Сайтқа кіру Тіркелу

Тілім менің - тірегім!

Сабақтың тақырыбы: Тілім - менің тірегім.
Мақсаты: Оқушылар «тіл», «Отан» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейтеді.
Міндеттері:
- ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсінеді;
- ана тіліне деген құштарлықтары артады;
- ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиеленеді.
Көрнекіліктер: дәптер, оқулық, слайд, қатты қағаздан жасалған «Таным», «Ғұламалар», «Қазына» атты үш үлкен қақпа.
Шаттық шеңбері:
- Қош келдіңдер балалар! Сендерді көргеніме қуаныштымын.. «Өзін - өзі» тану пәні сабағында бәріміз қауышып отырмыз. Шеңберге тұрғызып, сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстырамын. С. Кәттебайұлының «Ана тілім» атты өлеңін үш топ бір - бір шумақтан дауыстап айтады, төртінші топтың оқушылары «Анамның тілі - аяулы үні» әнін орындай отырып сабаққа қызығушылықтарын оятамын.
Оқытудағы жаңа әдістер
Оқушылармен бірге өлеңнің әрбір шумағын талдай отырып мұғалім мен оқушы арасында диалогтік әңгіме жүргіземін.
- Неліктен тілді анамен байланыстырып айтамыз?
- Өз тіліңді қалай құрметтер едіңдер? Т. б.
Сахналау
Ана тілінің маңыздылығын түсіндіру мен оқушылардың туған тілін жете білуге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақ сахналау түрінде ұйымдастырылады.
Үнтаспадан С. Тұрысбековтің «Қөңіл толқыны» күйі орындалып тұрады.
Сәнді безендірілген сарайдың үш қақпасының алдыңғы көрінісінің нобайы қойылады. Бірінші қақпаға « Таным», екіншісіне «Ғұламалар», үшіншісіне «Қазына» деп жазылған.
Ортаға патша рөліндегі бала шығады. Қасында уәзірлері бар.
Патша: - Тілдер патшалығына саяхат жасауды көптен көңіліме түйіп жүрген едім. Соның сәті бүгін түскен сияқты. Мен қазақ тілі туралы білсем деймін. Уәзірлері иіліп қақпаның есігін ашады.
Мұғалім: - Сонау бесінші - алтыншы ғасырлардан бастап уақыт сынына төтеп беріп, бүгінгі күнге дейін жеткен Орхон - Енисей, Талас сына жазулары қазақ тілінің кезінде өркендеп, гүлденген дәуренін айғақтайды.
Патша уәзірлерімен «Ғұламалар» қақпасына келеді. Бұл жерде қазақтың маңдайына біткен ғұламалардың портреттерінен топтамалар көрсетіледі.
Мұғалім: - Қазақ тілі - Әйтеке, Төле, Қазыбек билер сынды шешендердің, Абай, Жамбыл, А. Байтұрсынұлы, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, М. Әуезов сияқты алып ақын - жазушылардың, Қажымұқан, Б. Момышұлындай атақты батырлардың тілі. Қазақ тілі - қазақтың жоғын жоқтап өткен Ш. Уәлиханов пен Т. Рысқұловтай арыстың тілі.
Патша: - Туған тілім туралы өлең тыңдасам деймін.
Оқушылар: өздерінің тіл туралы жаттаған өлеңдерін нақышына келтіріп айтып берді.
Топтық жұмыс
Топтарға тапсырмалар беріледі. Ақылдасып әр топтан бір – бір оқушы тапсырманы дауыстап оқи отырып, жауаптарын дәлелдей отырып жауап береді.
Сұрақтар:
- Неліктен тілді анамен байланыстырамыз?
- Қандай адам өз тілін өте құрметтейді деп ойлайсыңдар?
- Неліктен өз тілінде сөйлейтін адам сыйлы болады?
Тіл туралы бір шумақ өлең құрастыра аласыңдар ма?
Патша жайлап «Қазына» қақпасына жақындайды.
Патша: - Бұл қандай керемет болды екен, ә?!
Нөкерлері қақпаны итереді. Қақпа ашылмайды.
Патша ашуланып: - Менің кім екенімді білмейді – ау, шамасы,- деп қақпаны өзі итереді.
Бәрібір ашылмайды. Ол қақпа есігін қағып - қағып жібереді. Сонда арғы жағынан тілдей қағаз түседі. Нөкері ашып оқиды:
Дүниеде не тәтті?
Дүниеде не ащы?
Патша: - Мұның мәнісі неде?- деп оқушылардан сұрайды. Балалардың жауаптары тыңдалады.
Мұғалім: Мұның жауабын білу үшін «Данышпан атаға» хат жазған болатынбыз. Бүгін сол хатымыздың жауабы келді. Балалардың жауаптарын салыстырып көрейік. Хатты ашып оқиық.
Мұғалім хатты ашып, дауыстап оқиды:
О, хан ием!
Дұрыс сөйлей білу де өнер, жүйесін тауып сөйлеген сөз жүрекке жетіп, жүйені босатады. Сондықтан да тіл – тәтті. Жебе салған жара жазылар, балтамен оталған орман қайта өсер, бірақ тілдің жарасы жазылмас. Сондықтан да тіл - ащы.
Сол уақытта қақпа ашылады. Қақпа ашылған сәтте «Ана тілім – қазынам» деген жазуы бар кітапты патша қолына алады да, парақтап қарай бастайды.
Патша: - Маған көмек қажет болды, кім көмектесер екен? Мына кітапта берілген мақал - мәтелдерді аяқтау керек.
Оқушылардан бір оқушы көмекке келеді де, мақал - мәтелдерді оқиды, балалар әрі қарай жалғастырады.
1. Өз білмегенді кісіден сұра,
Үлкен болмаса,....
2. Өнер алды -....
3. Жіптің ұзыны, сөздің... жақсы.
4. Піл күшті,
Піл күшті емес,... күшті.
5. Отыз тістен шыққан сөз,
Отыз рулы... тарайды.
6. Жүйелі сөз - жүйесін табар,
Жүйесіз сөз -....
Патша: - Ойпырым - ай - а! Тілдің құдіреті осы де. Балалар сендерге үлкен рақмет. Мен барып үш ұлымды сынап көрейін.
Патша нөкерлерін ертіп шығып кетеді.
Әкесі балаларын қалай сынағаны жайлы көрініс қойылады.
Әкесі бірінші ұлына қонаққа келеді. Тамақ салынып, ет асылады.
Әкесі: - Қарағым ана етіңнің жақсы жерінен бір кесіп берші, - дейді. Баласы кесіп береді.
- Әрине, санның еті дәмді. Енді жаман жерінен кесіп берші, - дейді. Баласы кесіп береді.
Әкесі: - Тіс өтпейтін сіңір ғой.
Әкесі екінші ұлына келеді және одан да осындай сый - сыяпат көреді.
Содан соң үшінші ұлына келгенде де:
- Балам етіңнің жақсы жерінен кесіп берші, - дейді. Баласы тілден кесіп береді.
- Енді жаман жерінен кесіп берші,- дейді. Тағы да баласы тілден кесіп береді.
Әкесі:
- Мұның қалай балам, жақсы жерінен десем де, жаман жерінен десем де тілінен кесіп бердің - дейді. Сонда баласы:
- Ой, әке - ай, жақсы да, жаман да, ұрыс та, керіс те, өсек те, бәрі де осы тілден шығады.
Екі елі ауызға төрт елі қақпақ дегендей, әр адам өз тіліне сақ болса, еш уақытта ұрыс - керіс болмас еді. «Басқа пәле - тілден».
Әкесі: Дұрыс екен, балам. Бүгін көп нәрсені ұққандаймын. Жақсы, балам, қайтайын. Айтарым ақылыңнан ажырама, - деген екен.
Дәйексөз
- Балалар, сахналау арқылы және өзіміздің өмірден түйгенімізден ұққанымыздай тіл балаға ананың ақ сүтімен туылған сәттен - ақ беріледі. Тіл адамды жақсы да, жағымсыз да көрсетеді. Тіл адамды өсіреді де, өшіреді де. Олай дейтініміз тек қана жанға жайлы жақсы сөздерді жиі айтсаң, адамдар арасында сыйлы боласың. Өз тіліңді жетік біліп, оны дамыта алсаң, сондай - ақ басқа елге барғанда өз туған тіліңде сөйлесең олар сондай халық бар екенін біледі. Демек халқыңды басқа ұлттарға танытасың, халқыңды өсіресің. Егер сенің ана тіліңде ешкім де сөйлемесе халқың өшеді деген - осы. Сондықтан С. Торайғыровтың:
«Сүйемін туған тілімді, ана тілін,
Бесікте жатқанымда - ақ берген білім», - деген өлең жолдарын ұмытпағандарың жөн.
Жаңа ақпарат
Мұғалім оқушыларды жаңа ақпаратпен таныстырады:
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Ана тілін сүю құрметтеу, мақтаныш ету - әрбір азаматтың міндеті».
Тапсырма
Сабақта оқушылардың алған білімдерін тиянақтау үшін тапсырма беріледі: «Ана тілің – арың бұл» деген сөзді түсіндіріп беріңдер.
Дәптермен жұмыс
Мұғалім тапсырманың орындалу жолдарын түсіндіреді:
Тапсырма: Дәптердегі нақыл сөздерді оқып мағынасын түсініп алыңдар және өмірде қолданыңдар.
1. Тіл жоқ жерде ұлт жоқ Ш. Айтматов
2. Әр халықтың ана тілі - білімнің кілті... Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын. А. Жұбанов
3. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата - бабамызды, тарихымызды ұмыту. Б. Момышұлы
Жүректен жүрекке
Балалар ана тіліне деген махаббатын өлең жолдары арқылы білдіреді. Бәрі бірлесе отырып өлең жолдарын қайталайды

Жүрегімнің бөлшегі
Қаның, жаның – тіліңде,
Арың, нәрің, тіліңде
Ұмтыл оны білуге.
Тілден алып ғибрат,
Құлшынасың білімге

Ана тілің – ертегің
Ана тілің – өркенің
Ана тілің - ертеңің.
Қадірле ана тіліңді –
Жүрегіңнің бөлшегін.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тілім - менің тірегім

Тілім - менің тірегім

Мақсаты: Оқушылардың «тіл», «Отан» құндылықтары туралы түсініктерді кеңейту. Міндеттері: - ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; - ана...
Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім

Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім

БҚО, Атырау облысы, Атырау қаласы, №17 мектеп - лицейінің бастауыш сыныптарындағы қазақ тілі пәні мұғалімі Габдижалел Арайлым Габдижалеловна...
Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім

Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім

Тақырыбы: «Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім». Мақсаты: оқушыларды өз халқын, тілін, туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу....
Тілім менің-тірлігімнің тірегі

Тілім менің-тірлігімнің тірегі

Қызылорда облысы, Арал қаласы №2 Облыстық арнаулы санаториялық мектеп интернатының тәрбиешісі Қалыбаева Нұрсулу Әлижанқызы. Тақырыбы: Тілім...
Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (тәрбие сағаты)

Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (тәрбие сағаты)

«Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×