарқырап ордендері.
Сөз кезегі «Ауған сығысының мүгедектері мен ардагерлерінің одағы» Лениноград ауданы бойынша Қоғамдық Бірлестігінің Төрағасы Дүйсекеев Жанат Төлеуұлына беріледі.
Жүргізуші Сыныбымыздың оқушылары соғыс кезінде жазылған өлең жырлардан үзінді оқиды.
Жүргізуші
Жалт ете қап оқ жаудан ұшқан,
Сен құлаған көлбетіп таулы алыстан.
Елестейсің көзіме қасірет боп
Қайғым да сен мәңгілік - Ауғанстан!
Ендігі сөз кезегі мектебіміздің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Ахманов Жаңбырбай Тұрханайұлына беріледі
Жүргізуші
Соғыстан қайтқан ержүрек ағаларымызға сөз беріледі.
Жүргізуші
Бәріміз де Отанды сүйетін, елін, жерін қорғайтын батыр атаның ұрпақтарымыз. Егеменді Қазақстанның патриот ұландарымыз.
Мағзұм Ару «Балбырауын» күйін орындайды
Жүргізуші
О, олардың көз жасының татымын
Татып көрсең ойланар ең пақырым
Халық болып ешқашанда оңбайды
Жылатқан ел ақыны мен батырын
Көрініс: «Қанжардан құтқарған қазақ тілі»
Жүргізуші залда ойын өткізеді.
“Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ”
3 - топ
1. Отан
2. Ана
3. Батыр
Сабағымызды «Атамекен» әнімен аяқтағымыз келіп отыр.
Сабағымыздың соңында мектебіміздің тәрбие ісінің орынбасары Қанапина Қымбат Серікқызына сөз беріледі.
Мұғалім сабақты қорытындылайды.
1 - жүргізуші:
- Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұстаздар!
2 - жүргізуші:
Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабыты шәкірттер.
1 - жүргізуші:
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
2 - жүргізуші:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
1 - жүргізуші:
Бәрекелді, бәрекелді! Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
2 - жүргізуші;
Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
/Ортаға «Жаңа жыл» әнімен............../
1 - жүргізуші:
Құрметті жамағат "Жақсы сөз - жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан қазақ қыздар ұясының білікті басшысы Зинаида Әшімқызына береміз.
1 - жүргізуші:
Армысың, аманбысың Жаңа жылың.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Ұлу жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
/Осы кезде қорқынышты әуенмен залға жағымсыз кейіпкерлер шығады. Өз әуендерімен шыршаны айналып билейді/
ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ МЕКТЕПТЕН БАСТАЛАДЫ
«… Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан,
тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» М. Жұмабаев
Еліміздің ертеңгі болашағы – бүгінгі өсіп келе жатқан жас ұрпақ. Ендеше ертеңгі қоғам мүддесіне лайықты, жан - жақты жетілген бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан, парасатты азамат тәрбиелеп өсіру басты міндетіміз екенін үнемі назарда ұстауымыз қажет.
Еліміздегі әлеуметтік - экономикалық өзгерістер мен бірге адам санасы да жаңғыруда. Бұл құбылыс елдігі білім беру жүйесін реформалауды, кеңейтуді талап етуде. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңес ұсынған гуманитарлық білім беру, тарихи сана мен азаматтардың жаңа әлеуметтік - экономикалық мінез - құлқын қалыптастыру, этно - мәдени білім беру тұжырымдамалары нарықтық қатынастар әлеуметінің заңды талаптары.
Ұлттық тәрбиенің тарихи бірізділікке бет бұруы орынды. Мұнда ұлттық психология мен ұлттық тәрбие өзара байланысты және ықпалдас жағдайда жүретіні анық. Олардың ара жігін ажыратуға болмайды. Соған сәйкес олардың табиғатын, құрамдас элементтерін, қалыптастыратын факторларын бір арнада зерттеген дұрыс. Өйткені, тарихи - дәстүрлі ұлттық тәрбиеге ықпал етсе, онда ұлттық тәрбие де өз тарапынан ұлттық психология белгілерінің сақталуына жағдай тудырады.
Әр халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі өзіне тән мәдени мұрасын оқу - тәрбиеге енгізудің ықпалы зор. Ұлттық тәрбие жүрекке жақын болғанымен ауқымы шексіз, белгілі бір жүйеге келтірілмеген тың дүниелер.
Жеке тұлғаның эстетикалық талғамын арттырып, өнер өрнектері арқылы достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу басты мәселе болып отыр. Эстетикалық тәрбиенің міндеті – жас ұрпақты өмірдің барлық салаларындағы, адамның тұрмысындағы, еңбектегі, көркем өнердегі, табиғаттағы сұлулықты көре білетін, ұға білетін, бақылай алатын адам етіп тәрбиелеу. Ұлттық - тәлім тәрбие, мінез - құлық, салт - дәстүр, әдет - ғұрып қазақ елінің тәуелсіздігіне байланысты біртіндеп жүзеге асырылып келе жатқаны қуантады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жан - жағымызға алаңдап, еліктеп, теңелуге тырыстық. Соның нәтижесінде халықтың болмысын өзгертуге үлес қосқан ұлы тұлғалар мен тарихи жағдайларды танып, соны түсініп, соған ниет, көзқарас пайда болды. Ұлттық ар - намысты сыйлауға, өткенімізге дұрыс баға беруге үйреніп жатырмыз. Жеке тұлғаны ұлттық дүние танымын қалыптастыра отырып тәрбиелеуіміз қажет.
Әрбір халықтың рухани – психологиялық қасиеттері тарихтан терең тамыр алады. Ұлттық психология ұлттың тағдырындағы қилы кезеңдері, яғни, жақсылық пен жамандық, өмір сүру салты мен шаруашылығы, қала берді саясат пен идеологияны бойына сіңіреді. Ұлттық сезім, мінез – құлық, ұлттық мүдде, ұлттық әдет - ғұрыптар, отансүйгіштік, ұлттық мақтаныш пен намыс, ұлттық талғам т. б. белгілер сол ұлттың рухының ізгі байлығының ажырамас бөліктері.
Қазіргі заманда жеке тұлғаның тәрбиесінің табысты болуы ата - аналардың тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне, мәдениетіне өзара қарым - қатынасына, көзқарастарының және мақсаттарының бірлігіне байланысты.
Жастардың өнегелі тәрбиелігінің басты міндеті – жеке тұлғаға ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие беру.
Жеке тұлғаға ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие беру мақсатында халқымыздың
ұлттық тәлім - тәрбиесіне сүйене отырып жеке тұлғаның нағыз азамат болып өсіп жетілуіне жағдай жасау керек. Өйткені жас ұрпақ халықтың ең қымбатты, ең қадірмен келешегі. Бұл сенімді ақтауға аға ұрпақ, әсіресе ата - аналар алдында зор міндеттер тұр. Олар ерінбей еңбек етіп жеткіншектерді тәрбиелеп, құрметті және жауапты мемлекеттік міндетті орындайды.
Кең байтақ қазақ даласында өсіп өмір сүретін балалардың тәрбиесі олардың ата - аналарының күнделікті іс - әрекеттері мен көшпелі тұрмыс қалпына байланысты болған. Балалардың жастайынан тіл алғыштыққа, тәртіптілікке, жауапкершілікке, үлкендерді сыйлай білуге үйреткен. Сондықтан жас ұрпақ үшін кеңес, өсиет және басқа да инабаттылық ұғымдар үйелмендер мінез - құлықтық нормасына айтылған.
Мұндай өмірлік мәні бар мәселелерді шешуде үйелмен мүшелерінің бірлігі, олардың түсінушілігі мен дүниеге көзқарастары нығаяды, ата - аналар мен балалар арасындағы мейірімді қарым - қатынас бір қалыпқа түседі, үйелмендік белгілі ереже жасалынады, ал олар барлық үйелмен мүшелері үшін жазылмаған заң болып қолданылады.
Жастардың өнегелі тәрбиелілігінің басты белгісі – үй және мал шаруашылығының басқару тәсілдерін, жеке адамның ізгі қасиеттерін білу. Олар: ұйымдастырушылық қабілетін, еңбеккерлік, табандылық, тапқырлық, қамқорлық, ерлік т. б ересек қазақ балалары мен жігіт жасындағы жастар Ұлы қазан төңкерісіне дейін арнайы мектепте оқып білім алған жоқ.. Олар өмірден, күнделікті тұрмыстағы тәжірибеден әдептілік ұғымдарды үйренеді. Халық аузындағы мақалдар мен мәтелдерді және ертедегі әңгімелерді, басқа да халық тағылымын қабылдап, мәніне түсінеді. Өйткені, бұл фольклорлық шығармаларда жеке адамның мінез - құлқы нақты көрсетілген, достық, адалдық, шындық, еңбек сүйгіштік сияқты имандылық қасиеттер жайлы психологиялық – педогогикалық ойлар берілген, үйелменде, қоғамда жеке адамдар арасындағы қатынас нормаларының қалыптасуы көрсетілген.
Қазақ халқының дәстүрлері арқылы мектептер мен жоғарғы оқу орындарында ұлттық тәрбие қалыптастырудың нәтижелі болуы ұстаздың осы бағыттағы алған этно - білімдері мен әдістемелік дайындығының деңгейіне тікелей байланысты болғандықтан, қазіргі қоғамдағы қордаланған тәрбие проблемаларын шешуге ден қойып отырмыз.
Барлық жерде оқу - тәрбие ісін ұлттандыру мақсаттарын жүзеге асыруда этнопедагогика пәні негізгі тірек, қозғаушы күш. Өйткені барлық оқу - тәрбие ғылыми зерттеу жұмыстарын этнопедагогикамен байланыстырып жүргізу тиімді әрі нәтижелі болмақ. Этнопедагогика ғылымы екі саладан тұрады: халықтың салт дәстүрлерінен құралған ауыз әдебиеті және ұлттық тәлім тәрбиенің жазу мәдениетіндегі көрінісі. Қазақ этнопедагогикасының негізгі саласы - әдеп. Әдеп – эстетика ғылымының « этика» деп аталатын үлкен саласының ұлттық мәдениетке тән қисынды баламасы, ұлттық педагогиканың алтын арқауы. Ұлттық тәрбие дәстүрлері тамашалауды қажет ететін көне дәуір ескерткіші ғана емес, ол ел тұрмысында, адамдар қарым – қатынасында, отбасылық өмірінде белсенді қызмет ететін жанды құбылыс тәрбиенің қайнар көзі.
Ұлттық салт - сана сол ұлттың мәдени дәрежесін рухани сапасын көрсетеді. Этнопедагогиканың негізгі бір саласы – ұлттық салт - дәстүрлер. Жар - жар, тойбастар, беташар, шілдехана, бесік жырлары ұлттық психологиямызға көп әсер етеді. Ата - баба шежіресі адамды генофондық ғылыми тұрғыдан дұрыс ажырата білуге көмектеседі.
Қазақ халқының сан ғасырдан бері тәрбие жөніндегі өнегелі істері мен сөздері, тұрмысы, мәдениеті, өнері, өмір тәжірибесі халық педагогикасының асыл қазынасы болып келді. Қай заманда болмасын ұрпақ тәрбиесі азаматтың парызы болды. Әрбір халық өзінің тарихы мен тәжірибесін жалғастыратын жас түлектерді ғасырлар бойы тәрбие әдістері мен тәсілдерін қолданып, өмір тәжірибесі сынынан өткен әдептілік, сыпайылық, адалдық, инабаттылық, іскерлік, мейірімділік, қайырымдылық, еңбексүйгіштік, үлкенді сыйлау, оған ілтипат көрсету сияқты қабілеттерді олардың бойына екті. Осылардың бәрі адамзат тәрбиесінде халық педагогикасының қандай роль атқаратындығын көрсетеді.
Әрине, жастарға тәлім - тәрбие беруде тек ұлттық дәстүрлермен шектелуге болмайды. Сондықтан тәрбие ісі тиімді және нәтижелі болу үшін халық педагогикасына кешенді қараған жоқ.
Халықтың даналық ойлары халық педагогикасының шамшырағы болған. Халық даналығы мақал - мәтел, ертегі, өлең - жыр түрінде, ақын - жыраулардың шешендердің сөздері толғау, өсиет өлеңдері арқылы баяндалып отырған.
Қазақ халқының өмір кешкен тарихында ұлттық ойындардың көптеген түрлері балалық, жеткіншектік, жасөспірімдік шақтағы балалар тәрбиесінде пайдаланылды. Ал қазіргі кезде ұлттық ойындардың көпшілігі тәлім - тәрбие саласында зор педагогикалық құралға айналды. Бүкіл халқымыздың ұзақ өмірінде өздері қызықтаған алуан ойын өнері болды. Ойын тек қана көңілді көтеру, көңілін шаттандыру ғана емес, ол өзінше ерекше қазақ халқының әлеуметтік өміріне байланысты тәрбиелік мағынасы зор жеке адамның дамып жетілуіне, қалыптасуына әсер етуші факторлардың бірі болған.
Қазір қайта өркендеу ұлттық мәдениет пен салт - сананың жаңғыру кезеңінде баспа беттерінде ұлттық ойындар туралы жазылған бірсыпыра мақалалар, құнды еңбектер пайда бола бастады. Солардың ішінде Е. Сағындықовтың «Қазақтың ұлттық ойындары» деген кітабын атауға болады. Кітапта ұлт ойындарының шығу жолдары мазмұны баяндалған. Олардың оқу тәрбие саласында үлгі түрінде шебер пайдаланып, бүгінгі және болашақ ұрпақтың игілігіне айналдыру қажет.
Ұлттық қадір - қасиет дәстүрлер мен әдет - ғұрыптар ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып, біздің заманымызға жетіп отыр. тәртіп пен мінез ерекшеліктері өзгеріп отырады.
Олар халқымыздың өмір сүру жағдайында, әлеуметтік - экономикалық және географиялық ортасының шарттарына байланысты қалыптасады.
Халқымыздың рухани бейнесін бір жағынан әдебиет, өнер, ғылым, екінші жағынан мінез - құлық, ұлттық сезім, әдет - ғұрыптар т. б. бейнелейді. Ұлттық мінез - құлық ерекшеліктері адамдардың біріккен өмірі мен күресінде, әлеуметтік, табиғи - географиялық, материалдық мәдени жағдайының шарттарына лайықты қалыптасады. Соның әсерінен әрбір адамға ұлттық мінез - құлық, саналы тәртіп, болымды қылықтар сезім көріністері, дәстүрлері, мен әдет - ғұрыптары пайда болады.
Ұлттық мінез - құлықты халықтың бай тәжрибесі арқылы тарихи тұрғыда қалыптасқан әдетінің, жалпы және ерекше қасиеттерінің бірлігі деп ұғамыз.
Біздің елімізге тәуелсіздік таңы атқалы бері оқушы бойынан жат әдеттерді аластап, өз дінімізді, рухымызды, салт - сана дәстүрімізді оқушы бойына қалыптастыру мақсатында әрбір сабақта өз қазақ халқымыздың мәдениетімен байланыстыра өтуді қолға алған жөн. Қазақтың өз заманына сай үрдісі, тәрбиесі бөлек болған. Баланы жастайынан еңбекқорлыққа, ақылдылыққа, шешендікке, әншілікке, спортқа баулып өсірген.
Халқымыз ұлттық тәлім - тәрбиеге сүйене отырып, жас жеткіншектің нағыз азамат болып өсіп жетілуіне қамқорлық жасаған. Өйткені жас ұрпақ халықтың ең қымбатты, ел қадірі мен келешегі.
Бүгінгі таңда өздеріміз тәлім - тәрбие беріп жатқан бүлдіршіндер ертеңгі күні тек білімді кадр ғана емес, отанын жанындай сүйетін, ұлттық тарихы мен мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденген азамат болып өсіп жетілуі қажет.
Бүгінгі мақсатымыз — әрбір оқушыға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан - жақты дамуына қолайлы жағдай жасау. Адам бойындағы игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беруіміз қажет. Қазіргі қоғамға сай білікті де білімді, адамгершілік құндылығымен рухтанған, ұлттық сезімі жоғары адам тәрбие
Интернационалдық достық ел Ауғанстан
- nurbanu62
- 23 желтоқсан 2014
- 6289
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Интернационалдық достық ел Ауғанстан
Ұқсас жаңалықтар:
Ауғанстан ардагерлеріне тағзым!
Мақсаты: Білімділігі: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру. “Ауған соғысы” – жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлерінен...Ауған соғысының ардагерімен кездесу. Мен елімінің жас патриотымын
Мен қазақпын, көк байрағын желбіреткен, Жүрегіңді жылы сөзбен елжіреткен. Думанды ауыл, саялы қалаларда, Сыйласып бір - бірімен күні өткен....Ұрпақ тәрбиесі - ұлттық педагогика негізінде
Қазіргі заман талабына сай мен де оқушыларды тәрбиелеуде халықтық педагогиканы басты бағдар ретінде ұстанғанымыз жөн болар еді. Қазіргі заман...Тәрбие туралы көзқарасым
ШҚО, Риддер қаласы, «№14 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Ибраева Гульмира Тельмановна...Математика сабағында ұлттық құндылықты қолданудың маңызы
Атырау облысы Атырау қаласы Жұмыскер кенті Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Қанатова Талшын Ибатқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.