Сабақтың тақырыбы: «Тұрлаусыз мүшелер»
Сабақтың мақсаттары: Тұрлаусыз мүшелерді ажырату, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру, бастауыш пен баяндауыштың байланысын меңгеру. Оқушылардың сөз, сөйлем, сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейте түсу таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру. Пән аралық және өмірмен байланысты іске асыру, оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ой - өрісін дамыту, өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру. Оқушыларды өз ана тілін сүюге, халқымыздың ұлағатты, ғибратты сөздерінен үлгі - өнеге алуға, сол арқылы кішіпейілділік, қайырымдылық, кеңпейілдік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Топтық жұмыс, сұрақ - жауап, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер (төрт түлік), слайд.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық.
Оқушыларды тыныштатып, зейіндерін сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру: 65 - жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
3. Өткен сабақты қайталау
1. Сөйлем дегеніміз не?
2. Сөйлемнің қандай мүшелерін білесіңдер?
3. Сөйлемнің қандай түрлері болады?
4. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
5. Хабарлы сөйлем дегеніміз не№
6. Лепті сөйлем дегеніміз не?
4. Қызығушылықты ояту: «Ой қозғау» Суретпен жұмыс.
Төрт түлік туралы сөйлемдер құрастыру.
5. Жаңа сабақ:
«Тұрлаусыз мүшелер»
ЕРЕЖЕ:
Сөйлемдегі бастауыш, баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін тұрлаусыз мүшелер деп атайды. Оларға қандай? Кімге? Неге? Нені? Қашан? қайда? т. б. сұрақтар қойылады.
Мысалы:
Айгүл гүлді суарды.
Қонақтар төрге отырды.
Біз ұшаққа міндік.
Арман жұмысқа кірісті.
66 - жаттығу “Ой қозғау”
Ауызша орындалады.
Екі бағанадағы сөйлемдерді салыстырып оқу.
1 - топ: Жадыра келді. / Жадыра қалаға келді.
2 - топ: Қоңырау соғылды. / Қоңырау қайта - қайта соғылды.
3 - топ: Мал өседі. / Мал төлден өседі.
Су ақты. / Су арықпен ақты.
67 - жаттығу “Ой шақыру”
Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою.
Қарамен жазылған сөздер бастауышқа қатысты ма,
баяндауышқа қатысты ма?
6. Сергіту сәті «Айгөлек» әніне билеу.
7.«Өз бетімен жұмыс»
68 – жаттығу.
Жаңылтпашты оқып, жатқа жаз.
8.«Шығармашылық жұмыс»
1 - топ: Өтірік сөз жанға қас
2 - топ: Ашу – ақылдың дұшпаны
3 - топ: талапты ерге нұр жауар
Әр топ өздерінің мақал - мәтелдерін оқып, мазмұнын ашады.
9. Қорытынды.
Семантикалық карта толтыру.
Сөздер ----------------- Тұрлаулы мүшелер --------------------- Тұрлаусыз мүшелер
қызық
таза
жүгірді
жақсы
күз
гүлді
10. Бағалау
11. Үйге тапсырма
Тұрлаусыз мүшелер
- Галя
- 4 қазан 2014
- 56357
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазақ тілі 3 сынып, тұрлаусыз мүшелер, ашық сабақ бастауыш
Ұқсас жаңалықтар:
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлемдер туралы түсінік беру, жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыра білуге үйрету, сөйлемдегі сөздерді сөйлем...Жалаң және жайылма сөйлем
Жаттығулар орындау барысында жалаң сөйлем мен жайылма сөйлемдерді айыра білуге жаттықтыру. Тұрлаусыз мүшелер жайында білімдерін жетілдіру Сөздерден...Жалаң және жайылма сөйлем
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №21 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Абитаева Айтолкын Алтынбековна...Сөйлем мүшелері
БҚО, Қаратөбе ауданы, Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Есқайрова Айсұлу Жақсылыққызы...Сөйлем мүшелері
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелерін қайталау. Сабақтың мақсаты. Білімділік: сөйлем мүшелерінен өткенді қайталау, еске түсіру, білімдерін пысықтау....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.