Сабақтың тақырыбы: Жазғы түнде жайлауда
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың алған білімдерін анықтап, жайлау туралы, мезгілдік ерекшеліктер туралы түсінік беру. Дамытушылығы: Тапсырмалар, сұрақ - жауаптар арқылы оқушылардың ой - өрісін, танымын кеңейту. Тәрбиелілігі: Отанды, туған жерді сүюге, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, түрлі - түсті қағаздар, қалпақтар, суреттер.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, постер қорғау, топтық жұмыс.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.
Бүгінгі сабағымыз «Көкпар» ойынының желісімен өтеді.
1 - бөлім «Іліп әкету»
«Көзбен көр, сөзбен өр!»
Үй тапсырмасын пысықтау:
Тест сұрақтары: 1. Қарабала келе жатып нені көрді? Ж) тасбақа З) шөп И) жусан
2. Оның есіне қандай ырым түсті? А) арманың орындалады Ә) өсесің Б) жолың болмайды?
3. Тасбақа қандай жәндік? Е) кішкентай Й) киелі Р) зиянды
4. Әңгіменің авторы кім? Л) Әбіш М) Бердібек Н) Мұхтар
5. Көсік қандай өсімдік? А) жабайы Ә) гүл Б) жеуге жарамды
6. Тасбақа қандай жерді мекендейді? Ү) суда Ұ) орманда У) шөл далада
Тест кілті: Жайлау. Сұрақ: Жайлау деген не?
2 - бөлім «Ширату»
Оқы да, ойыңа түй!»
Жаңа сабақ. Күннің жады. Тақырып. Оқушылардың үйден алып келген мәліметтерін оқыту.
Автор туралы мағлұмат.
Топқа бөлу. Ханталапай ойыны арқылы.
Сұрақ: Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер? ( алтыбақан, ақсүйек, асық, қыз қуу т. б.)
Олай болса 1 - топ: «Алтыбақан» 2 - топ: «Ақсүйек»
Топ ережесімен таныстыру.
1 - тапсырма 1 - топ: Өлеңді мәнерлеп оқиды.( мұғалім өзі бір оқып береді) 2 - топ: мазмұнын ашады. (постер қорғайды)
3 - бөлім Қамшы басу: «Мәнін ұғын, түйінде!»
Шығармашылық жұмыс
2 - тапсырма: 1 - топ: Әдемі сөз тіркестеріне өлең шығарады. 2 - топ Сөз тіркестеріне қатыстырып сурет салады.
Сергіту: Сарыжайлау әні. Слайдшоу
3 - тапсырма: Өлеңде қандай үй жануарлары аталады? (қой, жылқы) 1 - топ: қой туралы; 2 - топ: жылқы туралы қорғайды
4 - тапсырма: 1 - топ: Біріккен сөзді тауып септе. 2 - топ: Сөйлем мүшесіне талда.
4 - бөлім: Қазандық: «Тобықтай түйін»
Де Моно, ойлаудың 6 қалпағы әдісімен сабақты қорыту.
Ақ қалпақ - шығармадағы негізгі оқиғаны баяндайды.
Қара қалпақ – оқиғадағы жағымсыз іс - әрекеттерді айтып өтеді.
Сары қалпақ – оқиғадағы өзі қолдайтын әрекеттерге тоқталады.
Қызыл қалпақ – іс - әрекеттерге болжам жасайды.
Жасыл қалпақ – іс - әрекеттерге мүмкіндік пен идея тудырады.
Көк қалпақ – оқиғадағы түйінді ойды қорытып, соңғы шешімін айтады.
Отан деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
Отан – Атамекен, туып өскен жер, отбасың.
Олай болса тақтаға назар аударайық.
Атамекен әні.
Рефлексия: Ашық күн, Бұлт, Жаңбырлы күн.
Ашық күн - сабақ ұнады, жақсы әсер алдым. Жаңбырлы күн - ұнады, әсерім күшті емес. Бұлт - ұнаған жоқ, әсер алмадым.
Бағалау: Білім ағашы.
Қорыту.
Жарық түнде жайлауда
- Kausar73
- 3 қыркүйек 2014
- 4860
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жарық түнде жайлауда
Ұқсас жаңалықтар:
Асыл сөзді іздесең...
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын оқып білу. Сын тұрғысынан ойлау арқылы шығармашылық жұмысқа баулу....Оқытудағы критериалды бағалау коучинг
БҚО, Ақжайық ауданы, Базаршолан ауылы, Ғ. Махамбетов атындағы ОЖББ мектептің бастауыш сынып мұғалімі Галимова Нұргүл Мақсотқызы...Шегіртке мен құмырсқа (Мысал)
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, №5 Ақарал орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бекасилова Молдир Амантаевна...Жазғытұры
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу мектеп - интернаты" ММ - нің бастауыш сынып мұғалімі Сейсенбаева Ләззат Айтбайқызы...Қазақ халқының әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрлері
Ақтау қаласы, №13 орта мектеп – гимназиясының тарих пәні мұғалімі Шегебаева Гүлсім Тоқсанбайқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.