«Менің жанұям» (спорттық ойын - сауық)
Мақсаты: Балаларға өз жанұяларымен бірлесіп, ойнау арқылы ойын түрлерімен таныстыру. Оларды бейбіт өмірге деген сүйіспеншілігін арттыру, достыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Спорттық ойындар арқылы балалардың дене тәрбиесіне деген қызығушылығын арттыру.
Қолданылатын құрал: дөңгелекшелер, терең тәрелке, доптар, ойыншықтар, тақтайшалар.
Жүргізуші: Қақпаға туралай
Теп допты оң аяқ
Қақпаға туралай
Теп допты сол аяқ
Оң аяқ сол аяқ
Жаттығу оңай - ақ.
Балалар ата - анасымен бірге көңілді шеңбер құрады
Қуан, шаттан алақай,
Қуанатын күн бүгін
Ойын - сауық кешінде,
Күліп шықты күн бүгін
Содан кейін жүргізуші 1 - ші жан ұяны ортаға шақырып, қызыл түсті шарды дөңгелене тұрып жаруды ұсынады. Шар жарылғанда ішінен ойын атауы шығады.
1 - ші ойын түрі: «Буырқанған жел».
Ойынға әр жанұя қатысады. Әрқайсысының алдында терең тәрелкеге салынған дөңгелекшелер бар. Әр жанұя одан дөңгелекшелерді үрлеулері керек. Оны жылдам жасаған жанұя жеңімпаз болып саналады.
Жүргізуші: ал қанекей ортаға екінші жанұяны шақырамыз. Жасыл түсті шарды дөңгелене тұрып жару ұсынылады. Жарылған шар ішінен ойын түрі шығады.
2 - ші ойын түрі:«Су тасушы»
Ойынға қатысушы жанұялар төбелеріне допты қойып, кезектесіп жүреді. Тапсырманы 1ші болып аяқтаған топ жеңімпаз атанады.
Жүргізуші: Кел балалар, кел бері
Қыздырайық денені.
Орнымызда тұрып - ақ,
Жүгірейік бір уақ.
Ортаға 3 - ші жанұя шақырылып, дөңгелене тұрып көк түсті шар жару ұсынылады. Жарылған шар ішінен ойын түрі шығады. 3 - ші ойын түрі «Еңбектеу»
Ойынға қатысушылар алдарына қойылған 1 м қашықтықта 5 - 5 - тен кегли орналасқан. Кегли арасынан еңбектеп өтіп келіп, еңбектеп өтіп қайтады. Кім тез бұрын келсе, сол топ жеңімпаз атанады.
Жүргізуші: Жаттығу оңай - ақ.
Тік ұста бойыңды
Жоғары соз қолыңды
Соз қолыңды тағы да
Жеткіз жираф мойнына.
Ортаға 4 - ші жанұя шақырылып сары түсті шар жару ұсынылады. Шар ішінен ойын түрі шығады.
4 - ші ойын түрі: «Кенгуру»
Ойынға қатысушылар толтырылған үлкен доптың үстіне отырып жарысады. Қай топ 1 - ші келсе жеңімпаз атанады.
Жүргізуші: Ойынға қатысқан жанұялардың ұпай санын анықтау, марапаттау әділ қазыларға беріледі.
Жүргізуші: Бәрекелді балғындар,
Жаттығуға әзірлеп,
Көңіл - күйді көтеріп,
Дүр сілкініп алдыңдар.
Менің жанұям (спорттық ойын - сауық)
- Гулсима
- 31 мам 2014
- 10725
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Менің жанұям спорттық сайыс, мектепалды дайындық
Ұқсас жаңалықтар:
Толағай отбасылық сайысы әзірлемесі
Армысыздар, ағайын, ата - аналар! Бармысыздар, жанкүйер, әз қауымдар! Бүгінгі күн әуенін бастайық Сайыста көңілменен қол соғайық!...Шынықсаң шымыр боласың
1. Оқушылар мен ұстаздардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау. 2. Спортқа деген...«Еркем - ай» жарысы
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Базаршолан ауылы, "Балдәурен" мектепке дейінгі ұйымының І - санатты тәрбиешісі Кушаева Асел Максутовна...Көңілді старттар
Мақсаты: Балаларды жарыстыра отырып, көңіл – күйлерінің көңілді болуына, дененің шынығуына шапшаңдыққа, төзімділікке, достыққа баулу және...Спорт - өмір көркі
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Әбіш Жансая Нөпірбайқызы....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.