Сайтқа кіру Тіркелу

Ұ дыбысы мен әрпі

1 Пәннің ата: Сауат ашу
Оқу іс – әрекетінің тақырыбы: «Ұ» дыбысы мен әрпі
Мақсаты;
1. Ұ дыбысының, айтылу ерекшеліктерін қалыптастыру. Ұ дыбысын дауыстап дұрыс айтуға үйрету.
2. Дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін,
фонематикалық есту қабілеттерін жетілдіру. Логикалық ойлау, таным процестерін жетілдіру. Соз қорын молайту, байланыстырып сөйлеу тілін жетілдіру.
3. Сұраққа толық жауап беруге, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, тыңдауға тәрбиелеу.
Көрнекі - құралдар: Заттық суреттер (ұшақ, құлпынай, қарбыз, ұлу), текшелер, айна.
Сөздік жұмыс: ұлу
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Кәне, балалар жарты шеңбер жасап тұрайық!
- Балалар, осы аптада біз не туралы айтып жатырмыз?
- Қысқа тән құбылыстарды айтыңдаршы!
- Мен бастаймын, ал сендер аяқтайсыңдар.
- Қыста күн суық болады. Қар жауады.
- Жарайсыңдар, орнымызға отырайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Балалар, кеше сендер қай дыбысты әдемі, дұрыс айтып үйрендіңдер.
* Ж дыбысын барлығымыз бірге айтайықшы.
* Ж дыбысын айтқанда ерініміздің қалпы қандай?
* Тісіміздің қалпы қандай екен?
* Тіліміздің қалпы қандай екен?

III. Сабақтың тақырыбын баяндау.
- Балалар, мен сендерге тақпақ оқимын, соның ішінде қай дыбыс жиі естіледі екен?
«Ұлпабастың басына
Ұлу шықты асыға.
Ұстап алмақ боп оны,
Ұзақ қонды қасына.
Ұмтылғанда ол енді,
Ұлу қашты жөнелді»
- Ұлу дегеніміз жәндік міне мынандай болады. Оның өзінің үйшігі болады. Көбінесе сулы жерлерде тіршілік етеді.
* Балалар қай дыбыс жиі естіледі екен? (Ұ дыбысы)
* Ұ дыбысын бәріміз бірге айтайықшы!
* Ұ - ұ - ұ
* Ұ дыбысы қалай айтылады?
* Иә, әндетіліп, созылып айтылады, екен.
* Ұ дыбысы қандай дыбыс?
* Иә, дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
* Ендеше, балалар бүгін Ұ дыбысын әдемі, дұрыс айтып үйренеміз
* Енді, Ұ дыбысын созып, әндетіп айтайық.
* Аузымызбен айтамыз, көзімізбен көреміз, құлағымызбен естиміз, басымызбен ойлаймыз.
* Балалар, ерініміздің қалпы қандай?
* Ерініміз құбырға ұқсап, алға қарай сүйірленіп шығады екен
* Аузымызбен айтамыз, көзімізбен көреміз, құлағымызбен естиміз, басымызбен ойлаймыз..
* Ауа еркін шығады.

V. Фонематикалық есту қабілетін дамыту.
* балалар, кәзір «Зейінді бол» ойының ойнаймыз.
* Мен, сендерге дауысты және дауыссыз дыбыстарды айтамын, ал сендер, дауысты дыбысты естігенде қызыл текшені, дауыссыз дыбысты естігенде көк текшені көтересіңдер.
* А, Н, Е, В,, С, О, О, О,
* М, Н, Г, Ш, А, Б, А, У, Ұ, Ұ, Ұ
* М, А, Р, О, М, Н, О, Ұ, К
* Жарайсыңдар, балалар!
* Балалар, енді мен сендерге дауысты дыбыстар айтамын, соның ішінде Ұ дыбысын естігенде шапалақтайсыңдар.
* А, Ә, Ұ, Ә, Ү, О, А, О, Ұ,

VI. Оқып жатқан дыбысқа талдау жасау.
- Балалар, қолымызды алдымызға қойып, бойымызды түзу ұстап отырамыз.
- Осы апта бойы не жайлы айтып жатырмыз?
- Қыстан кейін қай жыл мезгілі келеді?
- Көктемде жылы жақтан нелер ұшып келеді?
- Құстар сөзінде ұ дыбысы бар ма?
- Ендеше құстар сөзіне дыбыстық талдау жасайық.
- кәне, ең алдымен бәріміз бірге құстар сөзін айтайықшы!
- құстар...
- Құстар сөзінде неше дыбыс бар?
- неше дауысты дыбыс бар?
- ережені кім айтады?
- Иә, бір сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болады екен.
- Құстар сөзін буынға бөлейік. Құс – тар.
Бәріміз орындадық па?
* бірінші дыбыстың астын сызып көрсетші!
* Екінші дыбыстың астын сызып көрсетші!
* Үшінші дыбысты көрсетші.
* Соңғы дыбысты аташы!

VII. Бекіту.
Балалар, енді «Топтастыр» ойының ойнайық.
Мына суреттердің ішінен Ұ дыбысы бар суретті алып іріктейміз.
* Сен не алдын?
* Ұшақ сөзінде ұ дыбысы қай жерінде тұр?
* Құлпынай сөзінде ұ дыбысы сөздің қай жерінде тұр?
* Қарбыз сөзінде ұ дыбысы бар ма?
* Ал енді ұ дыбысы басында келетін суретті басына қойшы!

. Қорытынды. Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінде не үйрендік.
* Иә, ұ дыбысын дұрыс айтуға үйрендік. Ұ дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасадық.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×