Сайтқа кіру Тіркелу

Бастауышым - балбұлағым

«Бастауышым – бал бұлағым» бастауышпен қоштасу ертеңгілігінің жоспары

Мақсаты:
1. Оқушылардың төрт жылда қандай жетістіктерге жеткенін көрсетіп, өнер - білімдерін бағалау.
1. Ойлау, байқау қабілеттерін дамыту. Оқушыларға білімнің сара жолы мектептен басталатынын ұғындыру.
2. Адамгершілікке, имандылыққа, білім ордасын, ұстаздарын құрметтей білуге, Отанының адал ұл - қызы болуға тәрбиелеу.

Әдісі: әдеби монтаж Көрнекілік: тақырып, оқу және білім туралы нақыл сөздер, өлеңдер, шарлар. гүлдер./интерактивті тақтамен/

1 - бастаушы:
Армысыздар, мұғалімдер әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,
Ұлылықты ұлықтаған имандар.
2 - бастаушы:
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
1 - бастаушы:
Бүгін міне, бастауышпен қоштасады бал бұлақ,
Әні менен жырыма қонақтарым сал құлақ.
Кеше сәби, міне бүгін жас ұлан,
Лаулап жансын болашағың шамшырақ.
2 - бастаушы:
Байсалды мінезіңмен бір қалыпты,
Менің де көңілімде із қалыпты.
Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің,
Ерінбей үйреттің де әр әріпті –
дей келе ортаға алғашқы ұстазымыз – ------------------------- және 4 «а» сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.
Қошеметтеп қарсы алыңыздар!

1 - бастаушы:
Бүгін сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш сыныбымызбен, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан алғашқы ұстазымыз бен қоштасқалы отырмыз. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай ұстазымыз 4 жыл бойы білім нәрімен сусындатып, көп нәрсені үйретті. Сондықтан да алғашқы ұстазымызға бәріміз мың алғыс айтамыз.
2 - бастаушы:
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілімен бал тамызған ақын да, темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқаншы да, маңдай терін төккен шопан да, көкті шарлаған ғарышкер де бәрі – бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған. Сондықтан да біз Қарақұдық орта мектебінің ұлағатты ұстаздары алдында бас иеміз. ( бас иеді).
1 - оқушы:
Үйретіп алғаш бізге әліппені,
Ұстазым ғылымға жол салып берді.
Адамның ой – арманы мақсаттары,
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
2 - оқушы:
Әліппемен аштым өмір есігін,
Тербетемін білім бөбек бесігін.
Өмір деген нұрлы өзенге шомылып,
Жаттап өстім ұстазымның есімін.
3 - оқушы:
Есімде ерен ұстазым,
Шашымнан сипап өпкенің.
Аянбай бізге қыс - жазы,
Молынан мейір төккенің.
4 – оқушы:
Балғын шақта келіп едім,
Бал қызыққа еніп едім.
Тағдырымның билігін де
Сеніп сізге беріп едім.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Бастауышым – балбұлағым

Бастауышым – балбұлағым

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда, Жол табар қараңғыда адасқанда. Мал озбас біле білсең білім озар, Ақыры керек болар бір сасқанда, -...
Бастауышым - бал бұлағым

Бастауышым - бал бұлағым

Мақсаты: Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу. Мектепті ұстаздарды құрметтеп,...
Бүгінгі шәкірт көгершін, болашағың көгерсін!

Бүгінгі шәкірт көгершін, болашағың көгерсін!

«Жаңасай негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі математика пәнінің мұғалімі Чыкаева Кульбаршын Советовна...
Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, Саған мәңгі бас ием, Бастауышым!

Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, Саған мәңгі бас ием, Бастауышым!

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Шалқия кенті, №86 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Смат Айжан Нұржәліқызы...
Аттанайық бала шақтан болашаққа

Аттанайық бала шақтан болашаққа

Мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру. Мектепте,...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×