Тақырыбы: 1000 көлеміндегі ауызша есептеу тәсілдерін пысықтау
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың 1000 көлеміндегі ауызша есептер шығару іскерліктерін қалыптастыру
Міндеттері:
а) білімділік: Оқушылардың 1000 көлемінде берілген есептер туралы білімдерін кеңейту, ауызша есептеу тәсілдері туралы мағлұмат беру
ә) тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, ақыл - ой белсенділігін арттыруға тәрбиелеу;
б) дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін зейінін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілдері: репродуктивтік, эвристикалық әдістер (сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік, талдау)
Көрнекілігі: кеспе қағаздар, проектор, үнтаспа
Сабақтың барысы:
І. Бағдарлау – мотивациялық кезең
Оқушылардың білімін теңдестіру
Адамзат тарихында ең ерте қалыптасқан ғылымдардың бірі – математика. Математиканың алғашқы бесіктерінің бірі Мысыр елі болды. Адамзат даналығының ойлап тапқан жаңалығы ол – жазу. Қазіргі әлем халықтары жазуды жоғарыдан төмен, солдан оңға қарай жазып жүр. Неге? Өйткені олар бұл әдісті соқаның қозғалысынан алған екен. Осы жазулардың негізінде пайда болған таңбалардың бірі цифр. Цифр дегеніміз – сөздерді қағаз бетіне қондыру үшін қолданылатын әріптер қандай қажет болса, сандарды жазу үшін керекті таңбалар. Цифр деген сөздің төркіні арабтың «Әс - сифр» деген сөзінен алынған.
Күнделікті өмірімізде қолданылатын сандар шамамен бұдан 1500 жыл бұрын Үндістанда пайда болған. Әуелі сандар сызықшамен белгіленген. Кейін қалыптаса келе қазіргі таңдағы біздер қолданып жүрген сандар пайда болды.
Сан есептеу мен өлшеудің нәтижесін білдіретін ең негізгі математикалық ұғым. Сан ұғымы көптеген математикалық теориялардың негізі болып саналады. Күнделікті өмірде де сандарды үнемі пайдаланамыз.
0 саны. Бұл сан абсолюттік символы. Шексіздік белгісі және жаратылмаған әлемнің саны болып табылады. Бұл барлық заттардың бастамасы. Графикалық жоба бойынша сақина немесе дөңгелек ретінде белгіленеді.
5 саны. Жоғарыда айтылған төрт бастаманың ортасында орналасып, жан - жағын басқарып тұрады. Қазақта бес нәрсені баянсыз – бұлттың көлеңкесі, еңбексіз келген байлық, қоқақтың достығы, жалған мадақ, опасыздың махаббаты деп түсінген. Қазақ халқы тілді, дінді, тарихты, дәстүрді, Атамекенді бес анық деп атаған.
Абай атамыздың өлеңінде «Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой, Бес асыл іс көнсеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ, Бес дұшпанды білсеңіз.» деп, бес саны жайлы айтып кеткен.
7 саны. Қазақтардың таным - түсінігінде жеті санының алар орны ерекше. Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі, соның ішінде қазақтар ерте кезден - ақ жеті санында сиқырлық күш бар деп санаған. Біздің ата - бабаларымыз жеті санын қастерлеп, бірқатар таным - түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң жүйелерін жеті санымен сәйкестендірген.
Көркем жазу сәті.
7 0 5
Берілген цифрлардан үш таңбалы сандар жазып, разрядтық қосылғыштарға жіктеу.
Біз математика пәнінің басқа ғылымдармен байланысты екенін білеміз. Біз бүгінгі сабағымызды дене шынықтыру, еңбекке баулу, дүниетану, музыка, т. с. с. пәндерді байланыстырып көрейік.
Еңбекке баулу. Көркем еңбек түрінің бірі аппликация, яғни жапсырмалау.
Разрядтық қосылғыштарға жіктеу
368, 386, 638, 863, 683, 838;
289, 298, 892, 829, 982, 928
423, 324, 432, 342, 243, 234
Жапсырмалауды бірінші аяқтаған топ І орын, қателескен оқушыға сары белгі беріліп, бағалау парағына түсіріледі.
ІІ. Операционалдық – орындаушылық кезең
Дене шынықтыру. «Футбол ойыны». Қақпаға көп доп соққан топ жеңімпаз. Қателескен оқушыға доп берілмейді.
І топ
70+14=84
780 - 52=728
80 - 52=28
580+20=610
58+2=60
35+23=58
370+14=384
750 - 21=729
ІІ топ
39+2=41
350+230=580
750 - 210=540
390+20=410
60+23=83
50 - 21=29
390+200=590
560 + 23 =583
Музыка. Әуен аяқталғанша ашық хаттарды бөлу (ауызша).
12 ашық хатты 2 - ден? хатқалта
12 ашық хатты 2 хатқалтаға? ашық хаттан
Дүниетану. Мектеп ауласындағы көкөніс егілетін жерлердің периметрін табу. Әр оқушыға фигуралар үлестіріліп, өз беттерімен жұмыс орындатылады.
Қызынақ үлескесі. Р = 15м + 5м + 15м + 4м = 39м
Қияр үлескесі. Р = 4м + 7м + 7м + 5м + 5м = 28м
Гүл үлескесі. Р = 3м + 3м + 4 м + 4м + 3м + 3м = 20м
Өзін – өзі тану. Сергіту сәті.
«Амандасу»
- Балалар енді оқулығымызбен жұмыс жасайық.
№5
а) Болды – 500кг ә) Сәбіз – 17кг?
Қалды – 140кг Картоп – 43кг кг
Сатылды -? Шешуі: 17 + 43 = 60 (кг)
Шешуі: 500 – 140 = 360(кг) Жауабы: барлығы 60 кг көкөніс әкелінді
Жауабы: 360 кг пияз сатылды
б) Болды –
Сатып алды – Шешуі:
Қалды -? Жауабы:
№6 Теңдеу шешу
652 - х=14+38
140 + в + 300 = 770
19 + x = (53 + 7) – 20
ІІІ. Рефлексиялық – бағалау кезеңі
Бағалау. Бағалау парағы бойынша оқушылардың жинаған бағалары мен жеңімпаз топтар жарияланады
Математикалық диктант
1. 10 сантиметрде неше дециметр бар?
2. 18 бен 22 сандарының қосындысы нешеге тең?
3. 12 мен 50 сандарының қосындысына 8 - ді қос
4. 1 сағатта неше минут бар?
5. 3 жүзд. 0 онд. 7 бірл қандай сан?
6. 10 өрікті 2 тәрелкеге тең бөліп сал. Әр тәрелкеге неше өріктен салынады?
Үйге тапсырма беру. №2 ә); №7 есеп (нұсқау беріледі)
1000 көлеміндегі ауызша есептеу тәсілдерін пысықтау
- aisulu.ubaitzhanova
- 23 шілде 2014
- 6707
- 0
- 0
Ілмек сөздер: 1000 көлеміндегі ауызша есептеу тәсілдерін пысықтау
Ұқсас жаңалықтар:
Жай сандар және құрама сандар
Оқушыларға жай және құрама сандарды үйрету, есептер шығару барысында тиімді қолдану. Оқушыларды жауапкершілікке, ұйымдастырушылыққа, алғырлыққа,...Жай сандар және құрама сандар
Оқушыларға жай сандар мен құрама сандар туралы ақпарат беру, оларды ажыратуға және есептер шығару барысында тиімді қолдануға үйрету...1000 көлемінде ауызша есептеу тәсілдері
Қызылорда қаласы № 211А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Таңатарова Дәрігүл Қабылбайқызы...26+4,95+5 түріндегі есептеулер
Есиркепова Рима Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы № 6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі...Математикадан сабақ топтамасы
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, "№21 жалпы білім беретін орта мектебі"КММ математика пәні мұғалімі Искакова Эльмира Кенбаевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.