Тақырып: Жүрек жылуы
Құндылық «Сүйіспеншілік»
Қасиеттер: қайырымдылық, мейірімділік
Сабақтың мақсаты: «Қайырымдылық», «мейірімділік», адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- мейірімділік, қайырымдылық туралы түсініктерін кеңейту;
- қамқорлық жасауға жетелеу;
- мейірімділікке тәрбиелеу;
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) Сюжетті суреттер, үнтаспа, ватман, түрлі түсті бояу (гуашь) Сабақ барысы
1. Мотивациясын ояту
- Барлықтарыңыз көздеріңізді жұмыңыз. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз көл жағасында суда жалаң аяқ жалдап жүрсіз. Салқын су сіздің аяғыңызды сипап жатқан сезімде боласыз (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда (тыныштық). Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз (тыныштық). Сіз көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз..... (тыныштық).
Тыныштықта тұрып, өзімізді тыңдайық, табиғат - анамызды тыңдайық. Алақандарыңызды күннің көзіне жайыңыз. Көк аспаннан және күзгі жердің суығы ағатын жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық). Қазір біз көзімді ақырын ашып, басқа жаққа қарай қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана - Табиғатқа «Рахмет» деп айтамыз. Сабақ барысын талқылау:
Музыка ойнап тұрады
2. Үй жұмысын тексеру:
- Үйге не берілді?
• «Жүрек жылуы» дегенді қалай түсінесіңдер? Оқушылар өз ойларын ортаға салады
3. Әңгімелеу (сұхбат)
• Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар?
• Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді?
• Басқаларға жақсылық жасаған кездерің болды ма?
- Балалар, қазір мен сендерге Валентина Александровна Осеваның ізімен жазылған «Жай ғана әжей» әңгімесін мазмұндап беремін. Мұқият тыңдаңдар.
• Сендер осындай оқиғаға кездесулерің мүмкін бе?
• Бұл оқиғадан не үйрендіңдер?
• Абзал мен Айнұрдың ой - пікірлері туралы не айтасыңдар?
Сұрақтарға толық, дұрыс жауап беруге тырысу
4. Дәйек сөз
«Табиғаттағы барлық жылу - күннен,
Өмірдегі барлық жылу - адамнан».
Михаил Пришвин
• Осы сөзді қалай түсінесіңдер?
• Неге табиғаттағы барлық жылу күннен дейді?
• Неге өмірдегі жылу адамнан дейді?
- Онда мына қағаз бетіне барлығымыз өз жылуымызды қалдырайық. Қолдарыңды бояуға малып, алақанның іздерін қалдырамыз. Талдау, естерінде сақтату
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс
- Қазір біз сендермен 3 топқа бөлінеміз де, жағдаяттар шешеміз.
• Сен бір құшақ газет - журнал көтеріп келе жатқан пошташыға кездестің...
• Сен аулаға ролик тебуге шықтың, ал досының ролигі жоқ...
• Анаң ас пісіріп жатыр, ал інің мазасызданып кетті... Топпен жұмыс
6. Үй тапсырмасы: «Менің жан жануарға, табиғатқа қандай қамқорлық жасадым» тақырыбында ойланып келіңдер
7. Топпен ән айту
С. Молдасаханұлының сөзіне жазылған, Ф. Жолдасованың «Бала тілегі» әнін орындау
Ән айту
Жүрек жылуы
- ainur-79
- 10 маусым 2014
- 19956
- 0
- 0
Ілмек сөздер: өзін өзі тану, жүрек жылуы
Ұқсас жаңалықтар:
Мейірімділік – асыл қасиет
Мейірімді адам өзге адамға, тума - туысқандарына, табиғатқа деген жанашырлық сезімін, қамқорлығын көрсетуге дайын тұрады. “Табиғаттағы барлық жылу –...Құдіретті Жер - Ана
- жердің адам өміріндегі мәні, оның адамға тигізетін әсері туралы білім беру; - жердің құндылық ретіндегі мәнін түсініп, сезіне білулерін дамыту; -...Жүрек жылуы
Қайырымды іс жасау оған мұқтаж адамның жанына жұбаныш болады. Ал өзің біреуге қайырымдылық жасағанда көңілің көтеріліп, жаның жай тауып, қуанасың,...Жүрек жылуы
Міндеттері: • Мейірімділік, қайырымдылық туралы түсініктерін кеңейту; • Қамқорлық жасауға жетелеу;...Табиғатқа қамқорлық
Мақсаты: Балалардың “табиғат”, “қамқорлық” құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту Міндеттері: - Табиғат пен адам үйлесімділігі, оның адам...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.