"Күмән" Машқар Гумеров
Мақсаты: Шығарманы және авторын таныстыру. Түйінді ой айта алу, мәнерлі, түсініп оқу қабілеттерін, тілін дамыту; Жалақорлықтан аулақ болып, әділ де адал болуға, шыншыл болуға баулу.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын тексеру.
*Ы. Алтынсарин туралы не білесің?
*Жатқа 5 - 6 оқушыдан жалғастыра сұрау.
Бекіту сұрақтары:
«Өнер - білім бар жұрттар» өлеңіндегі мына жолдарда қазіргі заманғы қандай техника түрлері жөнінде айтылғанын тап:
а) «Теңізде жүзді балықтай,
Дүниені кезді жалықпай» деген жолдар нені сипаттайды?
ә) «Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып - жұмғанша
Жылдам хабар алғызды»
б) «Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге
Күн жарымда барғызды»
в) «Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді»
г) «Отынсыз тамақ пісірді»
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Міне өнер - білімнің арқасында осындай жетістіктерге жеткен екенбіз. Осы өнер - білім ордасы деп нені айтады? (мектепті)
- Иә, ендеше осы мектептің оқу үрдісіне түрлі жағдайлар, оқиғалар болып тұрады. Сондай оқу орындарының бірінде болған оқиға туралы бүгін оқып танысамыз. Таныспас бұрын сабақ не туралы болатынын болжап көрелік.
IV. «Терминдер арқылы болжау»
Суреттер: сынған әйнек, кезекші қыз, мұғалім, оқушылар, сынып бөлмесі.
- Сендердің ойларың бүгінгі тақырыппен сәйкесе ме?
- Сендермен М. Гумеровтың «Күмән» шығармасымен танысамыз. «Күмән» дегенді қалай түсінесіңдер?
Автор туралы түсінік.
М. Гумеров (1925 - 2002) Башқұртстанның Асқын ауданындағы Күбияз елді мекенінде ауыл молдасының отбасында туған. 1937 жылы үй ішімен Солтүстік Қазақстанға көшіп келіп, қазақ орта мектебінде оқыған. Ұлты татар болғанымен, шығармаларын тек қазақ тілінде жазған.
V. Кітаппен жұмыс.(Мәтінді 5 бөлікке бөліп оқу)
1 - бөлік:
*Мұғалім оқуы
- Оқушылар ішке кіргенде қандай оқиға болды?
- Мұғалім сабақтан соң қалуды неге өтінді?
*Болжау.
2 - бөлік:
*Іштей оқу.
- Сабақ соңына дейін оқушылар арасында нендей әңгіме жүрді?
*Болжау.
3 - бөлік:
*Бір балаға дауыстап оқыту.
- Мазмұнын айту
4 - бөлік:
*Бір балаға дауыстап оқыту(тізбектей оқыту)
*мазмұндау
- Дәуіттің қылығын қалай бағалайсың?
*Болжау
5 - бөлік:
*Өз оқуым
*Мәтінде қандай жаман әдет туралы сөз болды?
- Рақиланың орнында өзің болсаң не істер едің?
- Әтіргүлдің Рақиланы аяғаны дұрыс па?
ҮІ. Ой ашар. (сергіту сәті)
ҮІІ. Ой толғаныс. Хат жазу.
- Балалар мәтіндегі Рақила мен Дәуіт біздің сыныптастар болсын. Олар қазір басқа қалада оқиды делік. Соларға хат жазу керек.(Өз еріктері бойынша хат жазып, «пошта жәшігіне» салады)
- Шынымен сол кейіпкерлерге айтар ой - сұрақтарың көп секілді. Олай болса кездескілерің келе ме? Ендеше кім Рақила кейпіне еніп ойнар екен?
*Автор орындығы
1. Рақила
2. Дәуіт
3. Автор
ҮІІІ. Қорытынды.
«Көрмегенді көрдім» деме,
Жолдасыңа қастық етпе!
Үйге тапсырма: Мәтіннің мазмұнын айтып, жалғасын жазып келу.
Бағалау.
"Күмән" Машқар Гумеров
- Айхынбаева Аида Еспергеновна
- 8 қараша 2014
- 16907
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Күмән туралы, Машқар Гумеров, бастауыш сынып сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Өнер-білім бар жұрттар
Өнер - білім бар жұрттар Тастан сарай салғызды; Айшылық алыс жерлерден, Көзіңді ашып - жұмғанша, Жылдам хабар алғызды....Бақшада
Білімділік: Өсімдік аурулары жөнінде мағлұмат беру, оларды емдеу жолдарымен таныстыру Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ауызекі...Кедей
Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық селосы, Жұмабай Мырзағалиев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Мусағалиева Аягөз Марзухқызы...Бір кесе меруерт
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі бастауыш сыныбының мұғалімі Макуова Нуршат Аманкосовна...Ана тілі сен ұйықтап жатқанда
Пән: ана тілі № Тақырыбы: Сен ұйықтап жатқанда. Бердібек Сокпақбаев Мақсаты: 1. Оқушыларға Бердібек Сокпақбаев жайлы айта келіп,мәтін мазмұнын...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.