Сайтқа кіру Тіркелу

Білім – таусылмас қазына

Кіріспе сөз:
Қазан айы - жалпыға міндетті білім айы.
Білімді болу дегеніміз не?
- Білімді болу - бәрінен бұрын адам болу деген сөз. Өмірдегі барлық жақсылық білімнен шығады.
- Білім – сенің серігің, өмірлік жолдасың. Адам өзінің барлық керегін, ой - арманын, талап тілегін тек білім арқылы ғана қанағаттандыра алады.
«Білем» деме, балам!
Білмейтінің көп шығар.
Бәрін білген адам
Дүниеде жоқ шығар - деп ақын ағамыз Өтебай Тұрманжанов айтқандай көп білуге ұмтылайық.
Жандияр:
Уа жарандар, жарандар!
Мына бізге қараңдар!
Мінекей залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны біз де қоштаймыз
Кешіккенді тоспаймыз
Білім айы талапқа қанат беріп,
«Білім - таусылмас қазына» атты
Апталықты бастаймыз.
Жауқазын:
Балалар, оқуға бар, жатпа қарап,
Жуынып, киініңдер, шапшаңырақ!
Шақырды тауық мана, әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн жылтырап.
Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да,
Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да.
Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп,
Барады аралар да ұшып балға.
Балалар, бұл жол басы - даналыққа,
Келіңдер, түсіп байқап, қаралық та.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?
Даналық - өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!
Дамир
Мендік ойға келіссең
Танылады ер іспен.
Өнерліге – жол ашық,
Білімдіге - өріс кең.
Сағынай
Білім жолы – асқақ ән
Жаман оқу жат маған.
Біліміме сенем де,
Болашаққа аттанам.
Аймереке
Оқу елге керек пе,
Керексіз бе?
Болды дау...
Жар сап әлемге
Соғылды бір қоңырау
Ол Ыбырай атаның
Қоңырауы болатын.
Жарық етті әлемді,
Қараңғы еді дала тым.
Жырын жаттап жатамыз
Жалықпастан қыс - жазы
Ұлы Ыбырай атамыз -
Ұстаздардың ұстазы.
Ұран тастар көп елге,
«Кел, балалар, оқылық!»
Деген сөзін көңілге,
«Ықыласпен тоқылық!»

Мәншүк
Кітап керек білім таңдап аларға
Білім керек іске жақсы қараға
Кітап - шырақ қара түнді ашатын
Білім - жарық нұрын саған шашатын.
Жерден ауыр дегенім:(бәрі) – ақыл - білім,
Судан терең дегенім: (бәрі) – оқу - ғылым.

Хор: (ән) «Оқудан сен жалықпа»

Білім беру айлығы
Басталыпты балалар.
Білімдіден шыққан ғой
Барлық дана бабалар.
Қайырмасы:
Жалықпа сен жалықпа
Оқы, тоқы арманда
Бәрін білген балаға
Жақын болар алыс та.

Перизат
Білімменен арайланса таң күліп,
Мектебімді жырлап өтем ән қылып.
Білімді мыңды жығар деген сөз бар,
Сол үшін де оқи берем мәңгілік.
Дильназ
Адамдық - борышың,
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай,
Ар сақта, оны біл.
Талаптан да, білім мен өнер үйрен
Білімсіз, өнерсіз
Болады ақыл тұл
Жандияр
Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме!
Жасынан оқу оқып, өнер қуған
Жан жетпес көңілі жүйрік кемеңгерге
Алижан
Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты
Ақыл ойлар әлемді арбап алды.
Математика ғылымдар патшасы ғой,
Таңырқатып аңыз қылған адамзатты,
Келер ұрпақ даналарға ұқсап тұрса,
Омар Хаям, әл - Фараби жолын қуса,
Елімнің болашағы гүлденеді,
Ғылымның шамшырағы жанып тұрса.
Аймереке
Мектептен аларың -(бәрі) – білім
Қай - қайдан табарың -(бәі)- білім
Мазданып жанарың -(бәрі)- білім
Бәрінен табарың -(бәрі)- білім
Хормен: Білімнің мініп алып тұлпарына, Қиналмай шығу керек шыңдарына.
Хор (ән) «Білім керек бәріне»
Корабльді біз басқарсақ шіркін - ай
Көк жүзіне біз самғасақ шіркін - ай
Тауды бұзып, біз егер де тас жарып
Мұхиттарды біз жалғасақ шіркін - ай.
Қайырмасы:
Сырлары көп ғылымның
Шешілмеген әлі де
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне.
Таңдандырар біз егер де бар елді
Ғажап үйлер біз сала алсақ егер де
Жасартатын біз егер де әжені
Дәрі ойлап таба алсақ шіркін - ай
Кері қайту
Ілмек сөздер: cценарий, білім айлығы
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×