Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің тіршілігі туралы білімдерін бекіту.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсат: Өсімдіктер тіршілігі туралы үйренгендерін, білімдерін бекіту. Өсімдіктерді қорғауды үйрету.
2. Танымдық мақсат: Оқушылардың сөздік қорын молайту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік мақсат: Оқушыларды ұйымшылдыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу және топ үшін еңбек етуге, табиғатқа жанашырлыққа баулу, аяушылық сезімдерін ояту. Елін, жерін сүюге, достыққа, жолдастыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Өсімдіктердің суреттері, өсімдіктер туралы нақыл сөздер, тыйым сөздер жазылған плакаттар, әдеби кітаптар, «Қазақстанның жасыл әлемі» атты табиғат бұрышы, кестелер, үлестірмелі парақшалар, «Қызыл кітаптың» көшірмесі (суреті). т. б.
Сабақтың барысы:
1. Психологиялық икем.
2. Тірек, білім, біліктілік және дағдының өзектілігі.
Оқушыларды топқа бөліп отырғызу. Әр топқа жемістердің суреттерін тарату. Жемістер – алма, қияр, сәбіз, жүзім. Әр топ – әр үйдің бақшасы.
1 тапсырма: «Жобаны қорғау» деп аталады.
1 - топқа – «Өсімдік – тірі ағза»
2 - топқа – «Өсімдіктің мүшелері»
3 - топқа - «Өсімдікке не қажет?»
Осы тақырыптар бойынша әр топ берілген плакаттарға сызба жұмыстарын жүргізеді.
Уақыт біткенде әр топ өздерінің арасынан бір адамды ортаға шығарады. Ол оқушы плакатпен сөз сөйлейді.
2 тапсырма: Тестпен жұмыс. Жемістерді топтарға бөліп, тест сұрақтарын таратып беру.
Алмалар 1 - ші топ
Сәбіздер 2 - ші топ
Жүзімдер 3 - ші топ
Қиярлар 4 - ші топ
Тест сұрақтарының жауабын айтуға әр топтан бір оқушы шығады. Жауапты талдау.
3 тапсырма: Жұмбақ құрастыру. Төрт топ өсімдіктер туралы төрт жұмбақ құрастырады. Қалған оқушылар жұмбақтың жауабын табады.
4 тапсырма. Өз бақшамызға оралу. Үш бақшаға үш түрлі мынандай тапсырмалар беріледі:
1) Өсімдік мүшелерінің қызметі
2) Шөптесін өсімдіктердің түрлері
3) Өсімдіктің түрлері.
Бұл тапсырмалардың әрқайсысында үш - үштен тапсырмалар берілген. Оның бірінші тапсырмасын 1 - ші топ орындап, 2 - ші топқа береді. Олар 2 - ші тапсырманы орындап, 3 - ші топқа береді. 3 - ші топ тапсырманы орындап 1 - ші топқа қайтарып береді. Содан соң әр топ өздерінің қағаздарын оқып беруі тиіс.
3. Ой - қиял. Ойын ойнау: Музыка ойналады. Оқушылар допты бір - біріне беріп тұрады. Музыка тоқтаған сәтте доп кімде болса, сол оқушы сұраққа жауап береді. Сұрақтар мынандай:
1. Жапырақ неге сарғаяды?
2. Картоп несімен көбейеді?
3. Бидай неше жылдық?
4. Ағаштың түбірі қалай көбейеді?
5. Құнарлы топырақ дегеніміз не?
6. Қызамық немен көбейеді?
4. Жаңа сабақ: Өсімдіктерді қорғау.
Балалар, табиғат – халық қазынасы. Сондықтан біз оның байлығын пайдалана отырып, оны қорғай білуіміз қажет. Біздің Қазақстан Республикасында 7 мыңдай жоғары сатыдағы өсімдіктер бар. Өсімдік адамның денсаулығын нығайтып, бойына күш береді. Өсімдіктер ауаны, суды тазартады, топырақтарды құнарландырады. Бір ғана терек ағашы 1 айда 9 кг көмірқышқыл газын бойына сіңіріп, ауа тазартады екен. Сондықтан халық теректі көп отырғызған.
Адам күнделікті жейтін тамақтарды және өзіне қажетті заттардың көбін, мысалы, киім, баспана, қағаз - кітап, дәрі - дәрмек т. б. өсімдіктерден алады. Өсімдіктер сарқылмайтын, бітпейтін қазына емес. Сондықтан қазіргі кезде өсімдіктерді қорғау қолға алынуда. Сол үшін Қазақстанда 1966 жылы «Халықаралық табиғатты қорғау қоғамы» құрылған. Бұл қоғам азайып, жойылып бара жатқан өсімдіктерді мынандай Қызыл кітапқа тіркеп отырады. Ол тұңғыш рет 1981 жылы жарық көрді. Бұл кітаптың ішінде қызыл және сары беттер бар. Қызыл беттерде жойылып бара жатқан өсімдіктер жазылады, ал сары беттерде саны аз өсімдіктер тіркеледі.
Қызыл кітапқа тіркелген өсімдіктер:
1. Қазжуа
2. Жауқазын
3. Қалампыр
4. Тобылғы
5. Сүттіген
6. Долана
7. Сары өрік
8. Қайың
9. Емен
10. Терек
11. Рауғаш
12. Селеу
13. Шырыш т. б.
5. Сабақты қорыту.
Тақтаның ар жағын ашу.
Плакаттар бойынша сабақты қорыту.
6. Үйге тапсырма беру. Өсімдіктерді қорғау. Мазмұнын айту.
7. Бағалау.
Өсімдіктердің тіршілігі туралы білімдерін бекіту
- Жұпар
- 9 тамыз 2014
- 7421
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Өсімдіктер тіршілігі туралы, өсімдіктерді қорғау
Ұқсас жаңалықтар:
Өсімдіктердің «Қызыл кітабы»
Оқушыларға өсімдіктердің өсіп – өнуі, жетілуі жайлы ұғым беру. «Қызыл кітаптың» маңызы, адамның тіршілік етіп, өмір сүруге табиғатпен тығыз...Өсімдік - тірі организм
Мақсаты: а) Білімділік: Өсімдік тірі табиғат екенін дәлелдеу. Өсімдіктің мүшелері, олардың атқаратын қызметі, өсімдікке қажетті жағдайлар туралы...Табиғатты қорғаңдар. Етістіктен өткенді қайталау
Табиғатты қорғау туралы мәлімет алып, меңгеру. Етістік бойынша алған білімдерін тиянақтау...Өсімдік - тірі организм
БҚО, Қаратөбе ауданы, Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Есқайрова Айсұлу Жақсылыққызы...Дәрілік өсімдіктер
Астана қаласы №5 гимназияның биология және география пәнінің мұғалімі Құрманқұлов Марат Сағынтайұлы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.